Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны Алматы 2007 «Педагогика және психология»



бет13/14
Дата19.07.2022
өлшемі297,5 Kb.
#147570
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
kur -kornekti-quraldardyn-bilim-sapasynda-alatyn-orny

Тақырыбы:
Ана туралы жыр.
Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков. Әнін жазған: Ш. Қалдыаяқов.
1. Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.
Қайырмасы:

Әлдилеп аялап,


Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

2. Өтеуге борышым,


Анашым жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

Қайырмасы:


Әлдилеп аялап,


Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Бұл өлеңдегі айтылуы қиын сөздер қайта - қайталанып тыңдалады. Мұндағы міндет оқушылардың есту және көру сезімін дамыту. Қиын сөздерді естіп айту арқылы оның қалай жазылуын да есте сақтайтын болады.
Лингофон кабинетінде тиімді жұмыс істеудің бір түрі магнитофонмен жұмыс.
Оқытуды тәрбиемен ұштастырып сапалы білім беруде магнитофонның маңызы зор. Барлық пәндерде де магнитофонды тиімді пайдалансақ, сабақ қызықты, тартымды өтеді. Әсіресе, қазақ тілі сабағында пайдалану ұтымды.
Магнитофонды қолдану үшін, алдын ала тексті магнитофон жазбасына жазып қояды. Сосын ол текст оқушыларға тыңдатылады. Одан кейін оқушылар осы текстің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге тиіс, немесе осы текстің мазмұны бойынша сұраққа жауап беруге, жоспар құруға дағдыландыруға болады.


Магнитофон арқылы өлеңді оқуға және жаттауға үйрету.

Қазақ тілі сабағында жүргізілетін тіл ұстарту мұғалім оқушыларды текспен дұрыс, мәнерлеп оқуға үйрету, оның мазмұнын айтқызу, сөздің мағынасын ұғындыру, оны меңгерту, тыныс белгілердің қалай қойылатынын аңғарту, қазақ тілінің көркем сөз формаларын дұрыс ұғынып, оны дұрыс түсіне білуге дағдыландырады. Мәнерлеп оқуға үйрететін текстерді, өлең - тақпақтарды мұғалім алдын ала дайындап, қай сабақта қалай пайдалану керектігін белгілеп қояды.


Магнитофон арқылы өлең тақпақтарды тез жаттауға болады. Өлең жаттамас бұрын мұғалім қиын сөздерге түсінік бсреді. Өлеңнің мазмұнын оқушылар меңгергеннен кейін, магнитофоннан тыңдатылады.
Біраз мектептердің ІV- VIII сыныптарының жазба жұмыстарын тексергенде, оқушылардың сөз ішіндегі әріптерді естілуінше жазатыны байқалады.
Атап айтқанда, дауысты мен дауыссыздардың емлесін білмеу, шылау мен жалғауларды ажырата алмау, сұраулық шылауларды соларға ұқсас жұрнақтармен шатастыру, қос сөздердің, біріккен мен қысқарған сөздердің емлесін білмеу, күрделі етістіктерді жаза алмау, тасымал, буынға бөлу, үндестік заңын білмеу, қосарлы дыбыстардың бір сыңарын тастап кету, диалог сөздерді жаза білмеу, сұрау белгісі мен леп белгісінің орнын шатастыруы жазба жұмыстарында кездесіп отырады. Сондықтан қате көп жіберетін ережелерді нақтылап, үнемі магнитофоннан тыңдап, соған байланысты мәтінді талдап немесе жатқа жаздырып, сөйлем, сөздерді ойдан таптырып қалай да қате жібермеу үшін жұмыс істеуге болады. Мысалы магнитофонға күні бұрын мынындай ережелерді жазып қоюға болады.
1. Сөздің кейінгі буындарында ұ- естілгенімен, ы- жазылады. ү- естілгенімен - і- жазылады. Мысалы: кұ-лын , жұ-лын, кү- міс , жү -зім , күн- дік т. б.
2. Сөздер буынға бөлшектенеді. Сөздердің буын саны дауысты дыбыстарға байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалды оқушылардың өздеріне таптырып, талдау жасату керек.
3. Дауыссыз дыбыстың ешқайсысы дауысты дыбыссыз буын жасай алмайды. Дауысты дыбыс жеке тұрып та, дауыссыз дыбыспен тіркесіп тұрып та буын құрай алады. Мысалы: ас, ас-тық, ас-тық-тың, ба- ла, ба- ла- лар т.б.
Оқушылар магнитофоннан қайта - қайта тыңдау арқылы ережені тез ұғып алады. Магнитофон арқылы жастарға ұлағатты сөздер, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер жаздырып, тындай отырып, жаздыруға болады.
Бұндай сабақ окушылардың танымдық қасиетін арттырумен қатар, өз ұлтының салт-дәстүрін, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет