Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Шерхан Мұртазаның редакторлық, басшылық қызметі



бет10/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

Шерхан Мұртазаның редакторлық, басшылық қызметі

Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза (2 қыркүйек 1932 жыл, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылы − 8 қазан 2018 жыл, Алматы) — жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). Дулат руының Шымыр тармағынан. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955).
1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы.

1990 жылдан - Ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту жөніндегі комитет мүшесі.


1994 жылдан - Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитет мүшесі, Мәдениет, баспа, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитеттің мәдениет, әдебиет және өнер бөлімдік комитетінің төрағасы.


ҚазКСР Халық депутаты (1990-1993). ҚР Жоғарғы Кеңесінің (1994-1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым (1999-2004) депутаты.


1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.


1995 жылдан - шығармашылық жұмыспен айналысуда.


1996 жылдан - «Егемен Қазақстан» газетінің қызметкері.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет