Өз есіміңізге өзіңіздің жақсы бір қасиетіңізді қосып айтып, танысыңыз



Дата28.07.2017
өлшемі18,1 Kb.
#22240
түріСабақ
  • Нұсқау: Қазір сіздерге жеміс –жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдау арқылы сіздің мінез-құлқыныз қандай екенін , соған тоқталайық.
  • Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән талғамыңыз нәзік. Ешкімге тауелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыныз жоқ емес.

Қарбыз

  • Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар, шиеленіске, жанжал, дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
  • Шабдалыны ұнататындар көпшіл, кез келген адам мен тіл табыса алатын ашық жарқын болып келеді. Сізден сыпайылылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз – қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
  • Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығынызға берілгенсіз, оның қандай тапсырмасы болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын жанды, өз-өзіңізге риза адамсыз.

Жағымды орта қалыптастыру

  • Көңіл- күйлеріңіз қалай?
  • Топтасып, жұптасып, жеке жұмыс істеуге дайынсыздар ма ?
  • Сабақ бастауға дайынсыздар ма?
  • Үйренуге дайынсыздар ма?
  • Жаңалыққа дайынсыздар ма?
  • « 3 минутты эссе» »
  • «Мен іс-тәжірибемге қалай өзгеріс ендіре аламын»
  • Тапсырманы орындау барысында қандай әрекеттер жасадыңыз?

Визуалды (көзбен көретін) дәлелдер негізіндегі сыни тұрғыдан ойлау

  • Тапсырма: Суреттерді төмендегі қағидаттар бойынша топтастырыңыз
  • 1. 100 жыл бұрын
  • 2.100-50 жыл бұрын
  • 3.50-25 жыл бұрын
  • 4. Соңғы 25 жыл
  • Сын тұрғысынан ойлату оқушыларға не әкеледі?
  • Сын тұрғысынан ойлатудың мұғалім үшін маңызы қандай ?
  • Сын тұрғысынан ойлауды қалай дамытуға болады?
  • Сын тұрғысынан ойлауға бағытталған тапсырмалар қажет пе?

“Сыни тұрғыдан ойлау"

  • СТО – өзіндік жеке ойлау болып табылады. Ол-өз алдына өзіне сұрақ қойып және үнемі сол сұраққа жауап іздеп, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтауды айтады.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері

  • Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
  • Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.

Сын тұрғысынан ойлау әдістері

Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету «Ойлау туралы ойлану»

  • Ойлау
  • Талдау
  • Тұжырымдау
  • Бағалау
  • Сыни тұрғыдан ойлаудағы оқушының ерекшеліктері
  • Ұқыптылық
  • Тәртіп
  • Қызығушылық
  • Пайым

Миға шабуыл стратегиясы

  • Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). – Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы. – Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

ДЖИК СО стратегиясы

  • ДЖИК СО стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.

Куббизм стратегиясы

  • Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
  • Сипатта (түрі, түсі, көлемі) Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы) Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)
  • Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін) Талда (қалай жасалған, неден тұрады?) Ой толғау (бұл неден жасалған?) Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады.

Блум таксономиясы, сұрақтар стратегиясы

  • Блум таксономиясы, сұрақтар стратегиясы - Блум сұрақтарды екіге бөледі. Олар жалпақ және жіңішке сұрақтар. Сұрақтар тізімі алдын ала жасалуы тиіс. Алдымен жіңішке сұрақтар, сосын жалпақ сұрақтар кетеді. Жіңішке сұрақтар - еске түсіруге арналған сұрақтар, жауабы нақты цифрмен немесе ия, жоқ деген жауап алынатын сұрақтар. Мысалы: - желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? - 1986 жылы - Сенің таныстарыңның ішінде оқиғаға қатысқан адамдар бар ма? – бар.
  • Венн диаграммасы стратегиясы – Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне айқасқан екі немесе үш шеңбер.(тек шеңбер ғана болу керек деген қате түсінік) Екі жағына салыстырылады, ал айқасқан жеріне ортақ қасиеті жазылады. Оқушылардың ойлары аршылып, салыстыру сияқты күрделі операция жүзеге асады.
  • Венн диаграммасы стратегиясы

Оқушы қадамдары

  • Қорытындыны негіздеп,
  • өзектілігін, маңыздылығын
  • анықтайды
  • Ұқсастықтар мен
  • айырмашылықтарды салыстырады
  • Көру не ауызша
  • дәлелдермен
  • танысады
  • Дәлелдерді
  • зерттейді
  • Суреттер мен
  • пікірлерді зерттейді
  • Интерпретациялау
  • нәтижесіндегі білімді
  • қолданады
  • Дереккөзден жинаған
  • ақпаратты қолданады
  • Болжамжарды,
  • ұсыныстарды анықтайды

  • СТО бағдарламасының сабақ өту кезеңіндегі ерекшелігі неде деп ойлайсыз?
  • «Алақан»
  • Бас бармақ Не ұнады?
  • Балан үйрек Жаңа не білдім?
  • Ортан терек
  • Не жөнінде ойландыңыз?
  • Шылдыр шүмек
  • Өз қоржыныма не аламын?
  • Кішкентай бөбек
  • Не білгім келеді?
  • Басбармақ
  • Мұғалімдердың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
  • Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
  • Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
  • Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
  • Назарларыңызға рахмет
  • Сергіту сәті
  • Сергіту сәті

«2 жұлдыз, бір тілек»

  • Екі жұлдыз = екі ұнаған нәрсе (жұмыс туралы);
  • Тілек -жақсартуды қажет ететін нәрсе.
  • Back to AFL Tools
  • Қызыл қалпақ – Түйсік
  • Менің түйсіктік реакциям қандай?
  • Менің түйсігім маған не дейді.
  • Өз ойларыңды жазыңыз.
  • Қара қалпақ - Жағымсыз
  • Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз?
  • Қандай проблемалар бар?
  • Маған не ұнамайды?
  • Жағымсыз тармақтарды жазыңыз.
  • Ақылдың алты қалпағы
  • 1-топ:
  • телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды.
  • 3-топ:
  • Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады.
  • 2-топ:
  • Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді.
  • Топтарда бүгінгі сабақ туралы жаңалықтар бағдарламасын жасау қажет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет