«Журналистік әдеп және баспасөз» тақырыбында жазба жұмысы.
Адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттері жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғам жөнінде өзара қарым-қатынас мәселелерін,міндеттрін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.Журналистік этика Этика адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңда жасалмаған тұстарын журналист өзі ақылымен, сана-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналистің де өз борышы болады, соны адал атқару борыш. Әрбір маманның правосы болумен бірге, міндеттері болатынын ұмытпау лазым. Этика әсіресе, адамдық арға қатысты болып келеді. Ар болған жерде, ұят та ұмытылмайды. Ал этикалық нормаларды бұзу адамға абырой әпермейді. Сондықтан журналистке де басқалар секілді этикалық нормаларды сақтау негізгі міндет. Журналистің көптеген праволарымен бірге, кей жағдайда оған да араласуға болмайтын мәселелер кездесуі. мүмкін. Ондайда кеуде қағып, өзімшілдікке салынбау керек. Ал журналист қателік жасап немесе кемшілік жіберсе, кешірім сұрауы тиіс. Ол қалың жұртшылықпен жұмыс істейтіндіктен, оларды өзі де сыйлай білуі керек. Мінезі шыдамды, төзімді болуы қажет. Журналист парасатты жан болғаны жөн. Өз жұмысында қателік жібермеуге тырысатын маман болса жақсы. Әсіресе, материал жинағанда және жазғанда кемшілік жібермеуі керек. Осыдан келіп, журналистің жауапкершілігі пайда болады. Ол арға тимеуі керек. Сол секілді өзі де журналист деген атқа кір келтірмей жүруі тиіс. Ол халықты құрметтеп, езі де жұрттың алғысын алуы жөн. Журналист творчестволық тұлға ретінде басқалардан ерекше қасиеті бар жан. Ол өзгелерге өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жауапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет
№9 билеті МАДИНА