Wіndows операциялық жүйесінде шағын МҚ құрудың ең қуатты, жылдам өңдеуші программаларының бірі — Mіcrosoft Access.
Ассеss – дүниежүлік қолданушылары сәтті қолданылатын ең белгілі МҚБЖ –ның бірі болып табылады.
Сұрақтар:
Access мәліметтер қоры қандай компанияның өнімі?
Access мәліметтер қорын ДК-де қандай командалар арқылы қоса аламыз?
Microsoft Access – тің негізгі объектілері
Кестелер –БҚның негізгі объектілері, олар жазбалар мен өрістерден тұрады. Кестелерде берілгендер сақталады.
Сұраныстар Берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерді қолданушының анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен берілгендерді зерттейді, фильтрлейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни, өңдейді.
Формалар – Кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы экранға бейнелейтін және басқаратын құрал.
Есептер – Кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі түрде басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы берілгендерді редакциялауға болмайды.
Макростар – Макрокомандалар жиынтығы. Егер БҚ-да қандайда бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командалардың бір макроста жинап, оған клавиштер комбинациясын сәйкес қоюға болады.
Модульдер – Бұл Visual Basic тілінде жазылған программалық процедуралар. Егер Ассеss-тің стандарттық құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда, программист процедуралар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.