«Көркем әдебиеттің» алдына қойылған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін Әліппедәптердің мазмұны 8 тарауға бөлініп, осы тарауларға сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) тақырыптары таңдалды:
Мен кіммін және қандаймын?
Мектепке не үшін барамыз?
Менің айналамда кімдер бар? (Отбасым және достарым) 4. Менің айналамды не қоршап тұр? (Өсімдіктер, жануарлар)
Жолдар бізді қайда бастайды?
Салтдәстүрді білу не үшін керек?
Мен үшін не дәмді және пайдалы?
Денсаулықты қалай күту керек?
Әрбір ортақ тақырып бірнеше тақырыпшалардан тұрады. Сонымен қатар әдістемелік нұсқауда берілген ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) үлгілері осы тақырыптардың берілген оқу мақсатына сәйкес мазмұнын ашу негізінде құрылған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы 22 маусымда бекіткен №391 бұйрығына сәйкес мектепалды даярлық сыныптарында бағдарламада берілген «Көркем әдебиет» ҰОҚ ұзақ және қысқамерзімді 16 сағатқа үлгілік сабақ жоспары ұсынылды.
Үлгілік сабақ жоспарында педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыратын интербелсенді әдістер мен ақпараттықкоммуникациялық технологиялар қолданылады.
Әліппедәптердегі суреттер бойынша тәрбиеленушілердің тақырып бойынша толық әңгіме құрастыруына мүмкіндік туғызылады.
Ол үшін педагог мына мәселелерді жүзеге асыруы тиіс:
Көркем әдебиет сабағын ұйымдастыруда интербелсенді әдістер мен ойын, ақпараттықкоммуникациялық технологияларын қолдану арқылы тілге, көркем сөзге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті калыптастыру.
Оқу құралының ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктерін сабақты ұйымдастыру негізінде қалыптастыру.
Қоршаған ортада көргендерін өздігінен әңгімелеп, өмірмен байланыстыра білу үшін әдебиетті тыңдау және айтып беру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Оқылған әңгіме, ертегі, тақпақтарды түсінігі бойынша өз сөзімен және әдеби тілде айта білуге, шағын фольклор жанрларын, өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтуға баули отырып, түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды тыңдай білу қабілетін дамыту.
Сурет топтамалары бойынша өзінің эмоциялық күйін ауызша жеткізе білу (әдеби кейіпкерге жанашырлық білдіру, тілектес болу), өз шығармашылығымен әңгіме құрастыруда әдеби шығармаға эмоциялық жанашырлығын қалыптастыру.
Оқылған шығарма, ертегі, өлең, әңгіме, көрген мультфильмдегі басты кейіпкерлерді, жанрларды ажырату (жұмбақ, ертегі, өлең және т.б.), олар туралы өздігінен қорытынды жасату.
Тыңдаған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізуді практикалық жолмен меңгерту.