«Көркем аударма шеберлігі» пәні Көркем аударма шығармасы


Аудармадағы диалог (кейіпкер сөздері)



бет15/32
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#83515
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
Аударма алеми
Аударма алеми
Аудармадағы диалог (кейіпкер сөздері)

Аудармашының көркем аудармамен жұмыс кезінде шеберлігі мен талантының сыналар сәті – сөйлеу элементтерін шебер жеткізе білуі. Мұның қиын болатыны түпнұсқа тілінің әдеби нормасынан тыс, әртүрлі сөздердің қолданыста кездесетіндігі. Бұл аталған элементтердің бәрі тілдің стилистикалық перифериясына енетін: архаизм мен неологизм, диалектизм мен арготизм, қарапайым сөйлеу тілі, варваризмдер. Ол аталған аударма тілінің жалпы халықтық нормасынан жалпыға бірдей қолданылатын сөздер аясына бөлінеді.


Көркем шығармадағы кейіпкер сөздері ең алуан түрде оның әлеуметтік және кәсіптік сипатына қарай беріледі: әрбір кейіпкер сөзінің өзіндік стильдік мәнері бар, ол оның жас ерекшелігімен, кәсібімен, мәдени деңгейімен, білімімен, қоғамдық жағдайымен, өмір тәжірибесімен, көзқарасымен сәйкеседі. Кейіпкерлердің жасына әрі мамандығына, ұлттық ерекшелігіне қарай сөйлеу нормалары, дағдылары бар.
Е.В. Розен кейіпкер өзінің сөзі арқылы сипатталады десе, Э.П. Канделаки «кейіпкердің тілі мен мінез-қылығы бірыңғай көркемдік тұтастықты құрайды» деген түсінікке тоқталады. Кейіпкерлердің сөз сөйлеу мәнері көркем аудармада баламалы бейне жасаудың маңызды қырларының бірі. Сондықтан да Н. Владимирова аудармашы «тек қана кейіпкерлер сөзінің мазмұнын жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге оның сөйлеу мәнерін де жеткізуі тиіс» дейді.
Шығармада кейіпкерлердің төл сөзін аударудың өзіндік қиындығы бар. Ол шығарма аударылатын тіл заңдылығына лайық берілуі қажет. Ең бастысы сөйленген сөздегі ұлттық сипат жоғалып кетпеуі тиіс. Әр тілдің өзінің ішкі заңдылығы, синтаксисі, грамматикасы, сөздік қоры аудармада қалайда сақталуы маңызды.
Аударма шығармаларына жауапты редактор кейіпкер сөздері тәржімасының түпнұсқамен тең дәрежеде болуына, стилдің бұрмаланбауына, қысқартылмауына, басы артық сөздердің қосылып кетпеуіне мән береді. Әрбір шығарма кейіпкері аудармада өзінің мәдени деңгейіне, дүниетанымына сәйкес сөйлеуі тиіс. Әйтсе де «жазушы өз шығармасындағы әрбір іс-әрекеттен тұлғаны тек ерекше характерде, ақыл қазынасында, психологиясы, мінез-құлығында ғана емес, сонымен бірге ерекше сөйлеу мәнерімен де жасай алады». Әрбір кейіпкердің өзіндік мінезі әрі өзінің тілімен сөйлеуі тиістігін А.П. Чехов та жазған.
Көркем шығарма авторы кейіпкерлер сөздерін даралап көрсетуді көздейді. Зерттеушілер халықтың тіл байлығын шығармаларында мол қолданған Шекспирге де мін артады. Ол өзінің кейіпкерлерінің сөздерін даралап көрсетпеген. Әр кейіпкерге тән дербес ерекшелік сөйлеген сөзінен де көрінуі қажет. Л.Н. Толстой: «Шекспирдегі ең басты жетіспейтіні – егер де «тіл» – мінездерді бейнелеудің бір ғана құралы болып саналмаса, олай болған жағдайда, әрбір тұлға өзінің мінезіне сәйкес келетін тілмен сөйлеген болар еді. Шекспирде бұл жоқ. Шекспирдің барлық кейіпкерлері өзінің тілімен емес, тіпті әр уақытта да бір ғана шекспирлік екіұшты табиғатына жат тілмен, яғни ешқандай тірі адам баласы сөйлемейтін тілмен сөйлейді» деп сынаған.
Бұл классик ақын кейіпкерлерінің тіліне айтылған сын болғанымен, аудармаға да қатысты. Кейбір аудармашылар кейіпкерлер ойына, кәсібі мен мінез-қылығына, болмыс-бітіміне зер салмайды, соған сәйкес тілдік құралдарды қолданбайды. Сөйтіп кейіпкерлер сөздері бір-біріне ұқсап кетеді. Осыдан барып түпнұсқалық мәтінінің көркемдік мәні кемиді. Кейде баланың сөзі дананың сөзіндей болса, ал егде жастағы адамның сөзі жас ерекшелігіне сай шықпаса, мұның өзі шығармаға деген эстетикалық қызығушылықтан айырады.
«Суреткердің рухани әлемі неғұрлым бай болған сайын, оның таланты алдында әртүрлі адамгершілік мінездер мен тағдырлар соғұрлым түсінікті» деген Л. Леонов сөзінде терең сыр бар. Әрбір кейіпкер сөзі өзінің дәуіріне, қоғамдық ортасына, кәсібіне, мінезіне, ұлттық ерекшелігіне, жасына, ой-өрісіне негізделуі тиіс. Аудармада сол қалпында көрінуі қажет.
Кейіпкер сөздерінде диалектілер кездесуі мүмкін. Оның өзі де көркем шығармада шамадан тыс қолданылса, оқырманның түпнұсқадан алатын әсерін солғындатады. «Диалектизмдер – «көркем шындықты ашатын түрлердің бірі»» – дейді Н.Б. Цебьева. Олар көркем шығармада стилистикалық көркемдік бейнелеу мақсатында қолданылады, негізінен шығармада ұлттық колоритті жасауға пайдалынылады. Олар халықтың тұрмыстық сөйлеу ерекшелігін танытады. Диалектілерді белгілі бір әлеуметтік топ немесе орта қолданады. Осыған сай кейіпкерлердің әлеуметтік және мәдени мінездеулерін жеткізу құралына айналады. Аударма тілінде олар өзінің сәйкесетін баламаларын таба алмайды, қос тілдегі сөздіктер де кездесе бермейді немесе мағынасы, шығу мәні жеткілікті түсіндірілмейді. Мұндай элементтерді аудару қиын. Сондықтан диалектімен жұмыс істеу аудармашының тікелей тәжірибесіне, білімділігіне байланысты. Оның мазмұнына сай келетін сөзді тауып, үйлестіре жеткізу, оның мәтіндегі әралуан стилистикалық ерекшелігін біліп, атқаратын қызметін аңғару оңай емес. Осыған байланысты тіл мамандары өздерінің пікірлерін білдіреді. «Кейбір жазушылардың қарапайым тілді қолдануы оның стиліне айрықша реңк береді, баяндаудың авторлық мәнеріне дербес өзгешелік жасайды» – дейді Р.С. Шутникова. Аударма зерттеушісі А.Ф. Федоровтың тұжырымынша, «ана тілдегі диалектизмді қолдану аудармаға кедергі жасайды».
Осының бәрін түйіндей келгенде, диалектіні жиі қолдану көркем шығарманың мазмұнында, мәтін мағынасында белгілі дәрежеде рөл атқарғанымен, көбінесе шығарманың шырайын кетіретіні айқын.
Әдеби норманы бұзудың себептері де әр алуан. Кейбір жазушылардың тіл байлығының аздығы, жалпы мәдениеттің жетіспеушілігі, жазушылық тәжірибенің жоқтығы, айқын, анық стилдің қалыптаспауы т.б.
«...Аудармада қарапайым тілді қолданусыз қиын, қарапайым тілді алып тастау талдап айтқанда кейіпкердің тілі мен авторынан айыру, төлтуманың көркемдік арқауына өзгерту деген сөз» В.О. Хинкис осылай тұжырым жасайды. Кейде шет тілдік түбірде дұрыс қолданылмаған сөз кездеседі. Олардың көмегі арқылы көркем шығармадағы жекелеген кейіпкерлердің ой-түсінігі дербес сипат алады. Сөйтіп көңіл қалауындағы стильдік қуатқа жетуге мүмкіндік туады. Аудармашы түпнұсқадағы кейіпкер сөздерін жасауда өз тілінің мүмкіндігімен санаспауына болмайды. Түпнұсқада жасалған кейіпкерге тән ерекшелік жоғалады. «Белгілі бір нормаларды бұрмаланып, бұзылып айтылған сөздерден де табуға болады» дейді С. Влахов, С. Флорин.



  1. Кейіпкерлер диалогының қызметі неде?

  2. Кейіпкерлер сөздеріндегі диалектілердің қолданылу сипаты қадай?

  3. Диалог аудармасында ескерілуге тисті мәселелер. Көркем аудармадағы берілу тәсілдері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет