Клиникалық белгісі: Созылмалы колит көбіне 40 жастан асқан шақта пайда болады. Көрінісінің басты шағымдары: іштің ауыруы және дәреттің бұзылысы. Сигмоидит болса сол мықын аймағы ауырады, ауырсыну белге таралады. Илиотифлитте іштің оң жартысы ауырады, ауырсыну белге таралады. Көбіне іштің төмен және бүйірлік бөліктері сыздап ауырады. Ауыру тамақтанғаннан кейін 7-8 сағ өткеннен кейін күшейеді, кейде түнде немесе түн ауа пайда болып ұйқыны бұзады. Кейде колиттің салдарынан іш өрімі қабынады (солярит дамиды). Мұндайда кіндік тұсы күйдіріп, тесіп бұрғылағандай қатты ауырады (солярлық шеге). Дәреттің бұзылысы әртүрлі, көбіне іштің өтуі мен қатуы кездеседі. Науқастардың көбі жүрек айнуына, ауыздың құрғауына, ащы жағымсыз дәм татауына шағымданады.
Тифлит- соқыр ішектің басым зақымдануы. Оң мықын аймағы ауырады, ауыру оң аяққа, шатқа кейде белге таралады, дәреттің тұрақсыздығы.
Трансверзит – көлденең жиекшектің қабынуы. Іштің ортаңғы аймағы ауырады, кебеді және қорылдайды, іштің ауыруы әдетте тамақтанғаннан кейін көп кешікпей беріледі.
Ангулит- көлденең жиекшектің талақтық бұрышының жеке қабынуы (сол қабырғалық синдром).
Сигмоидит-иіншектің қабынуы. Сол мықын аймағында немесе іштің сол жартысының төменгі аймағындағы дискомфорт мазалайды.
Проктосигмоидит- иіншек пен тік ішектің қабынуы. Дефекация кезінде артқы анус ауырады, дәретке жиі отырғысы келеді, артқы өтіс аймағының қышуы және сулануы.