Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Сағат Әшімбаев – публицист, сыншы



бет16/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

Сағат Әшімбаевпублицист, сыншы.

Аса көрнекті әдебиет сыншысы, жалынды публицист, мемлекет және қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев 1947 жылы 1 мамырда Алматы облысы, Райымбек ауданында дүниеге келген. 1965 жылы мектепті алтын медальмен бітірген соң ҚазҰУ-ң филология факультетіне оқуға түседі. 1970 жылы университетті аяқтаған кезде ол әдеби ортаға көркем де жатық, салауатты сын мақалаларымен танылып қалған қаламгер болатын. Еңбек жолын 1969 жылы «Жас алаш» («Лениншіл жас») газетінде әдеби қызметкерліктен бастаған ол кейіннен әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді.

көркем шғарманың өзәне тән эстетикалық әсер ләззаты болатыны сияқты сынның да өз эстетикасы барын саралайды. Сыншы жазушыны да, қың қауым оқушыны да ойлантып, толғантуға, өз пікіріне сендіріп, илантуға, ойлай білуге үйретуге тиісті екенін зерделейді. «Өнерге өліп-өшкен шынайы сүйіспеншілік жоқ жерде сын да жоқ,» –дейді А.Пушкин –осыдан таратсақ сынның аты шындық та, заты –сүйіспеншілік. Өйткені, достық сын жек көруден емес, сүйіспеншіліктен туады. Сондықтан да сынның аты ащы болғанымен, заты тұщы, демек, шын мәніндегі сын шындыққа сүйіспеншіліктен ғана туады», –деп ойын өрбіте түседі С.Әшімбаев («Сыншыл ой сипаты»). Сөйтіп, сынды үлкен өнер тұтып, осы жолда барлық мүмкіндігін сарп етуді көздемеген адамнан сынға еш уақытта пайда келмейтіндігін тұжырымдайды.


Сонымен сын – белгілі бір шығарманы, болмаса күрделі бір әлеуметтік, әдебиеттік проблеманы тағлымы мол толғаудың, сара жолмен саралаудың үлгісін көрсететін , сондай-ақ бардың парқын, жоқтың нарқырн анықтап беретін сөз өнерінің тұрпаты бөлек, тұғыры биік өзгеше бір тірі екен. Яғни, сын дегеніміз – объектісін, эстетикалық, әлеуметтік, философиялық тұрғыдан талдай отырып, оқушыны ордалы ойға шақыратын орамы мол ойдың жанры екен. Сөйтіп, сын, сыни шығарма қай кезде де қоғамдық-әлеуметтік ойдың жаршысы, философиялық-эстетикалық ойлаудың шырқау шыңы болған кезде ғана шынайы өнер шығармасы қатарынан орын алады екен.


Сын туралы сөз қозғағанда Сағаттың қазақ сыншыл көркем ойдың ірі қайраткері, өзінің ұстазы Мұхаметжан Қаратаевқа деген ықылас ілтипаты бөлек. Сыншының публицистикалық пафос пен философиялық ой тереңдігіне толы сыни еңбектерін қазақ әдебиеті тарихының жекелеген қомақты тараулары екендігін айтып, «ол еңбектер туған әдебиетіміздің өрісін, өскенін, жалпы тынысын танытатын сыни көркем шежіре іспеттес» – дейді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет