Конституция Республики Казахстан



бет24/32
Дата13.12.2021
өлшемі58,79 Kb.
#125277
түріЗакон
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
10 тест

На казахском языке:

  1. Қылмыстық заңнаманың міндеттері жүйесіне не кірмейді? жазалау міндеті

  2. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуын айқындау кезінде қандай принцип негізгі болып табылады аумақтылығы

  3. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қолданылуын айқындау кезінде қандай принцип негізгі болып табылады азаматтығы

  4. Қылмыстық құқықтың ресми дереккөзіне не жатады: Қылмыстық заң

  5. Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған уақыт деп не танылады? зардаптардың туындаған уақытына қарамастан, қоғамға қауiптi әрекет (әрекетсiздiк) жүзеге асырылған уақыт

  6. Қылмыстық заңның кері күші – бұл: осындай заң қолданысқа енгізілгенге дейiн жасалған іс-әрекеттің жауаптылығын немесе жазасын жеңiлдететiн жаңадан қабылданған заңның қолданылуы

  7. Қылмыстық заңнаманың міндеттері жүйесіне не жатпайды? жеке ескерту міндеті

  8. Жасалғаны үшiн бес жылдан аспайтын мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған іс-әрекеттер қылмыстардың қандай санатына жатады? онша ауыр емес қылмыстарға

  9. Жасалғаны үшiн Қылмыстық кодексте көзделген, ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер қылмыстардың қандай санатына жатады? ауырлығы орташа қылмыстарға

  10. Жасалғаны үшiн Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру 12 жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер қандай қылмыстардың санатына жатады? ауыр қылмыстарға

  11. Өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер қылмыстардың қандай санатына жатады? аса ауыр қылмыстарға

  12. Қандай іс-әрекеттер ауыр қылмыстар санатына жатады? жасалғаны үшiн көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру он екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер

  13. Қылмыстық құқық бұзушылық объектісі – бұл: қылмыстық заңмен қорғалатын әлеуметтік құндылықтар, оларға қылмыстық іс-әрекеттер қарсы бағытталады

  14. Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективті жағы – бұл: қылмыстық қолсұғушылық процесінің сыртқы жағын сипаттайтын, заңда белгіленген белгілердің жиынтығы

  15. Қылмыстық жауапкершілікке не нәрсе негіз болады? қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық құрамының барлық белгілерін қамтитын іс-әрекет

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет