«көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол»



бет15/17
Дата07.02.2022
өлшемі20,33 Kb.
#93965
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Экономика

1. Артықшылық – нарықтық баға тепе-теңдік бағадан жоғары болғанда ұсыныс көлемінің сұраныс көлемінен артып кетуі.
2. Тапшылық – нарықтық баға тепе-теңдік бағадан төмен болғанда сұраныс көлемінің ұсыныс көлемінен артып кетуі. Осыларды төмендегі сурет арқылы сипаттауға болады. 5.5-сурет. Нарықтық тепе-теңдік Егер P1 нарықтық бағасы тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда тауарлардың артықшылығы орын алады. Ал егер P2 нарықтық бағасы тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда тауарлардың тапшылығы орын алады. Баға механизмі арқылы бұл екі құбылысты жоюға болады. Біріншіден, тауар артықшылығынан құтылу үшін сатушылар бағаны төмендетіп сату көлемін қысқартады, бағаның төмендеуі сатушылар үшін тиімсіз, ал сатып алушылар үшін тиімді. Олай болса, артық қалған тауарларды төмен бағамен тезірек сатып жіберу үшін сатушылар арасында бәсекелестік туындайды. Екіншіден, тауар тапшылығынан құтылу үшін сатушылар бағаны көтеріп сату көлемін ұлғайтады, бағаның көтерілуі сатушылар үшін тиімді, ал сатып алушылар үшін тиімсіз. Олай болса, тапшы тауарларды жоғары бағамен тезірек сатып алу мақсатында сатып алушылар арасында бәсекелестік туындайды. 93
5.5. Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі Экономикалық субъектілердің бағаның және табыстың өзгеруіне деген мүмкін реакцияларын зерттеуде икемділік теориясы маңызды рөл атқарады.
Икемділік – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет