Форма-кестедегі немесе сұратудағы мәліметерді қолданушылар қысқа және қолайлы түрде көру үшін қолданылады. Форманың көмегімен кестеге басқада қосымша өзгерістер енгізуге болады.
Формада суреттер, графиктер немесе басқада жаңа енгізілген объектілерді және мәліметтерді өңдеу үшін Vіsual Basіc тілінде жазылған процедуралар болуы мүмкін.
Форма нысаныны қолдану үшін Создание - Форма командасын таңдау керек.
Әр нысанмен танысу. Кестелерге форма нысанымен мәліметтерді енгізу.
Есеп объектісі
Есеп объектісі
Есеп беруші (Отчеты) — кестеде немесе сұратуда берілген мәліметтерді баспаға шығару үшін қолданылады. Mісrosoft Access-теесептің әртүрлі формалары қолданылады.
Кейбір есептер негізгі мәліметтерді шығару үшін қолданылады, олармен қатар есепке басқа МҚ-нан мәліметтер енгізуге болады.
Жай есептер Автоесеп беруші ісмерінің көмегімен құрылады. Кестеден немесе сұратудан автоматты түрде есеп құрудың Ленталы және Бағаналы түрлері болады.
Автоесеп құру үшін:
1. Есеп беруші (Отчеты) қосымшасында ашылған тізімнен Жаңа объект (Новый объект) жолы таңдалады, ашылған сұқбат терезеден Жаңа есеп (Новый отчет) жолын таңдау керек.
2. Автоесеп беруші : бағаналық (Автоотчет: в столбец) , Автоесеп: ленталық (Автоотчет: ленточный) вариантын таңдау керек.
3. Ашылған терезеден есеп құруға негіз болатын кестені немесе сұратуды таңдау керек.
4. ОК батырмасына басса, экранда есеп берушінің құрылымы көрсетіледі.
5. Егер есеп беруші керек болса , оны баспаға шығарып немесе терезені жабу қажет.
Шебердің көмегімен есеп беруші құру.
Есеп беруші ісмері (Мастер отчетов) — есеп беруші көрсетілетін өрістерді таңдау және мәліметтерді топтау, өңдеу, форматтау мүмкіндіктерін береді.