Ғ. Ахмедов: — Кенесарының жеке өз басына келсек, оның патша өкіметіне қарсы күресінің түпкі мақсаты өзі хан болып, баяғы хан заманын орнату болғанымен, Россия империясының экспансиясына қарсы күресін, ел қорғау, елдің тәуелсіздігін сақтау жолындағы әрекетін, сөз жоқ, ұлт-азаттығы жолындағы күрес деп бағалау керек. Осы рвтте Қайыпқали сұлтанның, Сырымның, Исатай, Махамбеттің, Жоламан, Жанқожа, Есет, Бекеттің ңозғалыстарының бәрінің сабағы бір, патшаның зорлығына қарсы: елдің тәуелсіздігі үшін біріне-бірі жалғасқан ұлт-азаттығы ңозғалысы деп қарау керек. Бұл жөнінде бурынғы ңазақ зиялыларының әрекеттері жайында ілгеріде бір мақаламда жазғанмын, оны ңайталап жатудың ңажеті жоқ.
Кенесары жайындағы марқұм Ілияс Есенберлиннің романы әдебиетіміздегі кесек туынды. Сол кездегі жағдайларда мүндай шығарма жазуының өзіүлкен ерлік. Қазіргі кезде жазса, ол, әриие, басқаша жазған да болар еді, бірақ оған жете алмай кетті. Сол кездегі жағдайға байланысты ма, әлде денсаулығына байланысты болды ма екен, вйтеуір шығармасында асығыстықтың ізі байңалады,
Аяғы кешегі он алтыншы жылғы уақиғалармен бітетін осы халың ңозғалысын көре түра, қазақ елі Руссияға өз еркімен қосылды деудің не жөні бар?
Достарыңызбен бөлісу: |