Балалармен педагогикалык, өзара әрекетте ұсақ — түйек жоқ — барлығы да: көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы т. б. жұмыс істейді. Өйткені біз жай қарым-қатынас емес, кәсіптік іскерлІкпен қарым-қатынас жасаймыз.
Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:
Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.
Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген қобалжу.
Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтінөзгерістер.
Бұрын пайдаланылған қарым-қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік.
Қарым-қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені — онша айқын еместік.
Қарым-қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.
Өзіңді дұрыс түсінуі үшін жоспарланған информацияны неғүрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.
Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.
Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
В. А. Сухомлинскийдің айтқанындай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді.« Балаларға іскерлікпен, табанды түрде айтылған жақсы сөздің — деп жазды А. С. Макаренко,—орасан зор маңызы болатынына мен кәміл сенемін, біздің ұйымдық формалармызда әліде көптеген- қателіктердің болуы, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап сөйлесе білмейтіндігімізден. Сіздің сөзіңізден, сіздің ерік жігеріңіздің, сіздің мәдениетіңіздің, сіздің жеке басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу қажет. Осыған үйрену қажет» .Балалармен қарым-қатынас жасау — бұл толассыз творчество. Бір сабақтың өзінде балалармен дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыруда шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла-әрекеттер, қарама-қайшылықтар, қақтығыстар, проблемалар туындайды. Осының барлығы қасқағым сәтте ойластырылуы тиіс. Міне сондықтанда педагогикалык, қарым-қатынас — әрине, творчество. Балалармен әңгімелескенде әрекет ету жүйесін стандартсыз құруды үйрен — оның жеке басының жай-күйін, жалпы психологиялық жағдайын, ең ақырында, өзіңнің жеке педагогикалық дербестілік ерекшелігінді ескер.Мұғалімнің қарым-қатынас жасау творчествосындағы тағы бір жағдай — бұл творчествоның өздігінен реттелетін процесі өзіңнің психологиялық күйіңді меңгере білу, әр алуан психологиялық кедергілерді жеңу, өзіңнің творчестволық сезіміңді шабыттандыру, әр қашан шат көңілді, әрі оптимист бола білу. Алғаш рет педагогикалық практикаға келгенде педагогтар, балалармен творчестволық қарым-қатынасты қалай ұйымдастыратынына назар аудару керек. Оны мынадай программа бойынша қолға алуға болады:
Бірнеше мұғалімнің сабағына қатысып, қарым-қатынас үндестігіне,балалардық көңіл-күйіне, сабақтың жалпы ахуалына және мұғалімнің мінез-құлқына қарап, онық балалармен өзара әрекетін анықта. Алған әсерің жайлы практикант жолдастарыңмен пікірлес және осыңдай өзара әрекеттің, тұтас көрінісін жасауға тырыс.
Сабақты талдай отырып, мұғалімнің балалармен қалай қарым-қатынас жасайтьшдығын, қандай амалдарды пайдаланатындығын, олардың оқу-тәрбие міндеттерін шешуге қаншалықты көмектесетіндігін білуге тырыс.
Әр түрлі мұғалімнің оқушылармен қарын-қатынас мәнерін өзіңе «лайықтап» кер, соның ішінде өзіңнің жеке басыңа сәйкес келетін осындай қарым-қатынас «технологиясын» анықта жәнеде қайсысы келмейтіндігін біл.
Тәжірибелі педагогтардың тәлім-тәрбие шараларына қатысып, олар балалардың көңіл-күйін, дербес ерекшеліктерін т. б. қалай ескеретіндігіне, осының барлығы қарым-қатынасқа қалай ықпал ететініне назар аудар.
Бірнеше мұғалімнің сабағына қатысып, олардағы жалпы ахуалды салыстырып, бұлардық бір-бірінен өзгешелігін, бұл өзгешеліктің себептерін білуге тырыс.
Педагогикалық практикада сіздерге педагогикалық сыр-сипатын, толып жатқан сүрлеусіз жолдары үнемі кездесіп отырады. Осындайда балалармен қарым-қатынас жасаудың творчестволық «қадамдарын» талмастан іздестір.