Журналист шеберлігіне қойылатын талаптар мен міндеттер.
Бүгінгі таңда журналистерге қойылатын талаптар – бұрынғыдан әлдеқайда қатаң. Заман ағымына сай кез-келген жағдайға бейімделе алмайтын, сөзге шорқақ адам журналистика саласында табан тіреп тұра алмайды. Бәсекеге төтеп бере алатын білікті, білімді, шебер маман ғана тұрақты қызмет ете алады. Біріншіден, таза шығармашылық талаптарға қоса, журналист жаңа техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс істей алуы керек. Екіншіден, оның денсаулығы мен психологиясы орнықты болуы керек. Журналистің шығармашылық шеберлігі қатып қалған қағидаға байланысты қалыптасып, дамымайды. Дегенмен, төмендегі жайттарды ескерген ләзім:
1. Тақырып таңдай білу. Баспасөздегі әр материал журналист қозғаған ойдың, пікірдің шынайы айғағы. Сондықтан да, журналистің тақырып таңдай білуі – өмір құбылыстарының қандайына айырықша назар аударатынын, нені маңызды деп білетінін аңғартады. «Тақырып – өнер туындысының іргетасы» десек, журналистің танымын, идеялық тұрғысын анықтайтын айғақтың бірі деп те қарауға болады. Қарабайыр, жаттанды емес, тың әрі өзекті, оқырманның көкейінде жүргенді дөп басып, тақырып таңдаған журналист әрқашан ұтады.
2. Журналистің тіл шұрайлылығы логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы шарт. Публицистикалық жазбаларының тақырыбына, мазмұнына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолдана білудің және қажетті құрылымдарды пайлалана алудың өзіндік үлкен мәні бар.
3. Дерек және шындық. Шындықты айту, кемшілікті сынау журналистің басты мақсаты болғандықтан, әрқашанда нақты дерекке сүйеніп, шындықты бұрмаламауы тиіс. Журналист қоғамдық пікірді тудырып, қалыптастырушы болғандықтан, ақиқаттан алшақ кетпеуі абзал. Замана шындығын дәлме-дәл көрсетуші ретінде журналист уақыт пен дәуір талабынан шығуы тиіс. Кез-келген журналист аудиториямен қарым-қатынас орнатуда, өз білімін толықтыруда, кеңес беруде, бағыт-бағдар көрсетіп, ойларын талқыға салуда жаңа, жетілген деректерді ұсынғаны жөн.
4. Тапқырлық шеберлігі. Журналист сөз етер кейіпкер өмірі, тәлімі мен іс-әрекеті, оқиғаның мазмұны мен идеясы оқырманның қызығушылығымен бағалануы тиіс. Демек, баршаға белгілі, бірақ ешқандай қызығушылық тудырмайтын кейіпкерден, оқиға желісінен гөрі, беймәлім, әлі көпшілікке таныс емес, алайда өмірі таңғажайып оқиғаларға толы адам тағдырын іздеп, көрсете білу керек. (70- Ақпараттық жанр (журналистика) – газет бетіндегі матермалдар мен радио-, телеэфирінің 50 пайызынан астамын құрайтын журналистикадағы басты жанрлардың бірі. Оған хроника,шағын және кеңейтілген ақпараттар, сұхбат, есеп, суреттеме, репортаж жатады. Бұлардың бәріне қойылатын талаптар ортақ. Ақпараттық жанр дәлелдер мен дәйектерден тұрады және оның құрамында әдеби көркемдеуіш құралдар қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |