Көркем мәтінге әдеби талдау жасау кезінде қолданылатын Блум таксономиясы бойынша мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу



Дата19.02.2017
өлшемі8,17 Kb.
#10669

Өзіндік жұмыс “Көркем мәтінге әдеби талдау жасау кезінде қолданылатын Блум таксономиясы бойынша мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу” Долайты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Мурдинов Пархат

Қолданатын әдіс-тәсіл: Блум таксономиясы

  • Жаңа сабақ: Абай Құнанбайұлы «Қыс» өлеңін меңгеру мақсатында Блум таксономиясын қолдану.

Білу Жыл мезгілдерінің суреттерін көрсете отырып, ой шақыру Қыс

  • -Жылдың ең суық мезгілі?
  • -Абайдың табиғат лирикасына байланысты жазған өлеңінің бірі?
  • -Қыста не жауады?
  • -Қыста қандай ойындар ойналады?
  • -Жаңа жыл мезгілі қашан тойланады?
  • Қ ы с

Жаңа сөздермен танысу

  • Бұлт -
  • булут - облако
  • Қасы –
  • қеши – брови
  • Түсі суық –
  • түри сөрүн - суровый вид

Т ү с і н у

  • Өлеңде балалар жайында не айтылған?
  • ( Мәтіннен тауып оқы)
  • Қыстың күшін қалай бейнелеген?
  • Малшы жөнінде не айтылған?
  • Ақын қысты кімге теңеген?
  • «Даналық ағашы» ойынын жүргізу. Оқушы өлеңді мәнерлеп оқып шығады. Топтар өлеңге сұрақтар дайындап, сұрақтарды сандықшаға салады. Одан кейін өлеңді бір рет іштей оқиды. Әр оқушы сандықшаға салған сұрақтарын қайтадан алып жауап береді.
  • «Қыс» өлеңінің мазмұнымен таныстыру
  • 1. Авторы-А.Құнанбаев
  • 2. Тақырыбы: Қыс
  • 3. Жанр түрі: Өлең.
  • 4 Идеясы: Қыс сипатын күшейтіп сүреттеп, адамдарды табиғаттың долы
  • күшіне қарсы тұра білуге шақырады.
  • 5. Өлең үш шумақтан турады.
  • 6. Он екі тармақты
  • 7. 2-3 бунақты.
  • 8. 11 буынды.
  • 9. Бұл өлең қара өлең ұйқасы.
  • 10. Әдеби теориялық ұғымдар: Троп немесе құбылту түрлері.
  • Эпиттеттер ақ киімді, денелі ақ сақалды, ақ қырау, ақ орда жас балалар, кәрі шал.
  • Кейіптеу: Ақ киімді денелі ақ сақалды,
  • Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
  • Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
  • Басқан жері сықырлап келіп қалды.
  • Теңеу: Ұшпадай бұлттай
  • 11. Өлеңдің тәрбиелік мәні: Шидем мен тондарын қабаттап кисе де, долы боранға тура қарай алмаса да, мал
  • соңында қар жамылып, мұз жастанған жылқышылардың ерлігіне риза боласың.
  • Қ о л д а н у
  • Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу

Талдау

  • Қыс
  • Көктем

Жинақтау

  • Бестармақ: қыс, суық, қарлы, суытады, тоңады. Қыста қатты боран соқты.
  • Бір зат есім
  • Екі сын есім
  • Үш етістік
  • Бір сөйлем
  • синоним

Бағалау

  • Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды
  • Үй жұмысы: Өлеңді жаттау. Қыс мезгілі туралы сурет салып келу.

Рефлексия

  • 1. Не жоспарланды?
  • 2. Неге қол жеткіздік? (тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыздар, қандай сезімде болдыңыз.)
  • 3. Нені өзгертер едіңіз? (тағы не білгіңіз келеді, топтық нәтиже мен өз үлесіңізді жақсарту үшін ұсыныстар.)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет