Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


«Журналистің ақпарат алу және тарату шеберлігі» тақырыбында жазба жұмысы



бет12/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

«Журналистің ақпарат алу және тарату шеберлігі» тақырыбында жазба жұмысы.

проблемаларды танып, көтеру;
- журналистік зерттеуді жүргізе білу;
- шығарманы өңдеу;
- тілдік, стильдік тұрғыдан сауаттылық;
- сапалы мәтін жазу;
- журналистік этика мәселелерін меңгереді.
Шығармашылық ізденістер журналист кәсібінің негізі болып табылады.
Шеберлік мәселесінің қоғамның барлық саласын қамтитын журналистикадағы алар орны ерекше. Заман өскен сайын, біліміміз де байып, өзгеріп, өрлеп, жаңарып, жасарып келеміз.
Жаңалық жаршысы – журналистика өзгеден оқ бойы озық тұруды, болашақты болжап, қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі кәсіби журналист дегеніміз – қажетті, маңызды ақпаратты дәл уақытында ала білген, көкейкесті проблемаларды дер кезінде жедел көтеріп, шешілу жолдарын көрсететін, экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге қатысты татымды ой, пікір айта алатын журналист. Мұның бәрі тек журналистік шеберліктің қыр – сырын меңгергенде ғана жүзеге асырылатын шаралар болып табылады. Ақпарат жинаудың түрлі әдіс – тәсілдері болады. Журналистикада небір жарқын үлгілері бар қарапайым әрі тиімді әдіс сұхбаттан бастап, сауалнамалық сұрақ – жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық тест т.б. әдістерді журналист сауатты пайдалана білуі тиіс. Журналистің жазу шеберлігі, теледидардағы өзін - өзі ұстауы, радиодағы сөз саптауы қашанда жоғары талап үрдісінен көріне білуі тиіс.

6 билеті Е АРУЖАН



  1. Сейдахмет Бердіқұловтың спорт журналистикасы.

Қазақ баспасөзінің чемпион қаламгері
Қазақ спорт жур­на­лис­ти­ка­сының негізін қалаушы, ел спортын насихаттауға телегей-теңіз еңбек сіңірген, қазіргі Қазақстан спорт басылымдары қауымдастығының алғашқы президенті, 1966 жылы – Лон­донға, 1970 жылы Мексикаға барып, фут­болдан әлем чемпионаты жайлы қалам тартқан алғашқы қазақ. Сейдахмет Бердіқұлов (1933 – 1994) – жазушы, публицист, журналист. 1933 жылы 9 мамырда Алматы облысындағы Жамбыл ауданының Қарақастек қыстағында дүниеге келген. 1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1965–1970 жылдары – «Қазақстан пионерінің» редакторы, 1970–1986 жылдары – «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986–1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болды.

...Ғажап! Футбол дүбір салған көктем тағы келді. Күн жылыды, жер көгерді. Адам­­зат біткен алақандарын жайып, жан­дарына жылу жинай бастады. Мал төлдеді, то­пырақ бусанды, балалар доп қуа бас­тады. Сейдахмет аға ғашық болған футбол ойыны бір жылда жер кіндігін бір айналып, қазақ топырағына тағы келді. Енді сол футболға ерекше ғашық жүректі Сей­дах­мет аға жоқ... Бірақ көктеммен ілесіп кел­ген фут­бол бар. Тәубе. Әлгі футбол қуған мың ба­ланың арасында Сейдахмет ағасын оқыған бір түйір бала болса болғаны! Жаңа ға­сырдағы қазақ футболының жа­уын­­гер­леріне Сейдағаңдай, Тұмағаңдай ұлтын сүйген үлкен жүректі жандардың арман-тілегін аманат етіп сол жалғыз түйір бала-ақ жеткізеді, бұйыртса!


...Оу, футбол келді тағы да! Сейдахмет аға атындағы жүлдеге қаламгер атаулы шап­­қылайтын футбол додасы келді! Ма­мырдың 7-9-ы аралығында осы доданың бе­­сігі болған Алматыда сол футбол бәсе­ке­­сі тағы да дүрілдеп өтіп жатыр. Қайран Тұ­­мағам-ай, көктеммен бірге құлпыратын да­ла гүліндей өлмейтін өлең жазған екен­сіз-ау, «Футбол келдідей»! Олай болса, сіз де тұрыңыз, Сейдешіңізді ертіп алып, ор­та­­мызға келіңіздер. Футбол алаңының ас­па­ны сіздердің рухтарыңызбен нұрланып тұрсын, Ардақтыларым!
...Сейдахмет Бердiқұлов ғажап жур­налист, тамаша жазушы, ерекше ұлтжанды қа­­ламгер болатын. Әсiресе футболды ерек­ше жазды Сәкең. Футбол туралы қа­ла­мы­мен теңдессiз өрнек салып, жаза алған Сә­кеңнiң мол мұрасы қанша ақтарса да жа­лықтырмайды. Сонау бұлт ас­тын­дағы Мек­си­кадағы болсын, мынау мұ­нарға оранған Ұлыбританиядағы болсын, әлем­дiк футбол додасын Сәкең қазақы көзбен, қа­зақы сөзбен, қазақы жүрекпен жазған кез­де жанарыңа жас үйiрiледi. Қандай той­ды да көретiн көз көп, куә бо­лар көкiрек сан­сыз, бiрақ соны са­насында қорғасындай ерi­тiп, көрмегенге көргендей етiп жеткiзетiн жа­зудың жампоз шеберi Сәкең, Сейдахмет ағамыз едi.
1994 жылы Халықаралық спорт ба­сы­лым­дары қауымдастығының (AIPS) Ман­чес­терде өткен ел VII конгресіне ба­рып қайттым. Келген бетте Дүрәліні ер­тіп, ауыр халде жатқан Сейдағаңа бардым. «Аға, Манчестерден келдім, Тәуелсіз мем­лекет ретінде Қазақстан спорт жур­на­лис­тері атынан AIPS-тің жиынына қатысып кел­дім» дедім. Жалт қарады, көзі от ша­шып, жайнап кетті. Іле-шала көзінен жас шы­­ғып кетті. «Жеттік пе, соған да ай­на­ла­йын» деп ағыл-тегіл жылады. Мен де өзім­ді ұстай алмадым, көзден жас пар­лады. Сейдағам сондай елін сүйген ер еді...
Шіркін-ай, тірі болғанында Сейдахмет аға­мыз бүгін 80-ге толар еді. Сейдахмет аға 61-ақ жыл өмір сүрді. О, өмір-ай, ке­зінде Сәкең маған өлмейтін адамдай кө­рінуші еді. Киімнің жақсысын киді, сұлу­дың жақсысын сүйді (Күлатай жеңгемізді ай­­тамын. – Н.Ж.), еркін, еркелей өмір сүрді, творчество ләззатын бір адамдай-ақ тат­ты... «Жалған дүние» деген рас екен, аяқ астынан ауырып, мойын бұрғызбай алды да кетті Жаратқан Алла. Ер жігітке 61 жас деген не тәйірі?! Бүгінде біздің өзіміз Сейдахмет аға келген жастан асып кеттік. Ойлап отырсам, Сейдағаңдар сол кезде келген жасымен емес, еткен еңбегі, жеткен биігі, білім-парасатымен ел ағасы бола білген екен-ау! Бүгінде қазақта «нағыз шал жоқ», «абыз ақсақал аз» деп жатамыз ғой, сол секілді жастар аузына қарайтын ел ағалары да азайып кетті. Кезінде солардың бірегейі менің ұстазым Сейдахмет Бер­ді­құлов болатын. Рухыңнан айналайын, қазақ баспасөзінің чемпион қаламгері, жазушы, қайраткер, мәңгілік ұстазы Сейдағаң, Сейдахмет Бердіқұлов!



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет