Көрнекіліктер: доп, карточкалар.
Ойын шарты: балалар бір- біріне кезекпен допты лақтырып, антоним сөздерінің бірін айтады.
Ал допты қағып алған бала тәрбиешіге кері лақтырып, айтылған сөзге
қарама- қарсы сөзді айтуы керек.
Мысалы: ыстық – суық, ауыр – жеңіл,
ұзын- қысқа, асты – үсті.
«Заттың атын ата» №23
Мақсаты: заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын
дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Көрнекіліктер: ыдыс, көкініс пен жемістердың суреттері, муляждар,
қоржын.
Ойын шарты: әр түрлі жемістер немесе көкіністер суреттері және
муляждар салынған ыдыстан бір бала осы заттардың бірін алады да, сол заттың атын атап, оны жан- жақты сипаттайды.
Баланың көз алдыңда қоржыннан кез келген затты алғызуға болады.
Бала оны жақсылап, не екенін ажыратады да атын айтып, сипаттайды, атайды.
«Қайсысы ұнайды?» №24
Мақсаты: суреттен көрген заттарының атын атап,суреттеп қайсысының ұнайтынын, не үшін ұнағанын айтқызу. Сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: жануарлар, жыл мезгілдерінің суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі суреттерді көрсетіп, олардың қайсысының
ұнайтыны, не үшін ұнағаны туралы сұралады.
Олардың қай мезгілде бейнеленгенін айтқызады.
Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер еңгізу үшін,тапсырманы
түрлендіруге болады.
Олар туралы балалардың білетін өлеңдерін айтқызуға болады.
«Не артық?» №25
Мақсаты: балаларды суретке, оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен үй жануарлары жайлы бейнеленген
суреттер.
Ойын шарты: үлгідегідей әр түрлі берілген суреттер-
ден ненің артық екенін табады.
Берілген суреттерді топтастырып, олардың жалпы
атауын айтады.
Неліктен артық екенін түсіндіреді.
Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерің бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |