Көркемдік шындық және тарихи тұлға



бет16/35
Дата05.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#16344
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Р. Бердібаев:— Қалай дегенмен дв, Кенесары мен Наурызбайдьің туысңан халық қырғыз шебіне келіп, өктемдік жүргізуге ұмтылуы олардың қателігі деп саналуы тиіс. М. Әуезовтің «Хан Кене» пьесасында мәселенің дәл осы турғыдан суреттелуі аса бағалы тусы болып табылады. Өйткені, бейбіт жатқан көрші елді өз ықтиярынсыз бағындыру өрекетін ешқандай да «азаттық» идеясымен ақтауға болмайды. Ңырғыз елшісі Жаманқараның: «Уай, төрем, енді аса берме, қырғыз да -қыруар ел. Бір сенің басыңа бақ пен атақ әпереміз деп ңалың елдің кәрі-жасы сорлай алмайды» (Аталан кітап. 343-бет) деген сөздерінен осы жағдай анықтала түседі. Қырғыз халқының достығын іспен емес, күшпен аламыз дегендіктері Кенесарының ақырғы ағаттығы десе болады. Әрине, әрбір оқиғаның өз логикасы бар, қырғызбен ңырбайлыңқа барған эпизод қанша қажетсіз, қанша ауыр бола турса да, ол халық қозғалысының одан бурынғы ондаған жылға созылған тарихын жоққа шығара алмайды.
«Хан Кене» пьесасында бірталай көркем бейнелер жасалған. Бәрі де тарихта аты белгілі адамдар. Олар шығармада келтірілген ситуацияға кезекті жерлерінде араласып, өз орындарында көрінеді. Ңаһармандардың қай-ңайсысы да қайталанбас мінез иелері болып сипатталады. Мөселен, Наурызбайдың асқан батырлығына кейде сүйінсек, кейде орынсыз ожарлығын қабылдай алмаймыз. Оның өз алдына ешбір батырды жібергісі келмөйтін іштарлығы, әулеттік ескі ырым-салттардың ауқымынан шыға алмайтын біржақтылығы, айласын ашуы басып кете беретіндігі, Кенесарының терең ойластырылған істеріне қырсың келтіргендіктері пьесада нанымды бейнелен-гөн. Әскербасы рөтінде Кенесарының сөнімді сөріктерінің бірі болып көлген, Бүғы-бай батырдың сын сағаттарында жан сауғалап кеткен табансыздығы да, Рүстем, Сыпа-тай сынды ру басылардың өздорінің жеке мүдделерін көздеп, алмағайып шақтарда Кенесарыдан жалт беруі де сенімді суреттелген. Ең ғажабы сол — суреткер М. Әуөзов қаһармандардың іс-өрекетіне көлденең үкімші болмай, оқиға мен мінез дамуын табиғи өз ауанына жібөріп отырады. Драмашы шығарма ситуациясын қалай да бір төте тужырымға байләмай, шындықтың шырайын жан-жақты ашады. Пьеса осындай «тәуелсіз» цасиеттерімвн қүнды. '
Калай болған күнде де, М. Өуезов Кенесары қозғалысының сыры мен шынын, биіктігі мен қайшылығын жан-жақты елестөте аларлық шығарма жасап, қаншама тарихшылар мен публицистерден көш ілгері озып кеткенін көреміз, Кенесарының соңғы монологінде ол бастаған ңозғалыстың өрі мвн ылдиын, мөні мен нәтижесін уңтыра аларлықтай тебіреністі сөздер берілген. Оның: «Жерім таусылды. Өріс тарылып болды ма деймін... Кім қажымай еруге шыдады? Мені қайрат алған жоқ. Кескілесіп қарсыласқан жауым да емвс... Сырттың күші жығатын болса, өлдеңашан жыңпас па еді?.. Мені іштегі дерт жығып отыр... Өңшең азғын, арамбездөрі Солар ала ңылды, солар адастырды елді де. Мөнің күйігім де, ажалым да солардан.., Бірақ мені жықңан сол жауыздар журтты қоса жыққанын уға ма екені» деген сөздері өз замандастарына ғана емес, кейінгілерге де қойылған сурақ секілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет