Оң сандарды, теріс сандарды пайдаланып мысал келтіріңдер?
Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады және қанша метр?
Әлемдегі ең терең шұңғыма қалай аталады және қанша метр?
А
О
0
1
1 – сурет
Түзу сызып 1 –сурет, оның бойынан О нүктесін белгілеп, осы нүктені санақ басы ретінде қабылдау керек;
Бірлік кесіндіні (ОА) таңдап алу керек;
Түзудің оң жағын бағыттаушы арқылы оң бағытты көрсету керек.
Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.
О нүктесі координаталық түзуді қарама – қарсы бағытталған екі сәулеге бөледі.
О
3
2
1
0
-1
-2
-3
F
E
D
А
B
C
Координаталық түзу бойында оң сандарды кескіндеу
Координаталық түзу бойында теріс сандарды кескіндеу
Егер координаталық түзу вертикаль орналасса, онда О нүтесінен (санақ басынан) жоғары қарай оң сандар, ал төмен қарай теріс сандар кескінделеді.
Ауа температурасын, адам денесінің температурасын өлшейтін термометрдің шкалалары вертикаль координаталық түзу тәріздес орналасқан.
1. Домбраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойнына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді? А, В, С нүктелерін координаталарымен жазыңыз.
1 – ші топ: №41, №48.
2 – ші топ: №42, №47(1).
3 – ші топ: №47(2), №52.
Математика: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» 2002
Математика: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» 2002
42. 13-суреттегі O, H, K, L, M және N нүктелері қандай сандарды
кескіндейді?
Жауабы: О (0); Н(-5); К( -3,7); L(1); М(2,2); N(4).
Математика: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» 2002
48. 16-суретте мысықтың тұрған орны координаталық түзудің санақ басы болатын О нүктесіне сәйкес келеді. Торғайдың, тышқанның тұрған нүктелерінің координаталарын табыңдар.
Мысық қай бағытта неше бірлік кесіндіге секірсе, тышқанға жетеді? Мысық қай бағытта неше бірлік кесіндіге секірсе, торғайға жетеді?
Математика: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: «Атамұра» 2002
Шешуі:
Торғайдың тұрған нүктесінің координатасы – (-4);
Тышқанның тұрған нүктесінің координатасы – (5);
Мысық оң бағытта 5 бірлік кесіндіге секірсе, тышқанға жетеді;
Мысық сол бағытта 4 бірлік кесіндіге секірсе, торғайға жетеді.