Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Әзілхан Нұршайықовтың публицистикалық шығармашылығы



бет6/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

Әзілхан Нұршайықовтың публицистикалық шығармашылығы.

Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданына қарасты Келінсүйегі, кейін Мұқыш ауылы деп аталған елді мекенде туған.

"Туған жылым ескіше ит жылы екен. Оны жақындарымның бәрі біледі. Бірақ қай айда, қай жылы туғаным ешкімнің есінде жоқ. Ит жылы жаңаша 1922 жыл. Соғым екі кезде сойылады екен: байлар – ноябрьде, кедейлер декабрьде соятын болса керек. Мұны есейген кезде әкемнен сұрап білдім. Әкем кедей кісі болған. Ендеше мен декабрьде туғанмын. Декабрьдің қай кезі - басы ма, ортасы ма, әлде аяғы ма? Басында да, аяғына да жақын ортасын алайын. Осылай деп есептеп, ес білгеннен кейін 1922 жылы 15 декабрьде тудым деп жазатын болдым", - деген қаламгер естелігінде.


Нұршайықов найман руының бура бұтағынан шыққан.


Әзілхан Нұршайықов 1941-1945 жылдары Қызыл әскер қатарында соғысқа қатысты. Өлеңдері мен әңгіме, очерктері майдан кезінде республикалық, облыстық газеттерде басылды.

Әкесі Нұршайық 1943 жылдың күзінде Полтава маңындағы Зубково деген қаланың түбінде неміс-фашист басқыншыларына қарсы Украина жерін жаудан азат етіп жүріп қаза тапты. Соғыста жүргенде қарындасы Мәлике тұрмысқа шыққан.


Әзілхан Нұршайықов соғыстан кейін оқуын жалғастырып, Қазақ мемлекеттік университетін 1949 жылы бітірді. Оқу кезіндегі жылдар туралы қаламгер "Махаббат, қызық мол жылдар" романында баяндайды.
Әзілхан Нұршайықов 1953-1979 жылдары қазіргі "Ұлан" газетінің бөлім меңгерушісі, қазіргі "Егемен Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болған.

Журналистік қызметпен қатар әдеби жұмыспен айналысты. Жазушының шығармашылық стилі біртіндеп қалыптасып, көзі тірісінде 40-тан астам кітап шығарды. Оның ішінде "Алыстағы ауданда" (1956 жылы), "Тың астығы" (1958 жылы), "Ертіс жағасында" (1959 жылы), "Жомарт өлке" (1960 жылы), "Махаббат жыры" (1964 жылы), "Махаббат қызық мол жылдар" (1970 жылы), "Ақиқат пен аңыз" (1976 жылы), "Екі естелік" (1985 жылы), "Өмір өрнектері", "Қаламгер және оның достары" (2000 жылы), "Мәңгілік махаббат жыры" (2005 жылы) еңбектері бар.Әзілхан Нұршайықов соғыс жылдарында "Әскери күнделік" жүргізген. Ол соғысқа барған күнінен елге оралғанша соғыс жайын, сол кезеңде майданға бірге аттанған жолдастарының қазасы туралы жазып отырған. Ал қаламгердің "Ақиқат пен аңыз" романында Кеңес одағының батыры Бауыржан Момышұлының жарқын бейнесі суреттелген. "Момышұлы әскерден босап, Алматыға келгенде мен Павлодарда қызметте болатынмын. "Бауыржан отставкаға шығыпты", "Бауыржан пәленшеге былай депті" деген сияқты ұзынқұлақ хабарларды естігеніміз болмаса, көпке дейін онымен жүздесу сәті түспеді. Алайда мен қиын күндерде пір тұтқан адамым болғандықтан жүрегімдегі оған деген сонау солдат кезінің ыстық сезімін суытпай сақтап жүрдім. Оның үстіне Момышұлының "Біздің семья", "Жауынгердің тұлғасы", "Москва үшін шайқас" атты кітаптары бірінің соңынан бірі шығып, менің оған деген сүйіспеншілігімді бұрынғыдан да арттыра түсті. Момышұлын бұрын командир ретінде құрметтесем, енді жазушы ретінде және жақсы көре түстім", - деген жолдар бар еңбекте.


Әрі қарай журналист ретінде Бауыржан Момышұлымен сұхбат құруға хабарласқанын, алғашқы кездесу мен әңгімелесу барысын баяндаған.


Әзілхан Нұршайықов шығармашылықтағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін ІІІ дәрежелі Даңқ ордені, ІІ дәрежелі "Отан соғысы" ордені (1944 жылы), "Құрмет белгісі" (1956 жылы), "Халықтар" (1984 жылы), "Парасат" (2005 жылы), "Отан" (2010 жылы) ордендерімен, "Ерен Еңбегі үшін" (1943 жылы) секілді медальдармен марапатталды. 1980 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлық, 1990 жылы Қазақ КСР халық жазушысы атағы берілді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет