Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


«Мен қандай кітап оқып жүрмін?» ой-толғау



бет30/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

3.«Мен қандай кітап оқып жүрмін?» ой-толғау.
Мен Мұхтар Әуезовтің Абай жолы кітабын оқыған болатынмын. Әрине соңына дейін емес, бірақта бір оқығанда түсініп оқысан керемет туынды. Жалпы «Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақ халқының тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты.
Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді.
«Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Абай жолының» бас кейіпкері - Абай. Біз ақынның өмірінің елу жылына айғақ боламыз. Абайдың адам, азамат, ақын ретінде қалыптасуы сол жарты ғасыр ішіндегі қазақ қоғамының барлық саласындағы өмірдің барлық ойы-қыры, қия-қалтарысымен өріле суреттеледі. Абай арқылы өткен ғасырдың екінші жартысындағы және осы ғасырдың басындағы бүкіл халық тіршілігін, оның көп бұралаң тағдырын, ой-арманын, мақсат-мүддесін, күрес-тартысын... бәр-бәрін түгел шарлап өтеміз. «Халық» дегенде, бұл ұғымның негізінде ұлттың әдет-ғұрпы ғана емес, ұлттық рухы жататыны сөзсіз. Демек, «Абай жолында» кешегі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі рухы сайрап білініп тұр.
15 билеті ЖАКОН

  1. Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамытудағы БАҚ-тың рөлін қалай түсінесіз.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ, ағылш. Mass media) — арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы ттехникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор.БАҚ-тың білімдік қызметі азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді. Əрине, ол толыққанды, жүйелі, арнайы оқу орындарында берілетін ғылымды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен де, қазіргі қоғамда адам өз өмірінің әр кезеңінде білімнің басым көпшілігін осы БАҚ арқылы алады. Еліміз егемендікке қол жеткізгелі бері әлемдегі саяси, экономикалық, қоғамдық орынға ие болды. Дүние жүзіне мәдениетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды таныту үшін де БАҚ-тың теңдессіз үлесі бар. Қазақстанның әлемдік өркениет алдындағы экономикалық, мәдени және әлеуметтік жағынан дамуы үшін оларды танытатын БАҚ маңызы айрықша. Қазіргі дәуір қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаһандық соғыс қазір күштілер қару саналатын баспасөздер арасында жүріп жатыр. Сондықтан, БАҚ-тың жүйелі әрі сапалы жұмыс істеуі ең өзекті мәселе.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет