Т. Жұртбаев: - ҒалекеІ Қазақ әйелдерін шоқындырып, күңге айналдыру фактісі жалғыз Бұл емес. Мен сол кездегі архивтерді кездестірдім. Оларға дербес жасалған тізім де бар екен. Мүның барлығы патшаның оқу министрі Сперанскийдің әйгілі «Низам» жоспарының «жемісі» ғой. Бұл нүсқау 1902 жылы Абайдың да қолына түскен. Онда Сперанский жасаған шоқындыру саясатының тексі берілген. Оның жай-жапсарына Жанүзақ аға тоқталып өтті. Дегенмён де, сөзіміз дәлелді болуы үшін сол деректің өзін ала келіп ем. Оқып берейін,
«Мұхаммедтің үмбетіндегі мүсылмандардың арасына Ғайсанын, православиелік дінін таратудың жолдарын ңарастыру туралы 1891 жылы сентябрь айында Архирей бөлімі арңылы Аса мәртебелі жарлық шығып еді. Соған орай, 1902 жылы 22 мартта Қүпия Кеңесші: «Патша ағзамның қарауындағы халықтың барлығын бір дінге тарту мәселелері нүсқаудағы көрсетілгеніндей бірте-бірте, сондай саңтықпен, у-шусыз, күштемей және мәжбүр етпей, ақыл-айламен, олар өз еркімен, өз өтініштерімен православие дінін қабылдап отыр дегенге өздерін де, өзгелерді де иландырып бағу керек. Мүндай әдіс-айланы жүзеге асыру үшін белгілі жоспар мен қағида жасау керек»— деп бүйрық берді. Қүпия кеңесші арнайы журнал ашты, онда (бұл Спе-ранскийдің жоспарының тексі):
Ауылдарда, старшындарда «ауыл мектебі» деген бүркеншік атпен мектептер үйымдастырып, бірте-бірте олардыңсанын көбейтіп, алғашында қазақтардың көңілін табу үшін оларға қазақ мүғалімдерін жіберу керек. Оларға міндетті түрде орыс оқуын оңытып, балалармен орысша сөйлеуді тапсырып, қазақ әрпін ңандай жағдайда болмасын қолданбайтындай, сөйтіп қазақ кітабын оқи алмайтындай жағдайға жеткізу керек, біраң оны заң ретінде қолданбау керек. Содан кейін мынадай тәсілге көшу үсынылады: барлық мектептердің мүғалімдерінен «мұғалім» деген кічспектордың арнайы бекіткен куәлігін талап ету керек. Ал инспекторларға қазақ мүғйяімдеріне куәлік беруді әдейі қиындатып, сарсаңға салып, қасақана кешіктіру туралы алдын ала тапсырылып қойылуы тиіс, Ал куәліксіз сабақ берген мұғалімдер ңатаң түрдехзаң арқылы жауапқа тартылсын. Осьі тәсілмен молдалардың санын кемітіп, ол міндет ауыл старшынына жүктелуі тиіс. Поптарға белгілі адамдардан ғана мүғалім сай-лансын. Содан кейін ретіне қарай сылтау тауып: «старшындар өзінің ақымақтығынан және істің мэнісін білмегендіктен ананы-мынаны бұлдірді-міс, халық санының өсуі кеміп кетті-міс деген, тағы басқа да молдалар туралы жалған лақап таратып, ауыл мектептерін молдалардың қолынан алып, поптың ықпалына еріп, айтқанына көнетін және оның үнемі қол астында жүретін адамдарға тапсыру керек.
Өлген қазақтарды жерлеуге поп басшылық етуі тиіс, ал қазақтар өлген адамдары туралы міндетті түрде оларға хабар беруі керек, тек поп рүқсат бергеннен кейін ғана үш күннен соң жерленуі тиіс. «Өлген адамның жаны әлі шыққан жоқ, тірі адамды көмуге болмайды, ол о дүниеде жүмаққа бармайды-мыс»— деген сылтау айту керек, Жөне бұл жаңа тәртіптің енгізілуі қазақтарға: «қазақтар кісі өлімі туралы ылғи да өтірік ақпар береді, ал мөйітті тексеріп қарағанда, қашан өліктің төні босағанша оны анықтау мүмкін емес. Ал қазақтардың арасындағы қырқылжыңдарды реттеу үшін поптың қатысуы міндетті»—деп түсіндірілсін,
Қыздар мектебін ашу керек жөне қазақ қыздарын орыс оңуына оқытудың мақсаты мынау: ол ертең қазаққа түрмысқа шығып, ана болған соң өзінің күйеуі мен баласын орыстануға бейімдейді. Олай болған күнде қазақтың оқуын тез жоюға қол жеткіземіз жөне орыс оқуын ғана оқытамыз. Содан кейін арнайы (шешуші) Заң шығарылуы тиіс, сол арқылы қазақтарды өр қонысқа бөліп-бөліп тастап, оларды крестьяндарға айналдырамыз. Бүдан соң іле-шала қазақтардың атынан өз іштеріне уағызшы жіберу туралы арыз үйымдастырып, шешім шығарылады. Уағызшы түпкі мақсатқа жету үшін қазақтардың барлық талаптарын орындайды, әр нөрсеге көмектеседі, күш-көлік береді, ңазақтардың қол беріп сәлемдескендеріне қымбатты сыйлықтар үсынады, сөйтіп өз дініне ыңғайлауы тиіс. Сөйте түрып, қазақтардың дінін ешкім де шеттетпейтінін барлық жерге тарата жүруі тиіс. Уағызшылар: «қазақтардың бір-бірімен тату-төтті түруын қалаймыз, ешкімге қастандық жасалмауын тілейміз, уағыз бойынша өмір сүріңдер»— деп, олардың етін үйрете береді, қазақтарды тыныштандырады. Содан соң Мәртебелі Ағзамның атына: «уағызшыны қазақтардың өздері сүратты, оған миллиондаған сом қаржы жүмсалды, қазақтардың өздері мұны қалап отыр. Соның барлығын істегенімізге қарамастан, қазақтар үкіметті алдап кетті, сол үшін жазаға тартылуы тиіс»— деп өтініш білдіреді. Жоғарғы Мәртебелі Ағзам қазақтарды жазалауға келісімін береді. Қазақтарды жазалауға бөлінген әскерді алысымен, кресті алдына үстап барлың ңазаңтарды шоқындырып, православие дінін қабылдаттырады. Ал бұл жарлыңқа көнгісі келмегендер өлтіріледі. Қазақтар:«...бізді күзетіп тұрмайды, сандыңңа сап тығып қоймайды» деген мәмілемен өзін-өзі жұбатып, православие дініне кіреді. Бірақ кейін алдап, крестерді тығып тастап, мүсылмандық дәстүрін үстап ңала береді. Сол кезде ауылдарға шіркеу, мінәжатқана салдыруға болады. Онда күн сайын кресті үстап соған барады, сонда ғана татарлар мен сарттардың әр түрлі теріс ьщпалынан арылуы мүмкін... Крестьякдар басңармасы бүған баңылау жасап, жеткізіп отыруы тиіс. Істі осылай сенімді түрде жолға ңойып алған соң, миссионерлерді жібере бастайды. Олар: «қазақтардың сенген діні дұрыс емес, Ғайсаның үмметі атынан келіп отырмын. Барлық бағыныштылар мемлекетті билеген патша ңай дінге сенсе — сол дінді қабылдауы тиіс»— деп уағыздайды... Енді бүдан кейін Патша Ағзам: «Ислам дінін қабылдап, муфтиге бағынып келген менің бодандығымдағы қазақтарым оларға мойынсүнбайтынын білдірді, сондықтан да... муфтиге бағыну туралы Заң Ережесінің 97-ші және 98-статьясына сәйкес күшін жояды»— деп мәлімдейдһк х
Міне, Сперанскийдің шоқындыру саясатының дамытылған жобасы осындай. Қазақ даласына алғашқы бекіністер салынғанда отарлаушылар бұл жобаны бірден жүзеге асыруға тырысңан. Бірақ Кенесары мен басқа да батырлар бастаған көтері-лістен сескеніп, ол ойларынан қайтқан. Дінге енгізу науқаны саябырсығанымен, ол міндет үмытылмаған. Аңыры кеп Абайдың алдынан шықты ғой. Менің ойымша, сол тұстағы әр жерден бұрң етіп шыға берген қарсылықтар қазақ халқын көпе-көрнеу зорлыңтан саңтады. Әйтпесе, солтүстік ұлыстарының кебін біз де кешуіміз өбден мүмкін еді.
Бұған қарағанда, Кенесары көтерілісінің шығу себебі — тек жер, дербес хандық құру мәселесіне ғана тіреліп жатңан жоқ, сонымен қатар, рухани мүддеден де туып отырғаны көрінеді. Дегенмен, тарихи деректердің жүлгесіне жүгінсек, 1839— 1840 жылдары империя мен көтерілісшілердің арасында мәмілеге келу мүмкіндігі болғаны байқалады. Бұған көп күш шығарған адамдар — Орынбордың генерал-губернаторы Перовский мен Шекаралық комиссияның бастығы Генс. Осы дүбара шақтағы көтерілістің дамуы «Қаһар» романында барынша кең көрсетілгеи. Көркем-дік шындың пөн тарихи шындыңтың астасып жатңаны қуанышты. Бірақ Ілияс Есенберлин негізгі желіні Кенесарының жеке басының тағдырына бейімдей қүрған-дықтан да, осынау бір бітім сөулесі түскен тұсқа онша мән бермейді. Көркем шығарма үшін бұл түсінікті де. Өйткені, жаңа сюжеттер мен кейіпкерлер керек. Және ол бітімнің түбінде жүзеге аспайтынын білген соң тәптіштеудің дв кврегі шамалы еді, Бірақ тарихшы үшін бұл өте маңызды мөселе емес пе? Екіншіден, романда патша аскерлерінің жазалау жорықтары, Кенесарының оған қарсы царымта қайырған шабуылдары жане қазақ арасында Қоңырқүлжа сияқты шонжарлардың сатқындықтары қамтылады. Осы қақтығыстарды қалай бағалауға болады? Ол тек Кенесарының «қарақшылығының» айғағы ма? Үшіншіден, патшаға қарсы көтеріліс тек бір аймақты ғана қамтыған жоң, бүкіл ңазақ даласын шарпыды. Жоламам, Исатай Махамбет, Есөт, Бекет, Жанқожа ереуілге шыңты. Ал енді осылардың басы неге қосылмады? Ілияс Есенберлин олардый, жвке-жеке қимылдауларын өэара билік бәсекесінен туды деп есептейді, Рушылдықтың кесірінөн көреді. Бұл шындық па?