Конституция – Қазақстан республикасының негізгі заңЫ «Конституция»



Дата26.05.2023
өлшемі16,66 Kb.
#177781
түріБағдарламасы
Байланысты:
Rjycnbnewbz


КОНСТИТУЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ
«Конституция» термині «constitutio» – «орнатамын, тағайындаймын» деген латын сөзінен туындаған. Олбіздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда Ежелгі Рим заңнамасында, әдетте, мемлекет құрылымын бекітетін императордың әралуан актілерін белгілей отырып, кездеседі.
ҚР конституциялық заңнамасының қалыптасу кезеңдері келесі конституциялық актілердің қабылдануымен белгіленген: 1) кеңес кезеңі – Алаш партиясының 21.11.1917 ж. бағдарламасы; Қырғыз АКСР еңбекшілері құқықтарының 6.10.1920ж. Декларациясы; 1926 ж.Конституция жобасы; 1937 ж. және 1978 ж. ҚазақКСР Конституциясы; 2) «ҚазКСРПрезидентінің постын тағайындау туралы»24.04.1990 ж. Заң; «ҚазақКСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» 25.10.1990 ж.Декларация; 3) «ҚазақКСР атауын өзгерту туралы»10.12.1991 ж. ҚР Заңы; «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» 16.12.1991 ж. Заң; 4) 28.01.1993 ж. ҚР Конституциясы; 5) 30.08.1995 ж. ҚР Конституциясы; 6) «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 7.10.1998 ж., 21.05.2007 ж. ҚР Заңы.
1995 ж. ҚР Конституциясы оның құрылтайшы сипатын білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша топтастырылған 98 баптан тұрады:
1-бөлім. «Жалпы ережелер» мемлекеттік құрылыс негіздерін белгілейтін қағидаттарға арналған.
2-бөлім. «Адам және азамат» жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздеріне арналған, бұл бөлімде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институтының негіздері реттемеленеді.
3-бөлім. «Президент» бөлімінде президенттік басқару нысаны бекітіледі, бапқа сәйкес, президент биліктің бірде бір тармағына жатпайды, мемлекет басшысы, халықпен Конституция бірлігінің нышаны және кепілі болып табылады және мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
4-бөлім. «Парламент» заң шығару функцияларын жүзеге асыратын Парламенттің жоғары өкілетті орган ретіндегі құқықтық мәртебесін белгілейді, Парламент қызметінің ұйымдастыру-құқықтық түрлерінжәне оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.
5-бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкіметпен Премьер-министрдің құзыретін бекітеді.
6-бөлім. «КонституциялықКеңес» Конституциялық Кеңестің құқықтық қағидасының негіздеріне арналған, оның негізгі функцияларының бірі Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру болып табылады.
7-бөлім. «Соттар және әділ сот» сот жүйесіне арналған, Конституциялық Кеңеске нормативтік-құқықтық актіні конституциялық емес деп тану үшін жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Бұл бөлімде Конституция анықтауменалдын алатергеуді сотпен прокуратурадан бөледі.
8-бөлім. «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» 85-бапқа сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады. 89-бапқа сәйкес Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару мойындалады, оның міндеті –жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде тұрғын халықтың дербестігін қамтамасыз ету.
9-бөлім. «Қорытынды және ауыспалы қағидалар» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық дәлелдемелерді іске асыру рәсімін жүзеге асырады.
1995 жылғы ҚР Конституциясынданегіз белгілеуші проблемалардың 3 блогы көрініс тапқан: 1) республиканың конституциялық құрылысының негіздері, 2) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негіздері, 3) мемлекеттік билік органдарының жүйесі және жергілікті өзін-өзі басқару негіздері.
1995 жылғы Конституциясымен Қазақстан Республикасы адаммен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын таныды және өзіне халықаралық міндеттемелерді жүктей отырып халықаралық жұртшылық алдында таниды.
Мазмұнына байланысты конституциялық құқықтар мен бостандықтарды топтарға бөлуге болады: 1) жеке құқықтар мен бостандықтар; 2) әлеуметтік, экономикалық және мәдени; 3) саяси.
Азаматтық (жеке)құқықтар әрбір адамға туғанынан тиесілі және азаматтықпен байланысты емес. Оларға өмір сүру құқығы (ҚР Конституциясының 15 б.), жеке бостандық (16 б.), ар-намыстың дербес құқықтылығы(17 б.), жеке өмірдің дербес құқықтылығы(18 б.), ар-ождан бостандығы (22 б.) сияқты және басқа да құқықтар жатады.
Әлеуметтік-экономикалық құқықтарадамға лайықты өмірді, әлеуметтік қорғауды кепілдік етеді. Бұл еңбек бостандығы құқығы (24 б.), жеке меншікқұқығы (26 б.), демалысқұқығы (24 б.), зейнетақымен қамтамасыз етуқұқығы(28 б.) және басқалар. Мәдени құқықтарғатегінорта білім алу құқығы (30 б.), шығармашылық еркіндігі (20 б.) жатады.
Саяси құқықтарғабірлестіктер еркіндігі құқығы (32 б.), мемлекет ісін басқаруға қатысу (33 б.), сайлау және сайлану құқығы (33 б.), сөз бостандығы сияқты (20 б.) құқықтар жатады.
Жеке тұлғаның конституциялық міндеттері республиканың Конституциясы мен және заңнамасымен белгіленген тиісті тәртіптің түрі мен мөлшерін орындауды құқықтықталап ету нысанында бекітілген. Мәселен: Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын, басқа тұлғалардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу (35 б.), заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдардыжәне өзге де міндетті төлемдерді төлеу (35 б.), Қазақстан Республикасын қорғау. Республиканың азаматтары әскери қызметті заңмен белгіленген тәртіппен және нысанмен атқарады (36 б.), тарихи және мәдени мұраны қорғау туралы қамқорлық жасайды, тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтайды (37 б.), табиғатты сақтайды және табиғи байлықтарға ұқыптылықпен қарайды (38 б.).

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет