Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


«Менің шығармашылық әлемім» тақырыбында эссе



бет21/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

«Менің шығармашылық әлемім» тақырыбында эссе.

Американдық жазушы, әрі философ Ричард Бах былай деген екен: «Кез келген адамның арманы оны жүзеге асыратын күш-жігердің шегінде беріледі». Шындығында, бұл тезис менің де өмірімнен орын алды. Әрине, әрбір адамның өзінің балалық шақтан аңсаған армандары болады. Сол балалық шақтағы арман бізді үлкен өмірге жетелейді және өмір сүруге деген талпыныс береді. Толыққанды өмір сүруге деген талпыныс болса, барлық армандарыңды өз күш-жігеріңмен жүзеге асыруға әбден болады деген жылы сезім жүрегімізге ұялайды. Меніңші, сол арман деп отырғанымыз қызығушылықтың арқасында пайда болады. Шыр етіп дүние есігін ашқан беттен-ақ балада түрлі қызығушылықтар оянады. Қызығушылықтардың оянуына қоршаған орта өз әсерін тигізеді. Қоршаған орта дегеніміз не?! Ол, әрине, табиғат ана! Айналаңа көз салсаң, өзіңді қоршаған табиғаттың әдемілігіне таңқаларсың. Табиғат ананың сұлулығын әрине сөзбен әспеттеп жеткізу қиын, сондықтан сырлы қалам бояуына жүгінесің. Менің алғашқы қызығушылық әлемім де сол сурет өнерінен бастау алды. Өзімнің ұлы сөздің сиқырымен жеткізе алмаған бейнемді сырлы қаламның күшімен бағындырдым.
Өмір – үлкен мектеп. Біздің мына жарық дүниеден аларымыз да, үйренеріміз де мол. Өмірде түрлі жағдайларға тап боламыз. Әрине, әрбір жағдай біздің көңілімізге қаяу салады немесе жұбатады. Мұндай жағдайда адамзат кеудесі керемет бір сиқырлы әлемге немесе аласапырын дауылға айналғандай бір күй кешеді. Сол сәтте адам баласы ол күшті немен жеңуіне болады? Әрине, бұл сұраққа жауап беру, кімге болса да қиынға соғары сөзсіз. Менің келесі бір қызығушылық әлемім осы сұраққа мынадай жолмен жауап беруіммен толыға түспек. Әдеби өлеңдер оқу және өз шығармашылығымды қыл қалам және ақ қағаз көмегімен шыңдау – менің қызығушылық әлемімнің бір қыры. Егер менің кеудем керемет бір сиқырлы әлемге немесе аласапырын дауылға айналғандай бір күйге кенелсе, мен жоғарыда аталған қызығушылық әлеміме ерік беремін.
Жалпы алғанда адам баласы тек бір ғана қызығушылықпен шектеліп қалуы мүмкін емес. Ол – бүгінгі жаңа әлем талабы. Яғни, адам бойында бірнеше қызығушылық байқалуы әбден мүмкін жайыт. Мен жоғарыда аталған қызығушылықтарымнан басқа таңғажайып тамашаларға толы әлемге саяхаттауға, дереті фильмдер көруге, әлемдегі керемет физикалық құбылыстармен танысуға асықпын. Осы жағдайға байланысты «Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл», дейді халқымыз.Журналистика – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденісті талап ететін сала. Бұл өткен дәуірде, қазіргі кезде, келешекте де өз құндылығын жоғалтпайтын мамандық.
Олай дейтініміз, алыс-жақыннан ақпарат алмай томаға тұйық өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан журналистика мамандығы үнемі ізденісте болуды, жаңарып, жасарып отыруды қажет етеді. Қатаң қағидаларға, даңғаза ұрандарға бой ұрған ақпарат сол мезгілдің қалауына сай келгенімен өміршеңдік қуатынан айырылып қалады. Оған мысал: кеңестік кезеңдегі қызыл ұранға толы жасанды ақпараттарды айтсақ жеткілікті. Журналистика дегеніміз - баспасөздерде жылт еткен жаңалықтарды жазумен ғана шектелмейді. Жалпы ауқымы әлдеқайда кең әрі күрделі. Мәселен, дүбірлі дүниенің әр шалғайында болып жатқан жағымды, жағымсыз ақпараттар, өз еліміздің әр өңіріндегі елең еткізерлік хабарлар, тарихи танымдық шығармалар, әлеуметтік-саяси ой-толғаулар, жол сапарлар, мәдениет пен өркениет жауһарлары болып жалғасып кете береді. Өткен ғасырларда халық тек қана газет, радио, толық кемелденбеген телеарналар арқылы ғана өз қажетін қанағаттандырып отырды. Ал біз жасап отырған қазіргі қоғамда космостық тың жүйелер арқылы таратылатын, көрсетілетін ақпараттар озық технологиялар арқылы барлық адамдар үшін қызмет ете бастады. Ол біз көріп, біліп, қолданысқа енгізіп отырған интернет саласы. Келешекте бұдан да озық, тың жобалардың біздерді күтіп тұрғаны сөзсіз. Біз соған сақадай сай болуымыз керек. Жалпы журналистика саласы көп біліммен қатар жаңа ақпараттық технологияларды толық меңгеруді бізден талап етеді. Менің ойымша, журналистика мамандығын таңдаған студенттер өз кәсібіне өте адал болуы керек. Сонымен қатар қағазы мен қаламы арқылы қорғансызға пана болып, әділеттілікті жақтағандары жөн. Қоғамдағы болып жатқан жетістіктермен қатар келеңсіздіктерді аямай жариялаудан адасып қалмағаны жөн. Дей тұрғанмен, тың ақпараттарды жариялаған кезде дерек пен дәйек толық болуы шарт. Елден, көшеден естіген жалаң сөздерге сеніп жаза берсе ондай жаңалықтардың көк тиындық құны болмайды. Бір елді немесе бір адамды негізсіз қаралай берсе, жала жапса басы пәлеге қалуы мүмкін. Біз осыған абай болуымыз керек. Ақпарат әділ таразы болып, адам мен қоғам үшін кіршіксіз қызмет етсе ғана біз көздеген мақсаттарға жете аламыз.
Баспасөздерде (газет- журналдарда) қазақ тілінің грамматикасына, жинақылыққа, емле дұрыстығына, тақырып қоюға үлкен шеберлік қажет. Ал радио-телевизия саласында қызмет атқаратындар әр сөзінің дұрыстығына әрі тұнықтығына, тұлғасы мен әлпетінің сәйкестігіне айрықша назар аударуы тиіс. Тағы бір айтайын дегенім: осы мақаланың алдыңғы тұстарында журналистика адам мен қоғам үшін адал қызмет ету керек дедік қой. Бұл біздің ұстанатын жолымыз, адастырмайтын темірқазығымыз болса ғана көздеген мақсатқа жетеміз. Қорыта айтқанда, білікті журналист болу үшін біз көп оқып, көп біліп жалпы жаңалық атаулыны дәлме-дәл, боямасыз, шындықты ту етіп халыққа жеткізу арқылы ғана мәреге жете аламыз. Сол үшін біз әрқашан сергектік, қағылездік, дәлдік, тездік қағидаларынан көз жазып қалмасақ болғаны. 
10 билеті АСЫЛАН



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет