Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет18/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
М. Әбсәметов:— Кенесары көтерілісі туралы кейбір зерттеулерде, атап айтқанда, Т. Шойынбаев еңбектерінде осы көтерілістің саяси аясы тар болды, оған ңалың буқара кең қатыстырылмады деген ой тужырымдары ушырасады. Буны ушқары айтылған тужырым деп санаймыз, себебі архив материалдары мен түрлі документтік айғақтар — Кенесары Қасымулы бастаған көтерілістің өзінен күші басым патша үкіметінің жақсы қаруланған, әрі әбден үйретілген отрядтарына қарсы ондаған жылдарды қамтыған сәтті күресі тек халыққа сүйене отырылып жүргізілгенін дәлелдейді. Кенесары қалың буңараны өз жағына тарту үшін де, ел ішінде беделді, халықты соңына ерте білетін батырларды өз маңына топтастырып отырған.
Кенесарының атаңты ңырық сегіз батырларының бәрін санамалап жатпай-ақ, Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» романында кең суреттелген Ағыбай батырға ғана тоңтағым келеді. Ағыбай батыр 1802 жылы Ұлытау маңында дүниеге келген. Оның әкесі Қоңырбай ертерек қайтыс болған. Шешесі Қойсана атақты Байғозы батырдың қызы болатын. Жастайынан езгіге түскен халқының жай-күйін көре өскен ол патша самодержавиясына қарсы күресуге бел буады. Осындай оймен патша үкіметіне қарсы қозғалысты бастаушылардың бірі, 1823 жылы Қытай императоры ресми түрде хан таныған Ғубайдулла Уалиханов туының астына келеді. Қытайға иек артқан Ғубайдулладан сескенген патша үкіметі оны тутқындап Березов қаласына жер аударады. Ал, Ағыбай өз күресін жалғастыра береді, ол Саржанға, кейін Кенесарыға келіп қосылады.
Ел арасында Ағыбай батыр жөнінде аңыз, жырлар кеп таралған. Ол кетеріліс кезінде Кенесарының бас батыры, әрі кеңесшісі болады. Оның үлкен беделге ие екенін кезінде ез ғылыми еңбегінде Е. Бекмаханов та атап көрсетеді: «...Ағыбайдың көтерілісшілер арасында қатты құрметтелетінін Кенесарының әйелімен арасындағы мынабір әңгімеден аңғаруғаболады: бірде ханым Кенесарыдан: «Сіз қол астыңызда-ғы кейбір батырларыңызға мың басы, бес жүз басы деген ат бересіз, ал осы аттардың біреуін Көсеге (Ағыбайға) неге бермейсіз?» деп сурайды. Сонда Кенесары: «Менің әскерімнің бастапқы шебі жауға «Абылайлап» шапса, ал кейінгі қатары «Ағыбай» деп уран салады. Міне, сондықтан оған әскери атаң бермеймін»,— деп жауап қатады. 1841 жылы Ұлытауда хан көтерілген — Кенесары оған күмістелген ңанжарды тарту етеді, бұл қанжар, кейін, яғни 1896 жылы Нижний Новгородта Бүкілресейлік көрмеде көрсетіледі.
Ісі аңызға, аты уранға айналған батыр туралы советтік дәуірде Иса Байзақов «Қойшының ертегісі» атты поэма шығарады, 30-шы жылдары Сәкен Сейфуллин «Ақжолтай батыр» атты роман жазған еді, өкінішке орай, айтылған туынды репресси-яға ушыраған асыл ағамызбен бірге жойылып кетті. 70-жылдары жазушы Жүсіп Алтайбаев Ағыбай батыр туралы повесть жазып бітірген еді, алайда жазушы өзі шығармасын жарыққа шығара алмай көз жумды. Бұл повесть әлі басылмай жатыр.
Тарихи жады берік халыңтың ғумыры ұзақ болмаң, өз халқымыздың өткені мен мәдениетімізге, ұлттық батырларымызға жаңа көзқараспен қарайтын, турпайы идеологиялық турғыдан берілген біржақты бағадан арылатын уақыт жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет