Ж. Қасымбаев:— Тұрсын, жаңа жоғарыдағы «Егер қазақ халқы Россияға өз еркімен қосылса, онда осыншама наразылық қайдан туды? Ол тарихи қажеттілік пе еді?» — деп сұрадыңыз.
Жаңаша ойлаудың қажеттілігі деген желеумен кейбірде көне замандағы тарихымызды, наңты айтқанда, қазақ жерлерінің Россияның құрамына қосылуы жөнінде пікір жалғастыруда орашалақ, дәлелденбеген ойлар да айтылып жүр.
Қазақстанның, әсіресе, Кіші және Орта жүздің ден бөлігінің Россия империясына қосылуының тарихи ңажеттілік екендігіне шұбалануға болмайды. Тарихымыздың ке-лелі кезеңдерін дарастырғанда, сол кездегі ахуалға мән бермей, ойымызды «ұмыт-шақтық» басатын сияқты. 1684, 1711, 1712, 1717—1718, 1723—1727, 1738, 1741—1743 жылдардағы жоңғар шапқыншылығынан казақ халқының басына түскен ауыр халді бір сәт есімізге түсірейік. Басатын жер, ішетін су болмағанда, табан тілініп, сұлап жатқанда ңол үшін берген Россия емес пе еді? Солтүстік соғыста Швеция сияңты ңуатты мемлекетті жеңіп, дүние жүзіне беделі артңан Россияның қамқорына кіру ғана жоңғарлардың жалаңдаған қылышын қынабына салдырды. Ямышевск, Омбы (1716), Железинск (1717), Семей (1718), Өскемеи (1720) басңа да шекаралық өңірде тұрғызылған бекіністер ңаншама қазаңтарды ңалмаңтардың жаулап алуынан аман алып ңалғанын неге айтпаймыз. Ал XIX ғасырдың 20—40-шы жылдарында бейбіт жағдайда қазақ даласында салына бастаған қамалдардың отарлау мақсаты белек. Әбілхайырдың реті бөлек. Бір-бірімен таласуды әдетке айналдырған феодалдық ішкі қыркыстар жоңғар шапңыншылығын үдете беретінін дер кезінде түсінген Әбілхайырдың саясаты бірден-бір өзін-өзі ақтаған бағыт. Сондықтан да Әбілхай-ырдың бұл тарихи шешімін халықтың тілегі десек қателеспеген болар едік. Ал патша үкіметінің Ұлы жүздің бір бөлігін өзіне күшпен қаратып алуы басңа мәселе. Генерал М. Черняевтің(басқа орыс отрядтарының қазаң ауылдарын зеңбіректің оғын тастай боратып талңандағанын «өз еркімен» қосылды десек, патшалар халық мүддесін ойлаған адалдар болып шығар.