«көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол»



бет14/17
Дата07.02.2022
өлшемі20,33 Kb.
#93965
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Экономика

Нарықтық тепе-теңдік – берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы үшін тепе-теңдік баға және тепе-теңдік көлем қажет.
Тепе-теңдік баға – сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға.
Тепе-теңдік көлем – сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әсерлесуін сипаттайтын нарықтық тепе-теңдікті төмендегі сурет сипаттайды. 5.5-сурет. Нарықтық тепе-теңдік 92 Суреттен көріп отырғанымыздай, Е нүктесінде нарықтық тепетеңдік орнайды. Мұндағы, PE – тепе-теңдік баға, ал QE – тепе-теңдік көлем болып табылады. Нарықтық тепе-теңдік кезінде экономикалық субъектілер өз мақсаттарына жетеді, сатып алушылар да, сатушылар да ұтады, яғни тұтынушы өз қажеттіліктерін толық қанағаттандырады, ал фирмалар пайдасын мейлінше арттырады. Алайда, нарық әрдайым өзінің тепе-теңдік жағдайынан ауытқып отырады, бұл қазіргі тәжірибеде нарықтық тепе-теңдіктің әрқашанда орындала бермейтіндігін білдіреді. Нарықтық тепе-теңдіктің ауытқуының екі түрі орын алады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет