Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны Алматы 2007 «Педагогика және психология»


Пікір беруші аға оқытушы: К.Аскарова



бет2/14
Дата19.07.2022
өлшемі297,5 Kb.
#147570
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kur -kornekti-quraldardyn-bilim-sapasynda-alatyn-orny

Пікір беруші аға оқытушы: К.Аскарова






Тақырыбы: Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны


Жоспар:
Кіріспе.


І-тарау. Көрнекілік туралы жалпы түсінік.


ІІ-Тарау. Көрнекіліктердің түрлері. Оларды сабақта пайдаланудың маңызы.


ІІ.І. Жазба көрнекіліктерді пайдалану.


1.2. Сызба көрнекіліктерді сабақта қолдану.
ІІІ-тарау. Сабақта техникалық құралдарды пайдалану арқылы сабақ сапасын арттыру.


Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.


Жұмыстың өзектілігі:

Мектеп міндеті - әр оқушыға терең білім беру. Сонымен бірге, окушының ойлау кабілетін арттыру. Болашақ ұрпаққа саналы біліммен сапалы тәрбие беруде, оқушылардың материалдарды саналы түрде түсініп есінде берік сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктің мәні зор екенін дәлелдеп көрсетеді. Кернекілік окушылардың материалды тез саналы түрде түсінуін қамтамасыз етумен бірге, ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін практика жүзінде көрсету.




Жұмыстың мақсаты:

Дидактиканың негізгі ұстанымдарының бірі – көрнекілік екенін, көрнекіліктердің білім сапасына тигізер әсерінің мол екені дәлелдеу.


Көрнекіліктің оқу процесіндегі мақсаты байқағыштыққа логикалық түйіндікке және өзінің көргендерін сезбей дұрыс жеткізуге, бұлардан логикалық қорытынды шығаруға жаттықтыру екенін анықтау.
Жұмыстың міндеті:

1. Көрнекіліктің оқу процесінде атқаратын қызметін көрсету.


2. Дидактиканың негізгі ұстанымдарының бірі - көрнекілік екенін практикада дәлелдеп көрсету.
Кіріспе.


І-Тарау. Көрнекілік туралы жалпы түсінік.

Қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Өйткені білімді, ғылым негіздерін игерген мамандарсыз әлемдік қатаң бәсекеге алға шығу мүмкін емес.


Мари Фон Эбнер - Эшенбахтың (Австрия жазушысы, 1930-1976) «Ешнәрсе білмейтін адамға бәріне сену ғана қалады» деген қанатты сөзі бүгін де маңызды болып табылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеттері - жастар мен балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, қоғамның ақпараттануы және жаңа ғылымды қажет ететін технологиялардың дамыған кезеңінде кәсіби шеберлігін дамыта алатын жоғары білімді адамдар мен білікті мамамдарды дайындау. Болашақ білікті де, білгір мамандар даярлау үшін сабақта көрнекті құралдарды орынды пайдаланудың маңызы зор. Көрнекті құрал білім сапасының кепілі. Осыны ерте түсінген шығармашыл ұстаздар өзінің әрбір сабағында көрнекілікті орынды пайдаланып, сапалы білім беруге атсалысады.
Білім - өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі. Өлшем болатындығы кез келген мемлекеттің рухани да, әулеметтік-экономикалық та дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады.
Ғылым — ғалымды танудың кілті болса, сол ғылымның негізгі білімде жатыр. Ал білімнің іргетасы орта мектепте қаланады.
Жаңа буынды тәрбиелеу мен оқыту мектеп табалдырығынан басталып, арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында жалғасады.
Өйткені кешегі оқушы бүгінгі студент, бүгінгі студент ертеңгі — маман, елді өркениетке жеткізуші. Мектеп қабырғасында да, арнаулы кәсіби оқу мекемелерінде де, жоғарғы оқу орындарында да білімді де мәдениетті жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мынадай маңызды мәселеге келіп. тіреледі. Ол – оқу жүйесінің сапалылығы, оқытылатын матириалдың қажеттілігі, кешегі оқушы, бүгінгі студент, болашақтағы маманның, Абай айтқандай, «бір кірпіш тәрізді дүниеге кетігін тауып қалануы».
Бүгінгі ұрпақ - тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттық, елдің, жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Ғасырлар бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егемендік еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын, тіліміз бен ділімізді жалғастыратын, саналы да, парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз.
Қазіргі таңда есімізде Н.Назарбаевтың 2030 бағдарламасы жұмыс істеуде. Білім, ғылым туралы заң. Тіл туралы бағдарлама қабылданды. Бізде осы мемлекеттік бағыт-бағдар негізінде қызмет етеміз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру-қазақ мектебінің негізгі мақсаты. Идеялық-саяси, еңбек, дәстүрлік тәрбие оның өзара астасқан бөліктері, сондықтан бұлар кешенді түрде шешіледі.
Шәкірттің жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзіне ғана емес, көрсеткен үлгісімен сабақтасып, байланысып жатады. Ұстаз-бәрінен бұрын тәрбиеші. Ол оқыту мен тәрбиені қатар алып жүруші. Ұстазға қойылатын басты талап пен тілек ортақ. Ол білімділік, имандылық, парасаттылық.
Ұстаз шәкірттерге білім бергенде , тіл факторын үйреткенде, олардың логикалық ойын дамыту тәрбиесін қатар жүргізеді. Бұл мақсатта ғылымда балаларға білім мен тәрбие беру міндеттерін сабақ үстінде бірлікте іске асырудың тиімді жолдары, қолайлы әдістері іздестірілуде.
Бұл әдістер оқушыларға жан-жақты білім беруде, өмір заңдылықтарын меңгертуде, олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, логикалық ой-өрісін дамыту, саналы еңбекке, өз бетімен жұмыс жасай білу дағдысын тәрбиелеуге белсенді қызмет етеді. Бұл тарапта шәкірттердің өздігінен ойлау, бақылау және тұжырым жасай алу қабілеттерін дамытудың тиімді тәсілдері қарастырылады.
Әр сабақта сапалы, тиянақты білім беру үшін, әсіресе көрнекілік принципі басты роль атқарады. К.Д. Ушинский: «Көрнекілік оқыту кезінде затпен таныстыру, заңын өзі үшін екінші дәрежелі; көрнекілік оқытудың ең негізгі мақсаты-байқағыштыққа, логикалық түйінділікке және өзінің көргендерін сөзбен дұрыс жеткізуге, бұлардан логикалық қорытынды шығаруға жаттықтыру1»,- деп айтты. Көрнекіліктің ғылыми негізі И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімі негізінде психология ғылымында түбегейлі зерттелді.
Оқыту жүйесінде Я.А.Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгерту құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінде көрнекілік арқылы жүзеге асырылады, олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл принципті соңғы жылдары ғылым дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді оқушылар тез, әрі есте көп сақтайды.
Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізу үшін қолданатын ережелерді атап өтейік.
- «Алтын ереже»: көруге болатынды көрсету, есіте алатынды естірту, сезіне алатынның бәрін - оқушылардың сезім мүшелеріне сездірту, түйсік туғызу.
- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін, түр-түстерін сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрі тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.
- Көрнекілік - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланады. Оқушылар заттарды көзімен көрумен қатар, қолымен ұстап, түр-түсін байқап, өзінің қажетіне жаратады.
Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге болмайтын жағдайда да көрнекіліктер қолданылады. Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік бақылауға, білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады. Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы да бүтіндей көрсетуге болады. Көрнекілікті сабақта ұстаз немесе оқушылардың өздері жасасада болады.
Көрнекіліктерді көрсету барысында демонстрация, иллюстрация және бақылау тәсілдері жатады.
Демонстрация оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі қолданылып отырған құбылыстың қозалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы мен сыртқы құрылысын немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді. Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады. (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б.). Келесі кезектік оның ішкі құрылысы мен жекеленген құрамы көрсетледі.
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Приборлар мен нысаналарды демонстрациялау нәтижесінің табысты болуы бірнеше жағдайға байланысты болады. Көрсетіліп отырған нысана барлық оқушыларға анық нақты көрінуі тиіс. Оқу материалын түсіндіру кезінде көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тастауы керек.
Оқытуды былай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалдарын жеңіл, терең меңгеруіне септігін тигізеді, олардың ойлау қабілетін арттырып, қосымша ақпараттар береді. Оқушылардың өздері құбылыстарды, процестерді және нысаналарды белсенділік танытып оқып, үйренсе, шын мәнінде әдіс нәтижелі болмақ.
Сабақ барысында оқытуды демонстрациялау әдістерін қолданғанда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидоскоп, теледидар, видеофильдер секілді техника құралдары пайдаланылады. Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттілігіне сай табиғи ортада да көрсетуге болады. Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникасы, өндіріс құралдары.
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланысты болады. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар картиналар, портреттер, суреттер, чертеждер, картограммалар, модельдер) көрсетуге қолданады. Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның нәтижесінде оқушы мен мұғалім оқу материалдарын табысты. меңгеруге айтарлықтай көмек бере отырып, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Мектеп тәжірибесінде көрсеткендей сабақта иллюстрациялық материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың наразын тек өткен материалға бағыттап, ауытқымауға әкеп соғады. Сондықтан көрнекті құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет.
Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен пайдаланылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі, техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда , еңбек операцияларын орындауда ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің қатысуымен сабақ уақтысында да, сабақтан тыс уақытта да қолданылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, байқағыштық қасиеттерін арттырады. Бақылау әдістерінің қолдану тиімділігі мынандай болады: байқаудың мақсатын анықтау, қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, демонстрациялық бақылау, экскурсиялық бақылау, техникалық бақылау, лабораториялық бақылау.
Өмірде бар заттар мен құбылыстарды көрнекті құрал арқылы көрсету мектепті өмірмен байланыстырады. Демек, теорияны практикамен ұштастыру жөніндегі диалектикалық принципті жүзеге асыруға көмектеседі.
Нақты көрнекті материалды сапалы түрде меңгерту үшін қабылданатын зат пен құбылысты дұрыс байқау, анализ жасау керек.
Көрнекілікті оқу процессінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жай қолдануға болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді құрал болып саналады.
Кез келген сабақта көрнектілікті маңызды қолдану оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыру, қызықтыруда үлкен роль атқарады. Пән кабинеттерін қажетті көрнекіліктермен жабдықтау сапалы білім беруге үлкен септігін тигізеді. Кабинеттердің қазіргі заман талабына сай көрнекіліктермен жабдықталуы, кабинеттерде техникалық көрнекіліктің болуы өмір талабы. Кабинет қабырғаларына қажет деген көрнекіліктер ілінуі шарт.
Әр пәннің белгілі тақырыптарына сәйкес әр түрлі сабақта мынадай көрнекіліктің түрі іске асырылады: кесте, үлестірмелі кеспелер, схема, карточкалы дәптер, плакат, суреттер, оқулықтар, перфокарталар, макеттер, кесте, натуральды заттар және техникалық құралдар. Қай кезде болмасын тәжірибелі педагогтар өз сабақтарында көрнекті құралдарды пайдаланып, сабақ сапасын арттыруға тырысып отырған.
____________________________________________


1Ушннский К.Д Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері
Алматы, Каз.Мем.ОҚБ. 1951-846


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет