Қаламгер шығармашылығы мен шеберлігінің әдеби сынға әсері.
Қазақ әдеби сынының теориясы мен қолданбалы мәселелері, әдеби талдаудың, әдеби шығарманы сынаудың әдіснамасы, сыншының талдау және бағалау шеберлігі, сыншы шығармашылығының көркемдік және эстетикалық болмысы туралы қазақ әдебиеттануында қолға ұстап, қажетке жаратқандай арнайы зерттеу бүгінге дейін жүргізілген емес. Бұл ретте әдебиет сыншысының жолын таңдаған жанның арнайы әдеби білімімен қатар эстетикалық танымы мен талғамы, теориялық дайындығы, әдеби шығарманы талдау және бағалау шеберлігі аса маңызды екендігінде сөз жоқ. Тиянақты әдеби білімі жоқ кісі өмірде көргендері мен білгендерінің негізінде ақын немесе жазушы ретінде еңбектеніп, қатардан озбаса да, көштен қалмай жүре беруі мүмкін. Сында жай да, жағдай да басқа. Әдебиет саласында терең теориялық білімі жоқ жан сын сарайының ішіне кірмек түгіл, оның қақпасын қағуға да жарамайды. Сыншыда әдеби-теориялық терең білімге қоса әдеби-эстетикалық талғам-таразы болуы шарт. Талғам-таразы қалам ұстаған қайраткерлердің бәрінде де болуы ықтимал. Сыншының әдеби-эстетикалақ талғам-таразысы – өзгеше талғам, өзгеше таразы. Ол әдебиеттің тарихы мен теориясы саласындағы терең білім жарығымен анықталып, соның таразысымен өлшенеді. Бұл жерде басқа мөлшер, өзге өлшем жоқ. Ал әдеби шығарманы талдау шеберлігі мен бағалау тұрғысы дегенде, тек қана сыншы шеберлігі, сыншы тұрғысы туралы ғана айтуға блады. Әдеби сынның дамуы, әдебиет сыншысының кәсіби қалыптасуы үшін осы қасиеттер мен олар туралы әдеби ойлардың бәрі де маңызды. Алайда сын саласында мұндай ізденістер үшін соқпақ болмаса, айдау жол болған емес. Сыншы мұзды мұхит төріндегі мұзжарғыш секілді әдеби сындағы бағыт-бағдарын өзі анықтады, мұзды өзі жарды, мұхитты өзі кешті, әдеби талдауларын өмірден, әдебиеттің тарихы мен теориясынан тапқан білімдері мен біліктеріне, шығармашылық ізденістері мен эстетикалық нысаналарына сай жасап, өздігінше жол тапты.
«Журналистің сұхбат алу шеберлігі» тақырыбында жазба жұмысы.
Сонымен қатар тағы бір ескеретін жағдай сұхбат жанрындағы әлемдік тәжірибе көрсеткендей оның жақсы шығуының өзі көптеген шартқа байланысты, мысалы, журналист өз жұмысын қаншалықты деңгейде меңгергеніне, редакция талаптарының қаншалықты нақты екендігіне, әңгімелесушінің дайындығына байланысты болуы мүмкін. Журналист сұхбат берушіден тыңдарманның аузынан естігісі келген сұрақты қоюға құқылы. Телесұхбатта маңызды, қызықты ақпаратты тек шақырылған кейіпкер бере алатынын ұмытпау керек. Сондықтан журналист керек кезде өз жоспарын өзгертіп отыруға, сұхбат барысын мұқият қадағалауға мүмкіндігі бар. Мысалы, «жоспардағы» сұраққа әңгіме барысында жауап беріліп қойса, ол сұрақты алып тастағаны жөн. Әңгіме қызығына кіріп кетіп, сұхбат беруші тақырыптан ауытқып кетуі де ықтимал. Сол үшін журналист керек кезде сұхбат берушіні тақырыпқа бағыттап отырғаны абзал.
Журналистің кәсіби шеберлігі сұхбат барысында елеулі рөл атқарады. Тележурналист сұхбаттасушы тұлғаның эмоциясын, қойылған сұрақтарға реакциясын толық сезінумен қатар жауаптарын да мұқият қадағалап, негізгі тақырыптан ауытқыған жағдайда сыпайы түрде басты арнаға салып отыруы қажет. Себебі, эфир уақытын үнемдеу және көрермен қауымның арнайы бөліп отырған уақыт зая кетірмеу, маңызы төмен бос әңгімеге жол бермеген абзал.
Жалпы сұхбат беруші белгілі бір қайғы-қасірет шеккен жандар болса, апатты еске түсіргісі келмеуі, ешкіммен тілдеспей оңаша қалғылары келуі мүмкін. Ондай жағдайға да журналист құрметпен қарауға тиіс. Сонымен қатар қайғысын өзгелермен бөліссе жеңілдеп, шерін тарқатып алатын адамдар да кездеседі. Осындай жайлардың бәріне журналистер асқан сезімталдықпен қарап, алдын ала болжап отырулары қажет. Көрермен де өз кезегінде осындай қасіреттерді тікелей болмаса да олармен жанама түрде бөлісетіндігін естен шығармауға тиіспіз.
Оқиға өтіп жатқан өңірден сұхбат жүргізіліп жатқан болса, тақырыпқа қатысты мәселенің бейне түсірілімдері алдын ала дайындалғаны тиімді. Мұндай материалдар сұхбатты қызықты ете түсумен қатар кейбір маңызды тұстарын ешбір түсініктемесіз-ақ аудиторияға өзі жеткізеді.
Проблема көтерген сұхбат барысында журналист респондентінің айтқан сөзін, жасаған мәлімдемесін шындықтың шыңырау шегі деп қабылдаудан сақтануы қажет. Тіпті ол ресми тұлға болған күннің өзінде ол ақиқаттың жалғыз жаршысы емес. Журналист аудиторияның яғни, халықтың өкілі екендігін ұмытпауға тиіс. Сол себептен алдын ала жасалған зерттеулерге сүйене отырып, көрерменнің білгісі келген барлық сауалдарын дөп басып сұхбат беруге қоя білгені дұрыс.
Телесұхбатты жүргізгенде журналистен кәсіби шеберлік, терең білім мен біліктілік, эфир мәдениеті талап етіледі. Жазылымдық (запись) сұхбат кезінде кеткен қателіктерді монтаждауға, жөнге келтіруге болады. Ал, тікелей эфир кезінде журналист үшін ондай мүмкіндік жоқ. Сонысымен де зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, көрермен қауым эфирдегі бағдарламаның тізгінін ұстап отырған тележурналистің кәсіби шеберлігіне, білімі мен пайымына, жеке мәдениетіне қарап тек тұлғаның өзіне ғана емес, күллі телевизия ұжымына баға береді және қазіргі заманның қоғамдық талабын түсінеді, үлгі өнеге алады.
Сұхбат алатын адамыңызбен алдын ала танысыңыз.
Киім-киісіңізге аса мән беріңіз.
Сұхбат алуға жалғыз келегеніңіз дұрыс.
Келіскен уақыттан кешікпей келуге тырысыңыз.
Көрісу барысында жымыюды, сұхбат алушы адамыңыздың көзіне тіке қарауды, танысқаныңызға қуанышты екеніңізді біліріп, қол алысуды ұмытпаңыз.
Бағынышты адамның рөлін ойнамаңыз.
Қашанда өзіңізді сұхбат беруші адаммен бірдей дәрежеде ұстаңыз.
Ол жайында жылы лебіздер білдіруді ұмытпаңыз
Кейіпкердің жетістіктері жайында үлкен мақтанышпен сөйлеңіз.
Байқампаз болыңыз.
Әрдайым оған деген сенімділік, сыпайылық танытып отырыңыз.
Қоштаспастан бұрын жымиып, өткізілген сұхбат үшін алғысыңызды білідруді ұмытпаңыз.
№5 билеті САЛТАНАТ