Ғ. Ахмедов:—Ал, енді Кененің қырғызға тиісуінің ешбір жөні жоқ еді. Бәлкім ол кезде Қоқанға қараған қырғыз елін шауып Қоқанды муңатпақ ойында болды ма, кім білсін. Негізгісі, қырғыздардың өзіне қосылмағаны себеп болған ғой. Қалай болғанда да Кенесарының түбіне осы қырғыз жорығы жетіп тынды.
Кененің маңында оңай олжа тапқысы келген бузықтар да аз болмағанға уқсайды. Оның Баубек қулы да нағыз бас кесер бұзық болған көрінеді. Шоқан сол Баубекті кейін ақсақалдар соты соттаған деп жазады.
Кенесарының өлімі жайында бір инабатты адамнан естігенімді айта кетейін, муны журт естімеген болар. «Ескі достар» деген кітабымда бір әңгіменің ішінде Бұл жай туралы айтып едім, ол кітап аз тиражбен шыққандықтан көпшілікке беймәлім.
Кенесарыны ңырғыздар тірілей цолға түсіріп, біраз устағаннан кейін, ақылдаса келе: «Бұл — жай кісі емес, қатар отырған туыс елдің ханы ғой. Әскерін жеңдік, енді өзін босатып еліне қайтарайық» деген тоқтамға келеді. Сонсоң Кенені шақырып алып, осы шешімдерін естіртеді. Сол әңгіменің үстіне Наурызбайды өлтірген қырғыздың батыры басына Науанның ңанды телпегін шекесіне сала киіп, Кененің жанына мысңылдай күле ңарап, отыра кетеді. Ызасына шыдамаған Кене сол жерде жатқан бір кездікті ала сала, әлгі батырды жарып тастайды,
Кейін Кенесарының бас сүйегін біреулер Горчаковқа әкеліп беріпті деген хабарды бірнеше жерден кездестіргенім бар, бірақ анық-қанығы белгісіз. Ондай қауесет хабар шейх Шәмілдің найыбы атақты Қажымурат жайында да бар, оны Л. Н. Толстой өзінің повесінде жазған ғой.
Кенесарының қырғызға шабуыл жасауын қай турғыдан қарағанда да ақтауға болмайтынын жоғарыда айттым.