Тақырыбы: Ару аналар, сұлу қыздар!
Мақсаты: Жас бүлдіршіндердің білімін, өнерін тамашалап, салт - дәстүрді жетік
білуге, өз өнерлерін көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сайысқа қатысты құрал - жабдықтар, сыйлықтар, шарлар, мадақтамалар.
Барысы: I - жүргізуші: Аяулы аналар, ардақты арулар мен ұстаздар!Сіздерді 8–наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, ғұмырларыңызға саулық, өмірлері ңізге сәттілік тілейміз! Олай болса, «Ару аналар, сұлу қыздар»атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
II - жүргізуші: Ана десем сезім билер тым ыстық Ана десем шешек атып жанары,
Жарасымды адамдарға туыстық Өмірімнің бастау алар жаңа әні
Бір адамға берсе ана мейірін, Ана деген тіршілікте пана боп
Орнар еді бар әлемде тыныштық Әрбір үйде жұлдыз болып жанады. Көктем мерекесі, Аналар мерекесі құтты болсын!
I - жүргізуші: Арулар – аяулылар, ардақтылар
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар
Арулар – тіршілікке күре тамыр
Өмірді бір - біріне жалғап тұрар,- деп ақиық Мұқағали ақын жырлаған дай «Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен» аналар дың еңбектерін сөз бен айтып жеткізу мүмкін емес. Аналары бақытты елдің ұрпағы да бақытты ғұмыр кешеді. Анасы жыламаған елдің баласы да жыламасы анық.
II - жүргізуші: Олай болса, бүгінгі кешіміздің қонақтары асыл аналарымызға құрмет көрсету – біздің перзенттік парызымыз. Аналарымыздың жүздерінен шаттық пен күлкі кетпесін. Ән: «Сенің анаң»
I - жүргізуші: Біз ғана емес,
Қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар
Ана деген – тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар
II - жүргізуші: I - тур. «Сәлем – сөздің анасы»
Қыз аты - қыз, қыз әдебі
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі
Сайысқа келген қызымыз бен анамызға
Таныстырып өздерін өтсе дейміз,- деп таныстыруға кезек береміз.
I - жүргізуші: II - тур. « Шебердің қолы ортақ»
Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан
«Шеше көрген тон пішер»деген рас
Қыздарымыз бен аналарымыз шебер қолға араласқан - дей келе, үйден орындап келген қолөнерге кезек береміз. Би: түрік биі
II - жүргізуші: III - тур. Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Аналарымыз бен қыздарымыз жан салыпты
Ән: «Мереке күніңмен» Келесі сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады
I - жүргізуші: IV - тур. «Салт – дәстүрді білесіз бе?» Салт - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшеліктеріне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарына байланысты сұрақтар беріледі.
Аналарға арналған сұрақтар: 1. Еттен табақ тарту дәстүрінен сұрақ. Қыздар
табағына қандай ет мүшелері салынады? (Жүрек, бүйрек, жағы мен тілі салынады)
2. Ерулік деген не? Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан
тұратын ерулік береді, қонаққа шақырады.
Аналарға арналған сұрақтар: 1. Бала тәрбиелеудегі салт - дәстүрден сұрақ.
Тұсаукесер тойы туралы не айтуға болады? (Сәби жүре бастаған кезде ата – анасы
«Балам тез жүріп кетсін» деген оймен жасалады.)
2. «Бәсіре»деген не? (қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп алатын
ен салынған мал)
Аналарға арналған сұрақтар: 1. «Жиен ел болмайды, желке ас болмайды»дегендегі
«жиен»кім? (Күйеуге шыққан қыздан туған бала)
2. «Тоқым қағар»деген қандай дәстүр? (Мал сойылып, үлкен кішіні шақырып қонақ
етеді. «Сапары сәтті болып, аман – есен оралса» деген ақ тілекпен шыққан шын ниет )
Аналарға арналған сұрақтар: 1. Сыбаға деген не?(Құрметті қонақ немесе өздерінің,
жақын - жуығына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Үлкен
ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады.)
2. «Тұлым қою» деген не? (кішкентай кезінде баланың барлық шашын өсірмей екі
шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды)
Қыздарға арналған сұрақтар: 1. Қазақ елінде ертеден келе жатқан қандай
мейрамдарды білесің? (Ораза айт, Рамазан айт, Наурыз)
2. Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің? (көже, қазы - қарта, жал - жая,
қымыз, ет, қуырдақ айран, бауырсақ, құрт, ірімшік)
3. Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар. (Сырға, жүзік, моншақ, білезік т. б)
4. Ұлттық ойындардың түрлерін атаңдар. (Ақсүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар,
қыз қуу, бәйге т. б) Ән: «Қайран жеңгем»
II - жүргізуші: V - тур. «Сән үлгісі»
«Адам көркі – шүберек» деген екен
Қазір де сән үлгілер керек екен
Әр арудың өз бейнесі өзгеше
Сыр шертеді талғамы, бөлек елден - деп, ару аналар мен сұлу қыздарымыз дың ешкімге ұқсамайтын, өз қиялымен туындаған киім үлгісін тамашалайық.
I - жүргізуші: VI – тур. «Дәм тата білейік» Өздеріңе жарасып тұр сәндерің,
Таусылмасын айтатұғын әндерің.
Ару ана, сұлу қыздар бүгінгі
Дәмді болсын дайындаған дәмдерің
II - жүргізуші: Аналар – ау, менің шалқар көлдерім
Көлдерім мен асқар - асқар белдерім
Мына өмірде қуанышты жүргенім –
Сенің арқар мына өмірге келгенім
I - жүргізуші: Айналайын қазақ деген халқынан
Таймаса екен рухани қалпынан
Өнері бар саналатын құндылық
Жеткен бізге ата - баба салтынан Ардақты аналар, аяулы апайлар, ақкөңіл жеңгейлер, қылықты қыздар, әрқашан да сіздер өмірдің мәні мен сәні болып жүре беріңіздер! Мейірімді жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Хор: «Анаға арнау»
Қазақша сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Қош келдің, әз Наурыз!)
Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
1 – жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
2 - жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүргізуші: Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1 - жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Хор: «Наурыз той»
Ая: Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Жазира: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Айжан: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Мұғалім: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
1 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.
2 - жүргізуші: Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 – жұп: Дильназ бен Арсен
2 – жұп: Бержан мен Гүлжан
3 – жұп: Меруерт пен Айдын
1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 5 байқаудан тұрады.
1 – бөлім: «Кел, танысайық»,2 - бөлім: «Ағаш көркі жапырық», 3 - бөлім: «Өнерлі өрге жүзер», 4 - бөлім: «Мені жалғастыр», 5 – бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр».
2 - жүргізуші: Әділ – қазы береді,
Өздеріңе сыйлықты.
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді.
Нұрдос: Ақпан кетті араз боп Наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
Көктем жетті көрісіп, жанын үзген
Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Назгүл: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,
Мейірім танысын деп тасып өткен.
Наурыз сән – салтанат, ұлттық рух,
Бақытты Наурызы бар халқым неткен!
1 - жүргізуші: Деген екен Қазақ халқы «Сәлем – сөздің анасы,»
Біледі оны еңкейген қарт, еңбектеген баласы.
Амандасу – ізгіліктің, сыпайылықтың белгісі,
Сәлем достар! Амансың ба? Қалайсың? – деп «Кел, танысайық!» атты бөлімімізді бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
2 - жүргізуші: Келесі бөліміміз «Ағаш көркі жапырақ» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлеріміз жапырақтарды алып, ондағы сұрақтар жауап береді. Жауап берген соң жапырақты мына талға іліп, ағашты безендіреді.
1 – сұрақ: Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
2 – сұрақ: 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10см)
3 – сұрақ: Адам өміріне қажетті 5 жағдай...(ауа, тағам, жылу, жарық, су)
4 – сұрақ: Қызыл кітап не үшін қажет? (Азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қажет)
5 – сұрақ: Зат есім дегеніміз не? (Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге не? Нелер? кім? Кімдер? Деген сұрақтар қойылады. Зат есімнің жалпы, жалқы жекеше, көпше сияқты түрлері бар.)
6 – сұрақ: Жұмбақ
Ағаштардың көсемі
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау өлкені,
Кәусар ауа жұтады. (Шырша)
Альбина: Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.
Берекет: Наурызым - тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
Ән: «Аққуым менің» Орындайтын Оразбаева Ая.
1 - жүргізуші: Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатыр жолында.
Сайыста ән салайық, би билейік,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
(Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.)
Ақмерей: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.
Аркен: Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
Ақниет: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Қызық думан - мереке,
Қызық думан құрамыз.
2 - жүргізуші: Келесі бөлім «Мені жалғастыр» деп аталады. Бұл бөлімде карточка алып, ішіндегі мақалды немесе өлең жолдарын жалғастырады.
Ортаға барлық сайыскерлерімізді шақырамыз.
1) Әдепті бала – арлы бала,
.............................................
Өлеңді жалғастыр
................. тоңбаймын,
.................. қорғаймын.
Ойынға бір. ..................
Секеңдеуді . ....................
2) Таулы жер бұлақсыз болмас,
...................................................
Өлеңді жалғастыр.
..................... сайрайды,
..................... жайнайды.
...................... құлпырып,
....................... сыйлайды.
3) Бір тал кессең -. .........................
Өлеңді жалғастыр.
................. атпаймыз,
................. сатпаймыз.
.................. қорғаймыз,
................. ақтаймыз.
1 - жүргізуші: Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» деген рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, - дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.
2 - жүргізуші: Енді ұлдарымыздың мергендігі мен шыдамдылығын анықтау мақсатында асық атып жарыстырайық. Ортаға ұлдарымызды шақырайық.
1 - жүргізуші: Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,
Берер деп әділ – қазы әділ баға – деп, әділ – қазыларға сөз кезегін береміз.
2 - жүргізуші: Келер күнге бар үмітті табынтып,
Бар халықты қуантатын бұл қай кез?
Хормен: Наурыз!
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,
Ризығың болсын көл – көсір!
2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу – тәрбие жөніндегі орынбасарына, ата – аналарға беріледі.
Білім берудің қазіргі заман талабы - шығармашылықпен жұмыc жасайтын, бәcекеге қабілетті, құзіретті тұлға тәрбиелеу.
Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет]
Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарлату
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Практикалық маңызы
Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;
Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;
Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;
Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
Сабақ берудің сапасын арттыруға;
Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критерийдің мазмұны:
Критерийлер
|
Дескрипторлар
|
А
|
Білу және түсіну
|
Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу
|
В
|
Қолдану
|
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады
|
С
|
Сыни ойлау жәнезерттеу
|
Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
|
D
|
Коммуникация және рефлексия
|
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.
|
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет.
Мұндай бағалау кезінде өзіңді басқа адаммен салыстыру шарты жоқ, сондықтан критерий түрлері бойынша мүмкіндігіңді бағалап, жетістікке жету жолдарын қарастыру.
Әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей.
2. http://moodle.nis.edu.kz
Критериалды бағалау — оқу жетістігін бағалау
Мақала авторы: Текеева Жанша Тажибаевна
Жұмыс орны: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жариялану мерзімі: 14.03.2016
Критериалды бағалау- оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр. Енді осы бағалауды қалайша қолданып келеміз.Бастапқыда кезеңде нақты түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай жүзеге асыруға жұмыстана бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл — сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ.
Оқуды тиімді бағалау — білім беру мен оқытудағы ең негізгі кезең. Өйткені, ол оқыту барысында оқушыны алға ілгерлеу қадамдарын айқын жасауына және нәтижеге жетуіне ықпал ететін күш. Бүгінгі саналы ұрпақты жаңа тәсілдермен оқыта отырып, бағалау немесе өздеріне бағалату мұғалім үшін де, оқушылар үшін де жауаптылықты қажет етеді.
Күнделікті сабақта білім алушылар топтық жұмыста өздерін бағалай алады. Олар әр жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағаға талаптана алады. Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып, сабақтың деңгейі артады. Бағалау парақшасына зейін қоя отырып, оны қолдануға бейімделе бастайды. Әр оқушы өзін көшбасшы ретінде қатарға қоя алады. Бұл да еркіндік, бұл да жаңаға ұмтылыс.
Негізінде, баға қою — оқушыны оқуға міндеттейтіні белгілі. Кейде бұл кері әсер беретін тұстары да болады. Жақсы оқитын оқушы нашар баға алмауы керек секілді ой туындайтынын ескерсек, бағаны қоюда оны қалай тиімді қолдануға болады? Қандай жағдайда оқушының оқуға қызығушылығын туғызуға және білімді меңгертуге болады? Осы тұста бүгінгі білім додасында бағалаудың қандай түрлері бар және оларды қалай пайдалануға болады деген сауал көкірегімізге ұялайды. Ол үшін Блумның «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» теориясын әбден түсіне отырып, сабақта қолдана білу керек.
Сабақ жоспары оқыту мақсатына сай жоспарланады. Ал мақсаттың толық жүзеге асуы үшін бірізділік принципі сақталады. Қолданылған стратегиялар мен тәсілдер негізінде сабақта күтілетін нәтижеге жету қарастырылады.
Енді бағалауға келсек, қалыптастырушы бағалау, бұны күнделікті сабақта қолданып жүрміз. Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетсе, мұғалімнің пікірі арқылы «жеттімен» тағы бағаланады. Ал тоқсан соңында ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді.
Оқушының сабаққа ынтасын арттыруда алдымен психологиялық тренингтер жүргізу керек секілді. Өйткені, сабаққа зейіні ауған оқушының білімге деген құштарлығын қызықтырғыш элементтер арқылы артатыны белгілі. Ол үшін сыныпта «Бәрімізге бақыт сыйлайық» сәтін жиі ұйымдастырған дұрыс. Осы кезде оқушылардың бойына мейірім мен шынайылылық қалыптаса бастайды.Осындай жылы сезімдермен бір- бірінің қолдарынан ұстап ізгі ниет білдіреді.Топқа бөлу үшін берілген суреттерде жарқын тұрмыс, не тәтті тағам немесе жылы шырайлы келбет беретін гүл суреттерін, болмаса жандарына жылылық ұялататын жақын адамдардың келбетін ұсынған дұрыс.Ол да сабақтың нәтижелі өтуіне ықпал етеді. Сабақ басталарда жағымды ахуал туғызу мақсатында тақырыпқа сай «Сөйлемді аяқтай сал» әдісі, көп нүктенің орнына қажетті тиісті ақпаратты жазу ұсынылады. Оқыту үшін бағалау, бағалау арқылы оқытуды жақсарту, сыни көзқарас таныта отырып, топтасып жұмыстануға ынталандырады. Міне, бұлардың барлығы сабақ процесінде үнемі дағдыға айналған жұмыс.
Мұғалім өзінің күнделікті жоспарын құрған кезде оқыту үшін бағалау әдісін енгізеді. Сөйте тұра, ол бағалаудың не үшін қажет екендігіне ойлана отырып, сол арқылы оқушыдан күтілетін нәтижеге жұмысын бағыттайды. Мұғалім алдымен сабақта нені мақсат етіп алды, оған жетудің қандай жолдары барын жүйелей отырып, жоспар құратыны анық. Алдында айтып кеткенімдей, оқыту үдерісінде жетістікке жету үшін оқытушы мен оқушы белгілі бір критерий арқылы білім нәтижесіне жетеді.Бағалау міне, осы тұста керек.Ол үшін мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері алынады.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша бірнеше қадам жасалатынын білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою, сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын әрі қарай дамыту), жаттығу (жазбаша түрде болса өз көзқарасыңды білдіріп көр, ойыңды өмірмен байланыстыра отырып, нақты баяндап, ойыңды түйіндеп жазып шық т.б.).Бұл көбіне жеке жұмыс жасаған тұста керек. Ал топтық жұмыста бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, белгілі критерий арқылы жоба қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым не айтылым дағдысында атқара алады. Планшетте «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топ бірін-біріне бағалау жүргізеді.Бағалауда топ спикерінің міндеті зор болады. Әрі шынайылық басым болады.Қорғайтын жобаны топ дайындай отырып, уақыт мөлшеріне бағына отырып қорғайды. Осы тұста өзгелер комментарий айта отырып, жетістік критерийімен бағалайды.
Бағалауда күмәнді ой туғызатын сәттері де бар. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы кейде шындыққа жетпей ме деп қаласың. Дегенмен бұндайда оқушының әрекетінен сол сәтте тіпті жақсы қадамға бару мүмкіндігі де туып жатады. Сыныптастарын бағалау оқушылар арасында маңызды рөл атқарады, себебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, сынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталасқа түсуіне сенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шығуға мүмкіндік береді. Сондықтан «Екі жұлдыз, бір тілек» және «Мадақтау сэндвичі», тіпті кейде сабақ үрдісінде «Керемет», «Тамаша», «Ризамын саған» сияқты мадақтаулармен де бағалауды қолданамыз.
Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, критерийлерді айқындау арқылы жүргізіледі, нақтылық осы «жетті» не «талпынадымен» бағаланады. Ал ішкі жиынтық бағалау: оқуды бағалау, жиынтық баға. Оқушы жұмысы ұпаймен бағаланып деңгейі салыстырылады. Бағалау ұқсастығы: мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады.
Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесіне өзгерістерін енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау — бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктер мен салыстыру үрдісі .
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр.
Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау — бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.
14.03.2016 ZhanshaБілім берудің негіздері
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет.
Оқыту - мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет] Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады.
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет]
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
• Мектепте оқыту сапасын жоғарылату;
• Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Критериалды бағалаудың міндеттері:
• Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;
• Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;
• Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;
• Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;
• Әр түрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;
• Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;
• Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
• Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
• Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
• Сабақ берудің сапасын арттыруға;
• Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
• Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
• Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
• Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
• Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
• Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге
Ата-аналар үшін:
• Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
• Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
• Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
• Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
• Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
• Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлану, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары, рефлексия, коммуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жеке жұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары, мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар, IT-технологияларды қолдану дағдылары.
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Дескриптор - жетістік деңгейінің сипаттамасы.
Критерийлер
Дескрипторлар
А Білу және түсіну
Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу
В Қолдану
Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады
С Сыни ойлау және зерттеу
Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп, бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.
D
Коммуникация және рефлексия
Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактілер мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін, басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді, оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.
Критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы үрейленуді басады және мұғалімді «төрешілік» қызметінен босатып, оқушы бойында өзін-өзі бағалау, өз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою және сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. [МАН, 55 бет]
Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау) маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты–оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі.Уақыт көлемі тапсырма деңгейіне сәйкес 5-10 минут болуы мүмкін. Сабақ барысында қалыптастырушы бағалаудың формальді, формальді емес әдістерін тиімді әрі жүйелі қолдану қажет. Мәселен,10-сынып бойынша қазақ тілі сабағында «Қазақстан облыстары: құрылу тарихы» тақырыбын өту кезеңінде оқушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында алынған қалыптастырушы бағалау критерийін қолдандым:
Тапсырма: Мәтін бойынша өз көзқарастарын тұжырымдау
Оқу мақсаты Критерийлер Дескрипторлар Жетті Талпынады Қорытынды
ОМ1
В Мәтіндегі негізгі ойды анықтау
Мәтіннің стилін анықтау
ОМ2
С Мәтіннен берілген сөздерге морфологиялық талдау жасай алу
Жасырын, ашық тест орындау
ОМ3
D Қазақстан облыстарының құрылуы жайлы тың ақпарат бере білу
Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу - жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.
Жеке тұлға тәрбиелеуде тіл құзыреттілігінің маңызы ерекше екені белгілі. Әлеуметтік топтарда, қоғамдық түрлі әлеуметтік орындарда тұлғалармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілін және басқа тілдерді меңгеру – заман талабы. Олай болса, білім алушының тіл құзыреттілігін жетілдіруге критериалды бағалау жүйесінің ықпалы өте зор.
ОҚЫТУДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ
"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы"
А. Байтұрсынов.
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды.
Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологияларда баршылық. Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.
Критериалды бағалау – оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін, білім беру үдерісіне қатысушылардың (оқушы, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақты анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысананың артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатыр. (Александер, 2001)
Бағалау - оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым екі аспектіні көздейді: оқуды бағалау және оқу үшін бағалау. Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағытталған. Оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған. «Бағалау» термині «жақын отыру» деген сөзді білдіреді. Бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін, тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл ресми тестілер, емтихандардан бастап, мұғалімдер күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау түрлерін қамтиды. Бір тестілер қолдағы қарындаш пен қаламның көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән және олар төмендегілерді қамтиды:
қадағалау;
алынған мәліметтер интерпритациясы;
бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтауға бағытталған қорытынды.
Мұғалімнің бағалаудағы ролі:
Мұғалім тәлімгер ретінде - кері байланысты және әр оқушыға қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді;
Мұғалім жетекші ретінде - топтағы ағымдағы жұмыс үдерісіне алып жүру үшін диагностикалық ақпарат жинастырушы;
Мұғалім есепке алу маманы ретінде - оқушылардың өсуі мен жетістіктері туралы жазу;
Мұғалім баяндамашы ретінде - оқушылардың өсуіне қатысты ата-аналарына, оқушыларға және мектеп әкімшілігіне баяндау.
Оқу үшін бағалаудың негізгі сипаттамалары:
1. Оқыту мақсатымен бөлісу.
2. Алда не күтіп тұрғанын оқушылардың білуіне көмектесу.
3. Өзін-өзі және құрбыларын бағалау.
4. Оқушылардың жақсарту үшін не қажет екендігіне көмек беретін пікірлермен қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың өздерін жетілдіре алатынына сенімділігін дамыту.
6. Өзара бірлесіп бағалау туралы ақпаратты талдау және ойластыру.
Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олардың қандай қиындықпен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы
керек. Бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі қажет.
Интерпретация қызығушылық тудыратын мәселелерге, ерекше дағдылар, көзқарастар немесе оқыту түрлеріне қатысты жүргізіледі. Мұндай өлшемдерді көбінесе критерий деп атап, оларды оқу мақсаттарына немесе міндеттеріне жатқызады. Мұғалім жоспарланбаған өзара әрекеттесушілікті, нәтижелерді бағалайды және өткенге шолу өлшемдерін қолданады. Интерпритацияның көмегімен мінез-құлықты сипаттауға немесе түсіндіруге талпындыруға болады, логикалық қорытынды шығарылады. Мысалы, бала айтқан нәрсе оның миында болып жатқан құбылыстың нәтижесі болып табылады. Мәліметтерді интерпретациялау негізінді қорытынды жасалады, ол бағалауды көздейді. Бұл кезеңде бағалау үдерісі туралы мақсаттарға және алынған ақпарат қолданылатын міндеттерге байланысты әр түрлі нысанда жүруі мүмкін.
Оқу үшін бағалауға қарағанды, оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Оқуды бағалау кезінде бір оқушының жетістіктерінің белгіленген нормаларымен немесе бірдей жастағы оқушылардың қол жеткізген деңгеймен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай қорытындылар стандартқа немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке сәйкес немесе сәйкес емес деген нысанда жасалады.
Оқу үшін бағалау кезінде қолданылатын қадағалау, интерпретация және өлшемдер оқуды бағалау кезінде қолданылатын өлшемдерге ұқсас болуы мүмкін, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады.
Оқу үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық]
Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Оқушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
Әрбір оқушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
Білімді меңгерудің жыл аяғындағы ғана емес, күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
Оқушының сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыруы. Бағаға қарсы теріс көзқарастың болмауы;
Оқушы білімінің жүйеленуі,тереңдеуі,есте сақтауы. Оқушыны табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде анықтауы;
Оқушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері байланыс ақпаратын алуы;
Оқушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы. (өзіндік жұмыс, ағымдағы бағалау, қорытынды бақылау, тренинг,үй жұмысы, шығармашылық т.б)
Оқушының білімін ағымдық және қорытыныды бағалау;
Баға сапасын арттыру.
Критериалды бағалау жүйесі оқушының белсенділігін арттыруды, оқу үдерісінде жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.
Тәжірибелік маңыздылығы:
- жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;
- оқушы жұмысы алдын- ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады;
- бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды, сондықтан оқушыларға баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады.
- өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі.
- оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
Критериалды бағалау
Мұғалімдерге:
1. Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге;
2. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға;
3. Білім беру сапасын арттыруға;
4. Оқытудың сапасын жақсартуға;
5. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;
6. Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
7. Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді
Оқушыларға:
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;
2. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;
3. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;
4. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Ата-аналарға:
1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;
2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;
3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;
4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;
5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Мұндай бағалау жүйесінде біз балаларды оқытуда жеке жұмыс, топтық жұмыс, ой қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді қолдана аламыз. Осы әдістерді қолдана отырып оқушылардың оқуға деген ынтасының, қызығушылығының арта түскенін байқауға болады. Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады.
Сабақтың соңында ББҮ кестесін толтырту (INSERT) картасы беріледі
Білемін
Нені білдім?
Білгім келеді
Қосу-алу қызықта
Қатысушылар төмендегі кестені толтыру арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізеді.
+
-
Қызықты
+ не білдің? қандай ақпарат алдың?
- не түсініксіз? қандай ақпарат алу қиын болды?
Қызықты-бүгін саған ұнады? қандай ақпарат қызық болды? не білгіңіз келеді?
Топтарды сабақтың барысына қарай мынадай бағалау парағы арқылы қорытынды баға қоя аламыз
Тапсырмалар
Топтардың аты
Сұрақ - жауап жүргізу
Өлеңді оқыту, талдату
Венн диограммасы
Топпен жұмыс
Болмасаң да ұқсап бақ
Жалпы балы
Қорытынды
Рефлексия
"Жетістік" баспалдағы
Сабақ соңында қатысушылар баспалдақтың қай тұсында тұрғанын белгілейді, түсініктеме береді.
мен барлығын түсінгеніме сенімдімін.
мен барлығын түсінгеніме жартылай сенімдімін.
мен қайталауды қажет етемін.
мен ештеңе түсінбедім.
Сауалнама
Қатысушылар төмендегі сауалнамаға жауап беру арқылы бүгінгі сабаққа рефлекися береді.
Мен сабақта жұмыс жасай білді- белсенді/белсенді емес
Өз жұмысымды мен - қысқа/ұзақ
Маған сабақ - түсінікті/түсініксіз
Мен сабақта- шаршадым/шаршамадым
Сабақтағы материал- қызық/қызықсыз
Үй тапсырмасы маған- қиын/жеңіл
Мен сабаққа- қажет/қажетсіз
Критериалдық бағалау жүйесінің қызметі:
балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір
айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;
оқушының тек оқу жылындағы ғана емес сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;
ағымдағы және қорытынды бағалар қоры арқылы оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетуге болады;
білімді бағалаудың объективтілігін жоғарылатуға мүмкіндік береді;
оқушының әртүрлі жұмысты орындағаны үшін алған бағаларының мәнін түсініп, жіберген қателіктерін анықтап, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді;
ата-ана - мектеп - оқушы арасындағы байланысты нығайта түседі.
Бүгінгі заман талабы - жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.
Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.
Пайдаланғанәдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |