Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет15/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Т. Журтбаев:— Сіздердің бұл пікірлеріңізге қосымша мынаны айта кетейін. Егер де Сібір генерал-губернаторы Горчаков та Орынбордағы әріптесінің саясатын қолданғанда көтерілістің басқаша арнамен дамитыны анық еді. Алайда, Горчаков қалайда Кенесарыны ңүрту мақсатымен қарулы арандатуын тыймады. Оған мына хат айғақ болады (Ескерту: бұл кезде Перовскийдің орнына Обручев келген):
«Орынборға жаңадан келген генерал мырзағә Кенесары Қасымовтан; Өткен 1939 жылы Орынбордың генерал-губернаторы мен генерал Генс Жоғарғы Мәртебелі Император Ағзамның бізге кешірімін жариялаған болатын жөне онда біздің барлық күнөларымыз көшірілді деп еді. Біз мундай мейірмандыңқа шын жүрегімізден сеніп урысты тоқтаттық та, қылышымызды ңынына салып, Мөртөбелі Ағзамның жерінде тып-тыныш көшіп-ңоньіп жүре бердік. Ақпан айыиың жиырма бесінде аға сұлтандар Баймүхамед, Арыслан жэне Ахмед үшеуі үш жақтан бізге шабуыл жасады, біздің ңорғанысымызды бүза алмағандықтан, кері қайтып кетті. Патша Ағзамның кешірімін бүзбас үшін олардың бұл мазағыиа көндік те, өшқандай оң шығармадың. Ал наурыз айының 21 күні Омбы облысынан шыққан жазалау отрядының бастығы Сотников біз аңға кеткенде ауылымызға шауып, тонап экетті. Бірнеше адамымызды өлтірді жөне султанша Күнімжанды өздерімен алып кетті. Олардың қасында Алтай болысының старшинасы Аққошңаров Сейдалы, султан Қоңырқүлжа Қудаймендин болды. Бұл туралы Орьінбордағы ұлықтарға хабар бөру үшін Ырғыз бойына көшіп келдім. Бірақ майор Лебедев пеи аға сәлтан Ахмөд менің қарауымдағы Байқадам батырды тутқынға алды, Осыдан кейін мен: «тек жалғыз Ңудайдан ғана рақым күту керек екөн, ал орыс ұлықтарынан мейірім күтіп жарымайды екенбіз» деген ойға келдім де, өзімше әрекеттеніп бақтым. Орынбордың бүрынғы улықтарынан үмітті үздім. Бірақ Сіздің келгеніңізді естіп жай-жапсарымды айтып, өтініш етіп отырмын. Бурынғы улықтардан жақсылық көрмеп ем, ал Сізден қайырым күтемін. Егер де сіз Император Ағзамға түтқындағы біздің адамдарды босату туралы өтінішімізді жеткізсеңіз, онда сіздің де көңіліңіз кірден арылып, орыс пен қазақтың көз жасын тыйған болар едіңіз. Егер де сіз муиы жүзеге асыратын болсаңыз, онда мен Сіздердің барлың тілекте-ріңізді орындауға әзірмін».
Кейін Генстің күшімен Күнімжан сұлтаншаны ңайтарғанымен де, жазалау шараларын үдете түсті. Талызиннің, Лебедевтің, Вишневскийдің, Ахмет Жантөриннің, Бизановтың, Дуниковскийдің дивизияларын қазақ даласына аттандырды. Бурынғы губернатор Перовскийдің өзі бұған қарсы болып: «Менің ойымша, Обручев Кенеса-рының іс-әрекеттерінен бекер сескенеді және олардың сөзіне сенбеуі де жөнсіздік. Оның естігендерінің барлығы да қазақтардың арасындағы жай лақап жөне онда ешқандай шындық жоң. Менің пайымдауымша, экспедицияның жоспары үстірт жөне отрядтың қүрамы дурыс жасақталмаған. Олардың жүзеге асырмақ болған шаралары-ның сәтсіздікке ушырайтынын жәме әр түрлі ңолайсыздыңтарға урынатынын мен алдын ала біліп отырмын»—деді. Оның Бұл сөзі расқа шықты. Әрине, ол кезде Перовский Николай патшаның: «Бір патшалықта екінші патшаның өмір сүруі мүмкін емес»— деген жарлығын білмейтін. Ол жоспар бойынша Кенесарыны ңалайда қанға батырып, жазасын беру керек еді.
Бұл бүйрың орындалды. Біраң қандай тәсілдермен жүзеге асырылды десеңізші. Ол үшін ағайындас халықты бір-біріне айдап салды. Ырғыз, Елек, Ұлытау, Торғай бекіністерін салған соң Кенесарының барар жер, басар тауы қалмай Жетісуға шегінді. Кейбір тарихшылардың айтып жүргеніндей, Кенесары бұл өңірге баса-көктеп кірген жоқ. Алдын ала Үйсіннің төресі Рүстем султанмен, Пішпектегі Қоқанның құшбегі
Әлішермен жөне қырғыздың манаптары Орманмен, Жантаймен келісіп, рұқсатын алды. Арада елші боп кейін Кенесарының басын Горчаковқа табыс еткен Қалықул бидің өзі жүрді. I. Есенберлиннің «Қаһар» романында Жетісу өңіріндегі оқиға Кенесарының түсі арқылы беріледі де, Досқожаның қоштасуымен аяңталады. Ал М. Әуезовтің «Хан Кенесі» тікелей осы оқиғаны суреттегенімен, тарихи тұрғыдан талдамайды. Тек тағдырдың тәлкегіне түскен Кенесарының жеке басының қасіретін көрсетеді. Сол кеэдегі Россия мен қазақ даласы, қырғыз бен Қоқан хандығы ара-сындағы мемлекетаралық саясат қандай еді? Кенесары неге үш бірдей майданда соғысуға мәжбүр болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет