Тіректі конспектісі
Тақырыбы: Колититтер.
Колит- тоқ ішектің шырышты қабатының қабынуы және дистрофиялық, атрофиялық өзгерістері және секреторлық – моторлық функциясының өзгеруімен сипаталатын полиэтиологиялық ауру.
Этиология:
Ықпал ететін факторлар:
ішектің инфекциясы ( дизентерия, клостридия, иерсиния, шигела, іш сүзегі, протей )
ішектегі паразиттік құрттар (амеба, лямблиоз, трихомонадиаз, гельментоз)
ұзаққа созылған дисбактериоз
тамақтану (гиповитаминоз, ауыр қортылатын тағамдар, ішімдікке салыну
ұзақ уақыт қолданған дәрмектер әсері (антибиотиктер, іш жүргізетін, иммунодептесанттар т.б.)
ішектің ишемиясы;
Патогенезі. Патогенезінде орын алатын басты механизмдер: тоқ ішек кілегей қабығының аталған ықпалдармен тікелей зақымдануы, дисбактериоз, жергілікті иммундық бұзылыстар, гастроинтестинальдік гормондардың, биогенді аминдердің секрециясының азаюы, осыдан ішектің моторикалық, секрециялық, инкрециялық бұзылыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |