4. Тараптардың жауапкершілігі
16. Шартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайда, Тараптар қолданыстағы заңнамада белгіленген шарттармен және тәртіппен жауапкершілікте болады.
17. Көрсетілген мерзімде жұмыстарды орындамаған жағдайда Орындаушы 12 және 13-тармақтардағы бюджет кірісіне мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін Шарттың жалпы сомасының 0,03% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
18.Орындаушы жұмысын орындамаған жағдайда, Тапсырыс беруші орындаудың кез келген кезеңінде қаржыландыруды тоқтатуға құқылы, бұл ретте Орындаушы Шарттың жалпы сомасының 10% мөлшерінде айыппұл (тұрақсыздық айыбын) төлеуге міндетті.
Тапсырыс беруші Шарттың 17 және 18-тармақтарында көзделген тұрақсыздық айыбын (айыппұлды) өндіріп алуды қамтамасыз етуге міндетті.
19. Үшінші тараптардың барлық талаптары бойынша Орындаушы жауапкершілікте болады.
5. Басқа шарттар
20. Осы Шарт шеңберінде жасалған ғылыми-техникалық өнім мемлекеттік меншік, оның ішінде мүліктік құқықтар болып табылады.
21. Шарттың шеңберінде жасалған ғылыми-техникалық өнімді Орындаушы енгізген және өткізген жағдайда, Тараптар алынатын пайдадан аударымдардың тәртібін, сондай-ақ мөлшерін айқындайды.
22. Ағымдағы қаржы жылына ғылыми зерттеулерді орындауға бөлінетін қаражатты азайту бөлігінде «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілген жағдайда, Тапсырыс беруші осы Шартқа тиісті өзгерістер енгізуге құқылы.
23. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Шарт жасалғандай нысанда жасалады.
24. Шарт 3 (үш) данада (2-Тапсырыс беруші, 1-Орындаушы) орыс тілінде жасалады.
25. Шартта реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
26. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер заңнамада белгіленген тәртіппен Шарт жасалған жерде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласында шешілуі тиіс.
27. Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады.
28. Тараптардың қалауы бойынша басқа да шарттар:
1) ғылыми-зерттеу жұмыстары күнтізбелік жоспарға сәйкес орындалуы тиіс;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстары «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-да міндетті түрде мемлекеттік тіркелуі тиісті.
29. Шарттың қолданылу мерзімі - 2023 жылғы 31 желтоқсан.
Достарыңызбен бөлісу: |