Т. Жұртбаев:—Жаңа Кенесарының қозғалысына қатысқан өзге улттардың өкілдері туралы айтылды. «Қаһар» романында Иосиф Гербруттың образы жақсы сомдалған. Е. Бекмахановтың дерегіне сүйенсек, Кенесарының қолында жүзге тарта орыс, поляк, татар, башңурт ултының өкілдері болған. Тіпті, әскерден қашқан Белешов, Малкин, Губин, Иванов сияқты солдаттарды бауырына тартып, қазақ қыздарына үйлендірген. Кенесарының жасағының ішінде жүрген патшаның тыңшысы Аюшин: «Кенесары Малкинді дәулетті қалыңдыққа үйлендірді, оны елу басы сайлап, қарамағына қырық жасақ берді, қазір ол орданың күзетбасшысы... Сондай-ақ башқұрт есаулы Хусни бар, ал Кишин онда... палуандығымен көзге түсті де, Кенесары оған Батырмурат деген ат берді»—деп сыбыс жасады. Кенесарының жеке өз хатшысы шашын тықырлап алдырған орыс офицері екеи. Ал енді тікелей Ңоңан ханы мен Кенесарының арасындағы қайшылыққа тоқталсақ.
Достарыңызбен бөлісу: |