Р. Бердібаев:— Ғалеке, сіздің бұл пікіріңізбен келіспеймін. Себебі, кешегі қысаң шақта «даулы» тақырыпқа бару ңандай ңаламгерден де саналы батылдықты керек ететін. Жазушы I. Есенберлин аса жемісті еңбек етіп, артына мол мұра қалдырған туысы белек қаламгеріміз. Оның әрбір шығармасында күрделі таңырыптар, цызықты қаһармандар көрініс береді. Уақыт алға тартқан ділгір мәселелерді дер кезінде көтеру, қатып-семіп қалған догмаларға қүл болып қалмай, жаңа ойларға, жемісті ерістерге қадам қою оның суреткерлік үлкен ерекшелігі болатын. Жазушының мол мұрасын қадір түтңанның өзінде де солардың ішінде ерекшелеп корсететін туынды-лар бар. Олар: «Көшпенділер» және «Алтын Орда» трилогиялары. Тарихи таңырыпты шығармаларға тосқауыл жасағысы келген намыссыз, туйсіксіз кейбір безбүйрек жандардың залалды әрекеттеріне ңарамастан, бұл күнде I. Есенберлин бастап кеткен дәстүр кең айдынға айналып отыр. Ңазіргі белгілі жазушыларымыз тарихи романшы-лық дәстүрін жалғастырып, тереңдетіп келе жатыр.
I, Есенберлин шығармаларының мәні мен нәрі өз бағасын жоймаң емес. Әсіресе, оның «Қаһар» романы XX ғасырдың екінші жартысындағы қазаң әдебиетінің айтулы үлгілерінің бірі болып қалғаны кәміл. «Қаһар» женінде мен «Қазақ тарихи романы». «Кәусар бұлақ» деген кітаптарым мен басқа кейбір маңалаларымда жазғанмын. Сол еңбектерде «Қаһардың» қазақ тарихи романшылығында үздік жетістік екенін, онда, қазақтың қалың бүқарасының патшалың зорлыққа қарсы күресі шыншыл көрсетілге-нін, романда Кенесарының көп қырлы тартымды бейнесі жасалғанын, оның әрекеттері барлық қайшылығымен суреттелгенін атап өткен едім. Сөз реті келгенде айта кетейік: романға мундай унамды бағалар бүкілодақтық әдеби сында да айтылған. Сол жайларды қайталап жатпай, Бұл арада «Қаһар» романының қазақ әдебиетінің ғана емес, жалпы қоғамдық ойдың серпілуіне жасаған қызметін баса көрсетуіміз шарт.
Ең алдымен, I. ЕсенберлиннІң «жабық» тақырыпқа қалам тартып, азаматтық тегеурінділіктің үлгісін салғанын атап өту керек. Басталған істі жалғап әкетуге әркім-ақ бара беруі мүмкін. Біраң қалыптасып қалған темір ңорғандай шепті бұзып өту де кез келгеннің қолынан келмейді. Кенесары туралы роман жазуы қаламгердің даңқын бірден ел арасына кең жайды. Міне, осының өзі оның кейбір ңаламгер әріптестерінің ішін күйдіріп, зығырданын қайнатты. I. Есенберлиннің әрбір тарихи шығармасы кептеген кедергілерді жеңу, шыдамдылыңпен үздіксіз еңбек ету арқылы жарық көр-ді. Соның аркасында жазушы нағыз суреткер үшін айтуға болмайтын қупиялар, ңиын-дық жоқ екенін дәлелдеді. Бұл оның ең бірінші және басты ғибраты десе болады.
Екіншіден, I. Есенберлин тарихтың небір шытырман қубылыстарын диалектика-лың бірлікте суреттеу мүмкін екенін танытты. Оның романдарында қаһармандар үнамды сыпаттарымен де, ңайшылықтарымен де біртутас тулға ретінде көрініс береді. Жазушы романдарында бурын қазақ әдебиетінің әлемінде көрінбеген қаншама тың бейнелер жасалған. Олардың қатарында хандар да, қараша да, ақын да, жырау да, батыр да, шешен де орын алған. Бурын әдебиетімізде біріңғай қара бояумен ғана суреттелетін үстем тап өкілдерінің де жанды, тартымды түлғасын суреткер мүсіндей білді.
Үшіншіден, осы аталған тарихи романдардың жанрлық бітімі мүлде тың екенін көреміз. I. Есенберлин өзінің шығармаларында халық аңыздарын, шежірелерді, жазба фактілермен қатар шебер пайдаланып отырды. Соның нәтижесінде әлемніи, ешбір әдебиетінде кездесе қоймаған «аңыз-роман» деп атарлықтай жаңа жанр қосты. Ал «Көшпенділер» трилогиясы ар.қылы қазақ әдибиетінде роман-хроника жанрын ңалыптастырғаны әдеби сынымызда атап етілді.
Төртіншіден, жазушы ңаламынан шыққан тарихи шығармаларда халықтар арасындағы ежелден келе жатңан тарихи тамырластық пен ынтымақтастықтың да түбірлері шындыққа сәйкес көрсетіліп отырады. Оның шығармаларында отарлаушы, ңанқуйлы патша жендеттері мен қарапайым орыс халқының арасында жер мен көктей айырмашылық бар екені, ал әрбір халықтың еңбекші қауымының мүддесі бір жерден шыға алатыны әділ ескертілген.
Ақырында «Қаһар» романының тамаша бір ңырын еске салғымыз келеді. Бұл роман өткен тарихтың қайшылықты, күрделі тұстарынан мүлде жылысып кеткен зерттеуші-тарихшыларға да күшті ой салады. Тарих ғылымының міндеті — әкімшіл-дік-әміршілдік аппараттың айтқанынан көз жазбай, қия баспай, тек бас шұлғып отыру ғана емес екенін, ғылым мүддесі қубылыстардың объективтік заңдылыңтарын ашу болып табылатынын «Қаһар» романы өз тарапынан мықты дәлелдеп берді... Бұл мәселеде тарихшылардан жазушылар ілгері озып кеткенін мойындау керек болады.
I. Есенберлин өзінің ойлаған ойларын, жинаған фактілёрін, қалыптасқан концепциясын «Қаһар» романында толық жүзеге асыра алды ма, жоқ па деген сұрауға қазір жауап айту қиын. Кезінде қасаң ережелерді пір тутқан рёдактордан да, баспа басшьшарынан да, жасырын рецензенттерден де, өзіне қарсы топтан шыққан арызқойлардан да қысым, тежеу көрген жазушының қанша бейнет шеккенін, зәбір көргенін, нала болғанын санап айтып шығуға Бұл арада мүмкіндік жоқ. Бізге аның нәрсе сол: I. Есенберлиннің ажалын тездетуге көптеген жасанды қырсыңтар да себеп болды. Ол өз алдына жеке таңырып.
Бұл арада таза ғылымдық мәні бар бірер мәселені ортаға салуды жөн көрдік. I. Есенберлиннің тарихи трилогиялары, соның ішінде «Қаһар» романы баспадан шыққанда көптеген сөз, сөйлем қателіктері орын алған. Олар әр басылым сайын ңайталанып келеді. Тіпті алғашқы басылымда бар кейбір пікірлердің кейіннен түсіп ңалғаны кездеседі. Бұл кінәрат кімнен екені белгісіз. Сол үшін алдағы кезде жазушы басылымдарын әзірлегенде түпнусқа қолжазбаны да салыстырып пайдалану парыз. Муны айтып отырған себебіміз: осындай қысқартылған текстер орысша аударылғанда көптеген нәрінен айырылып, қауқарсыз болып шығатынын ескерту еді. Жалпы бізде шығарма текстологиясына өте салаң қарайтындық айықпағән дертіміздің бір түрі ғой...
' Белгілі бір идеяларды айту үшін соның өз адамы тууы керек деген сөз бар. Қазақ тарихыньің бүгінге дейін мүлде көмескі жатқан беттерін өзінің «Көшпенділер» және «Алтын орда» трилогиялары арқылы жарқыратып ашңан I. Есенберлин еңбегі — өшпейтін еңбек. Ол өзінің творчестволың қуатын толың сарқып жарыққа шығарды деп те айта алмаймыз. Сонда да болса, оның кейде жекелеп, кейде тобыр болып келіп қастандық жасаған қарсыластарының қиянатына төтеп беріп, арпалысып жүріп, осыншама мұра қалдырғанына қайран қаламыз. Оны муншама жігерлілікке, табандылыққа, қайсарлыңқа жебеген туған халқының алдындағы азаматтық борышын терең сезінуі еді.