Өтепберген Әлімгерейұлының публицистикасы
Өтепберген Әлімгереев 1949 жылы 26 мамырда Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. 1972 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң, еңбек жолын Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында мектеп мұғалімі боп бастайды. 1973 жылдың 15 мамырында «Атырау» (Атырау облыстық) газетіне жұмысқа шақырылған. Алматы Жоғары партия мектебін тамамдаған. 1990 жылдан бері Атырау телерадио компаниясында Бас редактор боп жұмыс істейді.
Әдеби туындылары 1966 жылдан бері түрлі газетжурналдарда жарияланған. Алты әдебипублицистикалық кітаптың, «Күй – күмбез», «Асау Тұрлан» атты кітаптардың авторы. Махамбет, Асан Қайғы, Жиренше шешен, Мұрат, Бала Ораз, Мақаш әкім туралы зерттеулер жазған.
Қазақстан Журналистер одағы мен Орталық табиғат қорғау қоғамы сыйлығының үш дүркін (1980, 1982, 1994), Атырау облысы әкімі белгілеген Махамбет атындағы республикалық сыйлықтың (1996) лауреаты. «Егемен Қазақстан» газеті (1987) мен «Ара» журналы (1980, 1981) конкурстарының жүлдегері.
Өтепберген Әлімгереев 2002-2011 жж аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Гуманитарлық факультеттің журналистика кафедрасында доцент болып қызмет атқарды.
№7 билеті Қ АИДА
Оралхан Бөкеев шығармаларының көркемдік деңгейі.
Оралхан Бөкей - өр Алтайдың аясында туып, өзінің сүйікті оқырмандарына жаңаша көркем сипатпен келген қажырлы қаламгер. Ол – қазақ прозасына романтикалық сарын, өзіндік философиясын қоса ала келген дарын иесі. Жазушы шығармашылығы туралы алыс – жақын шетел жазушыларынан бастап, қазақтың маңдай алды жазушылары, сыншылары бір сыпыра жазды.
Оралханның әлеуметтік - философиялық, әсіресе философиялық ойларының терең іздері оның хайуанаттар жайлы жазған бірді-екілі шығармаларынан айқын көрініс тапты. Әсіресе, адам мен табиғат арасындағы байланысты суреттейтін әңгімелерінде жазушының ерекше таланты таныла түсетіндей. Әлемді толғандырып отырған табиғат экологиясымен қатар адам экологиясы, рух дағдарысы құрбанына айналған дала еркелерінің халі «Кербұғы», «Бура» әңгімелерінде көркем баяндалған.
Оралхан Бөкей – жазушы, драматург. 1969 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1965-1968 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын (Большенарым) ауданында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар» газетінде) әдеби қызметкер, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде (1988-1984), «Жұлдыз» журналында (1974-1983) бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары (1983-1991), 1991-1993 жж. осы газеттің бас редакторы болды.
Достарыңызбен бөлісу: |