Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет29/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Ғ. Ахмедов: — Ілгеріде тарихшыларымыз Бұл жөнінде: сол заманда қазақ елі екі оттың ортасында қалған еді, бір жағынан жоңғарлар, екінші жағынан Русия төнді, жоңғарлар басып алғанда қазақтар өзінен төмен надан елдің қол астында тозып кететін еді, сондыңтан мәдениеті жоғары Русияға ңосылғаны жақсы болды деп бағалап, муньі «из двух зол — наименьшее зло» деп келген еді. М. Вяткиннің сезімен айтқанда, «не как абсолютное, а как наименьшее зло». Бұл күнде қазақ елі Русияға өз еркімен ңосылды деп жүрміз ғой, сондағы бір мықты дәлеліміз Әбілхайыр ханның Анна патшаға жазған хаты. Қазақтың ақсақал, билері Әбілхайырға орыс патшасымен тек одақ болу жөнінде ғана мәслихат берген ғой. Ру басшылары ханды тыңдамай, уысынан шығып бара жатқан соң Әбілхайыр патшаның күшіне сүйеніп, жоңғарды емес, алдымен өз елін бағындырып устауды көздегені аньіқ. Әбілхайыр бір хатында: «Не советовая о том никому, не объявляя своим султанам и подлым знатным биям передал себя под высочайшую протекцию ее императорского величества» дейді. Осыдан да оның ешкіммен ақылдаспағаны көрінеді. Патшаның елшісі Тевкелев келгенде журттың оны қалай қарсы алғаны, тіпті өлтірмекші болғаны да белгілі. Орыс тарихында да, орыс жеріндегі славяндар өз ара қырқыса берген соң солтүстіктегі варягтарға: «Земля велика и обильна, а порядка в ней нет; идите княжить и владеть нами» деп хат жазған, содан олардың рус деген руынан Рюрик, Синеус, Трувер деген ағайынды үш жігіт келіп басқарған деуші еді, қазірде тарихшылар оны бекерге шығарды (Чивилихин «Память» деген романында ол келген адамдарды «солтүстік славяндар еді» дейді),
Ал енді, екінші жағынан қарағанда, Европаның сол кездердегі ірі мемлекеттері: Англия, Испания, Голландия және басқалары ту сонау қиыр шеттегі Америка, Австралия, Индия, Индонезия жерлерін жаулап алып отарлап мәз-мейрам болып жатқанда, Россия патшалығы Әбілхайыр хат жазбаған күнде де іргесінде турған қазақ елін жайына қояр ма еді? Бірінші Петр патша Иран жорығында Астрахан қаласына келгенде: осы жеңілтек (орысшасында «легкомысленный») халыңтың жері Азия халықтарының жеріне баратын кілт пен есік екен депті ғой. Патша өкіметі Әбілхайыр сияқты хат жазбаған басқа елдерді де жаулап алған жоқ па? Сондықтан Русия империализмнің экспансиясына адвокат болып, оны ақтаудың ешбір жөні жоқ, империализмнің қай жерде, қай мемлекетте болса да табиғаты бір, ағылшын империализмі жаман, Русиянікі жақсы деп алалап қараудың ешбір жөні жоқ, ол ғылымға, тарихңа ңиянат.
С. Асфандияров өзінің «Қазақ тарихы» кітабында былай деп жазады: «Қазақтың «өз еркімен бағынғандығы» жайындағы улы державалық шовинистер мен ултшылдар айтып жүрген аңызды сол замандағы патша улығы Рычков келтірген фактілер жоқца шығарады, Бұл жөнінде Рычков бурмалап отыр деуге ешкімнің ауызы бара қоймаса керек... Патшаның жаулап алуы халқымызға игілікті, тыныш, үлгілі өмір әкелген жоқ, елді сорлатып талан-таражға салды, адамдарын өлтірді. Ел жаулап алушыларға және патшамен одаңтасқан хандарына қарсы көтерілді. 1735 жылдан 1869 жылға дейін (Даланы басқару ережесі дегенді енгізген жылдар) көтерілістер болып жатты. Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары Қасымов, Садық және басқаларының ңозғалыстары осы жүз жылдан аса уаңыттың ішіндегі елдің жаулап алынуына қарсы улт-азаттығы қозғалысының бастапқы формалары еді».
Тағы бір айта кететін мәселе — біз осы күнге дейін кейбір ақындарымыздың жырларын «Ойбай, ол орысқа қарсы жырлаған» деп қорқып жарықңа шығармай келдік. Сондағы «орыс» деген кім еді? Біздің халқымыздың алғашқы «орыстары» жоғарыда айтылған «Тентек майорлар» болды, ақындарымыз елдің солардан көрген зәбірін жырлады. Олардың «орыс» дегені орыс халңының жумысшысы мен шаруасы емес, колонизатор улықтар мен «тентек майорлар» еді, ал орыс пен қазақтың жумыстарынан бас ала алмай жүрген еңбекші топтарының арасында алакөздік боларлың себеп жоқ еді.

Каталог: repository -> history -> артурли
артурли -> Оларды да ұмытпайық…
артурли -> Бұл басылым «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының құрлғанына 10 жыл толуына арналады
артурли -> Даналық МӘйегі жібек жолының рухани бесігі
артурли -> Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
артурли -> Өкінішке орай, тіршілік кеңістігінің өзі сананы
артурли -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға
артурли -> Алланың арқадағЫ Үйі немесе Керекудегі керемет
артурли -> Тұрсын ЖҰртбай, филология ғылымдарының
артурли -> Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет