Көрнекілік: асық.
Ойын шарты: балалар дөңгеленіп тұрады. Бір бала ортаға шығып, балалардың кез келгеніне асықты лақтырып жібереді де, «жер», «су», «ауа» деген сөздің бірін айтады.
Егер бала «жер» десе, асықты қағып алған бала жерде тіршілік ететін құстарды, адамдарды, өсімдіктерді атайды.
Ауа дегенде құстарды атауы тиіс. Осылай ойын жалғаса береді.
«Қайсысы ұнайды?» № 33
Мақсаты:суреттен көрген заттарының атын атап, суреттеп, қайсысының ұнайтынын, не үшін ұнағанын айтқызу.
Сөздік қорын молайту.
Көрнекілік: жануарлар, жыл мезгілдерінің суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі суреттерді көрсетіп, олардың қайсысының
ұнайтыны, не үшін ұнағаны туралы сұралады.
Олардың қай мезгілде бейнеленгенін айтқызады.
Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы
түрлендіруге болады.
Олар туралы балалардың білетін өлеңдерін айтқызуға болады.
«Көктем» №34
Мақсаты:балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуге,
тапқырлыққа, төзімділікке баулу.
Ойын барысында жәндіктер, құстар, аңдардың атын дұрыс, анық айтуға
үйрету.
Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достыққа қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: жәндік, құс, аңдардың суреттері.
Ойын шарты:теледидардан көктем мезгілінің суреті көрсетіліп, көктемдегі өзгерістер туралы айтқызылады.
Балаларға құс, жәндік, аңдардың суреті таратылады.
«Жәндіктер» кімде дегенде, жәңдіктердің суреттері бар балалар
орындарынаң тұрады.
Онан кейін құстар да, аңдар да топтасып орындарынан тұрады.
Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін тапсырманы түрлендіруге болады.
Олардың тіршілік ететін жерін, немен қоректенетіндігін айтқызу.
«Сөзге сөз қос» №35
Мақсаты:сөзге сөз қосып, сөйлем құрастыру арқылыбаланың зейінін,
шапшаң ойлауын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |