М. Қозыбаев:— Бұл арада әр түрлі пікірлер айтыльіп жатыр. Тарих, Н. Г. Чернышевский айткандай, түп-түзу Нева проспектісі емес. Қазақ халңының басына туған күннің ішінде ашық, жайма-шуағы да, батар шағында ңәнға малынғандай мунарлысы да, қара түнек Бұлт басқан шағы да болған-ды. Сол сияңты отаршылдықка қарсы күрескен халықтың ішіндегі әлеуметтік топтардың, таптардың өз мүдделері, максаттары, іс-қаракеттері болғаны хақ. Олардың барлығы қазіргі заман талабынан ой елегінен еткізілуі абзал.
В. И. Ленин орыс халқының азаттық қозғалысын үшке белгені белгілі: декабристер, әр тектілер (разночинецтер), пролетарльщ кезең. Демек, ол азаттық козғалысының басында кім турғанын, ол қозғалыстың мәні мен сырын, сипатын көрсетті. Ендеше, XIX ғасырдың орта шенінде отаршылдыңца қарсы күресті қазаң топырағында феодалдар бастады, қозғалыска олар ыңпалын жүргізді. Олар бұқара халыңты соңына ерту үшін оның да мүддесімен есептесуге мәжбур болды.
1868 ж. 21 октябрінде «Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын билеу туралы уақытша тәртіп» бойынша ңазак жері орыс мемлекетінің меншігі болып жарияланды, Революцияға дейін ңазақ жерінің 28—30 млн. десятинасы «артық жер» болып жарияланып, қара шекпенді шаруаларға, казактарға беліп берілді. 1896—І910 жыл-дар арасында ғана Ңазақстаннның дала аудандарын 1 млн-нан астам европалың халық көшіп келіп мекендеді. Көшпелі хальщ қонысынан, орман-нуынан, бас бостандығынан айрылды.
XIX ғ. бірінші жартысында жерге феодалдық меншік ңалыптасты, Шурайлы жер, орман-ну кімде мал болса соның ңолына кешті. Феодалдық-патриархалдың езгіге түскен халыңты отаршыл патша өкіметі де ңанады. Барарға жері, басарға тауы ңалмаған буқара халың әскери, саяси, феодалдық ңанауға қарсы күресті. XIX ғ. 30—40 ж. болған көтеріліс барысында, мёнің өз ойлауымша, бұқара халық, негізінен, отаршылдықңа қарсы күресті, қазақ журтының өз алдына мемлекет болуын, еркін ел болуын аңсаған халың патша өкіметіне де, орта азиялың хандықтар-ға да қарсы болды, екі майданда арпалысты. Басңаша айтқанда, жер үшін күресті шаруа халық ел бостандығымен қосақабат қойды. Жоңғарлармен күрес дәуірінде қарадан шьщқан батырлар саяси күрестің басты тұлғасы болса, жер үшін күрескен, ел үшін күрескен дәуірде күрестің басты тулғасы шаруа-бұңара халық болды. Хан Кененің, хан әулетінің бұл қозғалыста өз мүдделері болғаньі хақ <— ол хан дәуірін қалпына келтіру, үш жүзге хандық системаны орньщтыру. Бірақ, күрестің сол кезеңінде қалың халыңтың мүддесі мен хан әулетінің отаршылдыққа қарсы шы^уы сәйкес келді.
Ңазақ халқының XIX ғ. ортасыидағы отаршылдықңа қарсы күресінің Шәміл баста^ан қозғалыстан айырмасы жоц емес. Қазаң топырағында ңозғалыс басында хан бастаған феодалдар тобы турды. Шәміл көтерілісі теократиялық мемлекет шеңбе-рінде жүргізілді. Ал Кенесары төңірегінде дінге қулшынған топ болған емес. Қозғалыс халықтың сана-сезімінің халық болып калыптасып, өсіп-өніп бір ссрпіліс алған кезінде етті.
Қазаң елінің Россияға ңосылуының біз Бұл жерде прогрестік жағын ңарап отырған жоқпыз. Ңарапайым орыс шаруалары ез елінде жерсіз болды, езгілік тепкісіне түсті. Географиялық шектескен олар қазаң жерінде өздері сияқты езілген шаруаларды көрді, білісті, түсіністі, патша ңурылысына, әлеуметтік, таптың езгіге бірлесіп, күрес жолына бірге түсті. Тағдыры бір екендігін бұқара халық осылай еңбек пен күрес, бейнет пен тер ушырасқан жерде білісті, ортақ таптық мүдде ортақ бауырмалдың көзқарасты қалыптастырады. XIX ғ. орта шеніндегі көтеріліс қазақ шаруасының сана-сезімін көтерді, ол оның таптық күрес санасындағы бір белес болып, тарихқа енді.