Көрнекілік: отбасы мүшелері суреттері, балалар суреттері, киім бетперделері. Ойын шарты


Сұрақтар: 1.Бұл жануарлар қалай аталады? 2.Топтарда не артық? Неге? «Зоологиялық домино» №49



бет16/17
Дата05.10.2022
өлшемі153 Kb.
#151758
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
12.Дидактикалық ойындар-1

Сұрақтар:
1.Бұл жануарлар қалай аталады?
2.Топтарда не артық? Неге?
«Зоологиялық домино» №49

Мақсаты: Балалардың жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін бекіту; ұғымдылыққа, зейін қоюшылыққа баулу.
Ойын ережелері. Кімде-кім өз карточкаларын бірінші болып қойса, сол
жеңімпаз болады. Жүрісті жіберіп алмай, карточканы дер кезінде қойып, мұқият болу.
Ойынның барысы: Карточкаларда жабайы және үй жануарлары бейнеленген. Ойынға төрт адам қатысады. Карточкалардың сурет жағы теріс қаратылып қойылады. Балалар алты алты карточкадан санап алады. Сонан соң тәрбиеші
ойын ережесін түсіндіреді: бір-бірінің қасына тек бірдей карточкаларды қоюға болады. Егер керек карточка жоқ болса, онда ол адам жүрісін жібереді. Егер ойынға қатысушылардың біреуі карточкасыз қалса, онда ол жеңген болып саналады.
Ары қарай оынды карточкаларды араластырып, басқа карточкалар ала отырып, жалғастыру қажет..
«Көкөніс пен жемісті ажырат» №50
Мақсаты: баланың тілін жетілдіру мен дұрыс сөйлеуге, баулуға арналған бұл ойында табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып, жемістердің өсуін,
пісіп жетілуін таныстыру арқылы, логикалық ойлау, білуге құштарлық сияқты
қасиетін қалыптастыру.
Ойын шарты: балалар жемістердің түсін, пішінін және неге ұқсайтынын
сипаттап беріп, өз орнына орналастырады.


«Кім жылдам ойнайды?»ойыны №51
1.Ойынның мақсаты:Үй жануарлары мен үй құстары, жабайы аңдар мен құстардың атын дұрыс айта білуге және есте қалдыруға үйрету.Ойынға керекті заттар:жануарлар мен құстардың суреті.
Ойынның шартты:
Ненің даусы? Не қалай дыбыстайды?- деген сұрақтарға жауап беруге жаттықтыру.
Нелер? Тауықтар, қаздар, қойлар, лақтар.
Үй жануарлары қалай дыбыстайды?(Үй жануарлары қайтеді?).
- Қой маңырайды.
- Сиыр мөңірейді,т.б.
Не калай дыбыстайды?деген сұрақты балаларға қайта қойған кезде, олар дыбыстап көрсетеді,бұл ненің даусы екенін хормен айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет