Кездейсок тапсырмаларды енгізе отырып сол қарапайым педагогикалық жаттығуларды орындау. Столға отырып, кітапты ашыңыз (кенеттен есік тықыл-дады)—көңіл аударыңыз және әрекет етіңіз; сіз тақтаға жазып тұрсыз (кенеттен терезе ашылды)—әрекететіңіз т. б.Аудиторияда жүрген кезде ішкі ырғакты іздестіру: бірі қозғалыс ырғағы, екіншісі, ырғақты тез ауыстыру т. б.; педагогикалық әрекет мазмұнына сәйкес алдыңғы немесе кейінгі ырғақтың себебін түсіндіру қажет.
ӨзгермелІ жағдайлардағы әрекеттің бірізділігі мен мақсатқа сәйкестігіне арналган жаттығулар. Аудиторияға кіріңіз (әрі қарай барлық тапсырманы жетекші береді): іске кірісе бастаңыз, кіріспе тапсырма (аудиторияның шетінде шуыл естіледі)—көңіл аударыңыз; сіз тақтаға жазьш тұрсыз — есік тықылдады, сіз есікке беттедіңіз — осы кезде аудиторияда шуыл естілді — көңіл аударыңыз т. б.; тапсырманы орындағаннан кейін студенттің бөгеуілді қалай бағалағанын, олар ойластырған бөгеуілде өз әрекетіңнін, қаншалықты дәлдігін және бара-барлығын түсіндіру қажет.
Бүкіл бұлшық етіңді босату және бірте-бірте қатайту жаттығуы. Онға дейін санай отырып бүкіл бұлшық етіңді босат, содан кейін беске дейін санай отырып қатайт, бү-кіл бұлшық етіңді босат (басыңнан бастап аяқ саусақтарыңа дейін), содан кейін оларды кер (есептеу шартты түрде болуы, әрі өзгеріп тұруы мүмкін). Аяқ бұлшық етіңді әрі қарай басыңа дейін босат, содан кейін бүкіл денеңді кер және қайтадан босаңсы (әуелі еркіқше, содан соң есептеу арқылы); сол аяғыңды кер — бұлшық ет энергиясы қалай таралғанын, оң аяғыңның керілген — керілмегенін тексер, барлық денеңдегі керілуді босат, сіздің бұлшық ет «бақылаушыңыз»— арқаңызда және баска да дене мүшелеріңізде керілудің баржоғын тексерсін. Әр түрлі есептеулерде (25, 15, 10, 5) жаттығулар жаса.
Қатайту объектісін тез ауыстыру жаттығуы — дененің бір бөлігін тез арада қатайтуға негізделген; осы секілді жаттығуларды жайлап жүріп, тез жүріп жаса.
Ықтиярлы зейінділік, байқағыштық және жинақылык; дағдыларды дамыту жөніндегі жаттығулар. Естілген дыбыстарға кезегімен құлақ тік: аудиториядағы, аудитория есігінің ар жағындағы, терезе сыртындағы — оларды ата; бөлмедегі және терезе сыртындағы дыбыска құлақ тік — оларды ата; коридордағы, аудиториядағы және терезе сыртындағы дыбыстарға бір мезетте құлақ тік — оларды түсіндір т. б.
Қарым-қатынастың қарапайым дағдыларын дамыту. Аудиторияға кіріп, ондағылармен амандас; класқа кіріп, ешбір сөзсіз-ақ — мимика, пантомимика, көзқарас арқылы өзіңе зейін аударт. «Оқушыларға» өтініш, талап, ескерту, мадақтау, күлдіргі, әзіл, ишара бұйрық, тілек т. б. түрде сауал қой; қажетті дауыс ырғағын табумен қоса, мимикалық-пантомимикалық мәнерді де дұрыс келтіре білу қажет; еркіндігіне назар аудар жәнеде бұлшық еттегі артык ширығуды кетір.