Емі және күтімі:
1. Баланың тырнақтарын қысқа етіп аып тастау керек, іш киімін, төсегін жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп тұру керек.
2. Ауырған баланың жанұясындағы барлық мүшелерін тексеріп, емдеу керек.
3. Гельминттерге қарсы дәрілер беру- пиперазин адипинатын, декарис, вермокс, гельминтокс т.б. жасына байланысты тағайындау.
4. Оттегімен емдеу/оттегіні асқазанға немесе тік ішекке жіберу/.
Алдын алуы:
1.Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.
2.Шыбындармен күресу.
3.Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкіністерді жемеу.
4.Тұрақты мерзімінде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері жұмысшыларын гельминттерге тексеріп тұру.
5.Балаларды коллективке жіберерде және жылына 2 рет гельминттерге тексеру. Ауру балалар табылғанда дереу емдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |