Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар



бет29/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

Әбіш Кекілбаевтың публицистикасы.

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

  1. Кешегі Кеңестік журналистика мәселелері мен бүгінгі журналистиканың өзекті салалары.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Бас­па­сөз күніне орай «Қазақстан жур­налистикасы: өзекті мә­селе­лер» тақырыбында дәстүрлі дөң­гелек үстел өтті. Заман талабына сай журналист мамандарын сапалы дай­ын­дауды тиімді жүргізу мақсатында бас қосқан отырысқа еліміздегі бұ­қаралық ақпарат құралдары­ның басшылары мен белгілі жур­налистер, сондай-ақ шетелдік ға­лымдар да қатысқан болатын. «Қазақстанда журналистер дай­ындайтын жоғары оқу орын­да­ры жетерлік. Бірақ, онда қандай сабақтар оқытылады, оны кімдер оқытады деген мәселе ең маңызды. Журналистика тек бір мамандық ретінде ғана қаралып келе жатқандықтан, қазір біз қолданып жүрген оқу бағ­дар­ла­масының дұрыс еместігін, көп­теген ұстаздардың арнайы ма­ман­данбағанын айтқым келеді. Сондықтан мерзімді баспасөз, телерадио журналистикасы, интернет немесе виртуалды журналистика деген үш мамандық ретінде қарастырылса, ұтымды болары сөзсіз»На­ма­залы Омашев деді өз сөзінде. «Айқын» газе­ті­нің бас редакторы Нұртөре Жү­сіп журналистика факультеттерінде екінші шет тілі оқытылса деген ұсынысын ортаға салса, «Нұр Астана» газетінің бас ре­дакторы Ғабит Мүсіреп қазақ тілін тереңдете оқытудың маңыз­ды­лығына мән берді. Қазақстандағы журналис­ти­ка­ның тағы бір кем тұсы – спорт журналистерін дайындайтын ар­найы мектептің жоқтығы екен­дігін өз сөзіне арқау еткен Несіп Жүнісбай арнайы спорт журна­листерінің аздығынан осы сала­ның дамуы баяу екенін, ал «Астана» журналының бас ре­дак­то­ры Мақсат Тәж-Мұрат бүгінгі күн­де билік пен БАҚ-тың ара-жігін ажырата алмай жүрген­ді­гі­міз­ді тілге тиек етті. Саяси институттар жүйе­сін­де­гі БАҚ тақырыбы кеңінен тал­қы­ланған басқосудың соңы А.Сейдімбек атындағы журна­лис­тердің бильярдтан турниріне жалғасып, кеш турнир жеңім­паз­дарын ан­ықтаумен аяқталды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет