Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Тақырып және шеберлік. Өз ойыңыз, мысалдар келтірңіз



бет34/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

Тақырып және шеберлік. Өз ойыңыз, мысалдар келтірңіз.

Көне гр. thema («Тақырып»/тақырыптама) сөзі жаңа еуропа тілдерінде тема/тематика түрінде кеңінен қолданыс табуда. Өнертану мен әдебиеттануда аталған термин түрлі мағынада қолданылады, ең бастысы оның ілкі екі мәні. Біріншіден, тақырып деп көркем құрылымның, форма аспектілерінің, тірек амал-тәсілдердің ең маңызды компоненттері аталады.

Тақырып – бүкіл мәтіннің жаны. Тақырып – туындының ең керемет жетістігі. Әдеби немесе публицистикалық мәтіндерді оқымас бұрын, ең бірінші назар аударатын дүниеңіз – тақырып. Тақырып сізді өзіне тартып, жұтынып тұрса, міндетті түрде оқисыз. Өйткені тақырып – тұтас мәтінде айтылатын ойдың кілті. Ал ол кілт сіздің қолыңызға түссе, мәтіннің құлпын ашуға талпынасыз. Кілт алтын бола тұра, құлпы алтын жалатылған не қарапайым темірден жасалған болса, құлыпты ашпай-ақ лақтыра саласыз. Мысалы; макалада такырып айкайлап туру керек, ит адамды емес, адам итты капты деген сиякты.



  1. Теңдік Жауыровтың шығармашылығы

Жауыров Теңдік Жауырұлы 1934 жылы 13 сәуірде Атырау қаласы Томарлы ауылында туған. Танымал журналист-қаламгер, академиялық доцент.
Гурьев педагогикалық училищесін және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін үздік дипломмен (1957 ж.) бітірген.
Еңбек жолын облыстық «Социалистік құрылыс» (қазіргі «Атырау») газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. Әр жылдары Атырау облыстық партия комитетінде баспасөз жөніндегі нұсқаушы баспасөз жөніндегі нұсқаушы және бөлім меңгерушісі Журналистер одағы облыстық ұйымы басқармасының төрағасы, халықаралық саяси-апталық «Түркістан» газетінің Батыс аймақтағы меншікті тілшісі (1996-1997), «Ар-честь» (Сахара) және «Вечрний Атырау-Атырау ақшамы» гзеттері Бас редакторының бірінші орынбасары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті журналистика бөлімінде оқытушы қызметтерінде болған.
«Аудан ақиқаты және жұмысшы село тілшілері» (1977), «Каспий құдаң емес» (1996), «Мұнай тарихы», «Таумыш» (1999), «Атырау әзілқойлары» (2002), «Жер кіндігі» (2003), Атырау ақын-жазушыларының 100 томдығында, «Желідегі ағын» (2006) атты ғылыми-зерттеу, деректі публицистикалық кітаптары жарық көрген. Теңдік Жауырұлы тұңғыш Атырау энциклопедиясы авторларының бірі.
«Құрмет Белгісі» орденімен, «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Ерлік еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамтомасымен және басқа да көптеген Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1994).
18 билеті ГОХА



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет