Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


«Қазіргі қазақ баспасөзі мәселелері» тақырыбы бойынша жазба жұмысы



бет3/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

«Қазіргі қазақ баспасөзі мәселелері» тақырыбы бойынша жазба жұмысы

Уақыт ілгерілеген сайын ақпарат құралдары сала-салаға бөлініп, жаңа кеңістіктерге аяқ басуда. Соның ішінде сан ғасырлық тарихы бар баспасөз саласының орны ерекше. Бұрынғыдан бәсеңсіген шығар, артқан шығар, кім біледі?! Бірақ баспасөз ұлттың үні, рухтың жыры болып қала береді. Форматы, халыққа жету жағы өзгеруі мүмкін. Бәрі бір мазмұндық, талдамалық тұрғыда ешбір ақпарат көзі газетті басып озған жоқ. Басқа дерек көздері сол газетке сілтеме жасайды. Ал күндердің күні газет керек болмай қалса, ұлттың тірі екеніне күмәнданар едім. Осыдан бір ғасыр әріде пайда болған қазақ басылымдарының ағартушылық маңызы күшті болса, қазір де солай деуге болады. Демек заманға сай жан-жақты тұлға болып қалыптасуға үндеп, жаһандану заманында бәсекеге қабілетті ұлт болудың маңызын жағы талмай насихаттап отырған қазақ руханиятында орны бар басылымдар әлі күнге өз миссиясын атқарып келе жатыр деуге болады. Дегенмен интернеттік сайттар қатты дамыған кезеңде газеттердің аз оқылатыны бар. Бірақ газет-журналдар қате мәлімет кетіп қалса, дереу өзгерте салатын сайттар емес. Оған басылғанның бәрінде жауапкершілік болады, қате кеткен жағдайда түзеуге мүмкіндік жоқ. Рухани айналымдағы баспасөздің, басылымның рөлі ешқашан маңы­зын жоймақ емес деп айта салу, әрине, оңай. Әйткенмен, қандай басылым болсын, оқыр­ма­нымен бай. Қазір адамдардың санасы қалың ұйқыға кете бастаған. «Әдеби басылымдар тек сол қаламгер қауымға, әдебиетшілерге, әде­биеттің айналасында жүргендерге ғана керек» деген түсінік қалыптаса бастады ма де­ген де қорқыныш бар. Буындар арасындағы сабақтастық үзілмеуі тиіс қой. Ол үшін мектеп жасынан бастап-ақ жастарды басылымдарды оқуға мәжбүрлеу керек сияқты көрінеді. Мектепте оқып жүргенде қазақ тілі мен әде­биеті пәнінен сабақ беретін мұғаліміміз мек­теп бағдарлмасындағы тапсырмаларды сұрап та, одан кейін кластағы балаларды қосымша ақпарат құралдарын оқуға «мәжбүрлеп» те үл­­гере­тін. Мәжбүрлеу дегеніміз қалай сонда? Әр аптаға бөлек тапсырмасы бар. Сегізінші класқа дейін «Ұлан», «Балдырған» секілді га­зет-журналдарды «қинап» оқытты. Одан кейін­гі бір аптада «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Жалын» секілді басылымдарға көз жүгіртуге «мәжбүрледі». Сондағы тапсырмасы мынаған саяды: «Не ұнады?» Сабақта, айталық, «Қазақ әдебиетіндегі» кез келген ұнаған өлең, әңгіме, тіпті болмаса мақала жайлы ойыңмен бөлісесің. Оқымай келгендерді түрлі салыстырулармен сынайды. Сынағанда сүйегіңнен өткізеді ғой. Ал енді оқымай көр. Содан да болса керек, қазір Таразда темір-терсектің қасында жүретін бір досым үнемі дүңгіршектерден сол мектепте мұғалім талап ететін газет-журналды сатып алып жатады… Қазір ондай ұстаздар жоқ шығар… Жалпы, әлемі де, әдебі де әдебиеттен алыс­тамаған басылымның күші ешқашан кемімек емес. Өйткені ондай баспасөздің мис­сиясы біреу: қоғам санасын ояту. Рес­ми басылымдардағы мақалаларға зейін қойып жататын билік қазақ руханиятының жоқ­шысына айналған басылымдарға да бас ауыртса дейсің кейде. Өйткені тобырлық санаға биліктің айтқаны заң ғой… Бүгінде әдеби басылымдардан бөлек жалпыұлттық, қоғамдық-саяси деген статусы бар басылымдар да әдебиеттің айналасынан табылып, тамаша жазбалармен жұрттың жүрегінен жол тауып жүр. Олардың қатарында «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш» газеттері бар. Ел ішінде Жүсіпбек Қорғасбек, Амангелді Кеңшіліктің, жастардан Бағашар Тұрсынбайдың жазған дүниелерін сөз қылып жатқандарды жиі естиміз. Соған қарағанда, сіз айтқан рухани айналымдағы басылымдардың рөлі мықты авторларына да байланысты шығар.

2 билеті ГУЛНАЗ





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет