Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


«Менің қиялымдағы ертеңгі қазақ журналистикасы» тақырыбы бойынша ой-толғау



бет24/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

«Менің қиялымдағы ертеңгі қазақ журналистикасы» тақырыбы бойынша ой-толғау.

Жалпы-Журналистика – қиындығы мен қызығы қатар жүретін, көп ізденісті талап ететін сала. Бұл өткен дәуірде, қазіргі кезде, келешекте де өз құндылығын жоғалтпайтын мамандық.
Олай дейтініміз, алыс-жақыннан ақпарат алмай томаға тұйық өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан журналистика мамандығы үнемі ізденісте болуды, жаңарып, жасарып отыруды қажет етеді. Қатаң қағидаларға, даңғаза ұрандарға бой ұрған ақпарат сол мезгілдің қалауына сай келгенімен өміршеңдік қуатынан айырылып қалады. Оған мысал: кеңестік кезеңдегі қызыл ұранға толы жасанды ақпараттарды айтсақ жеткілікті.
Журналистика дегеніміз - баспасөздерде жылт еткен жаңалықтарды жазумен ғана шектелмейді. Жалпы ауқымы әлдеқайда кең әрі күрделі. Мәселен, дүбірлі дүниенің әр шалғайында болып жатқан жағымды, жағымсыз ақпараттар, өз еліміздің әр өңіріндегі елең еткізерлік хабарлар, тарихи танымдық шығармалар, әлеуметтік-саяси ой-толғаулар, жол сапарлар, мәдениет пен өркениет жауһарлары болып жалғасып кете береді.
Өткен ғасырларда халық тек қана газет, радио, толық кемелденбеген телеарналар арқылы ғана өз қажетін қанағаттандырып отырды. Ал біз жасап отырған қазіргі қоғамда космостық тың жүйелер арқылы таратылатын, көрсетілетін ақпараттар озық технологиялар арқылы барлық адамдар үшін қызмет ете бастады. Ол біз көріп, біліп, қолданысқа енгізіп отырған интернет саласы. Келешекте бұдан да озық, тың жобалардың біздерді күтіп тұрғаны сөзсіз. Біз соған сақадай сай болуымыз керек. Жалпы журналистика саласы көп біліммен қатар жаңа ақпараттық технологияларды толық меңгеруді бізден талап етеді.
Менің ойымша, журналистика мамандығын таңдаған студенттер өз кәсібіне өте адал болуы керек. Сонымен қатар қағазы мен қаламы арқылы қорғансызға пана болып, әділеттілікті жақтағандары жөн. Қоғамдағы болып жатқан жетістіктермен қатар келеңсіздіктерді аямай жариялаудан адасып қалмағаны жөн. Дей тұрғанмен, тың ақпараттарды жариялаған кезде дерек пен дәйек толық болуы шарт. Елден, көшеден естіген жалаң сөздерге сеніп жаза берсе ондай жаңалықтардың көк тиындық құны болмайды. Бір елді немесе бір адамды негізсіз қаралай берсе, жала жапса басы пәлеге қалуы мүмкін. Біз осыған абай болуымыз керек. Ақпарат әділ таразы болып, адам мен қоғам үшін кіршіксіз қызмет етсе ғана біз көздеген мақсаттарға жете аламыз.
Баспасөздерде (газет- журналдарда) қазақ тілінің грамматикасына, жинақылыққа, емле дұрыстығына, тақырып қоюға үлкен шеберлік қажет. Ал радио-телевизия саласында қызмет атқаратындар әр сөзінің дұрыстығына әрі тұнықтығына, тұлғасы мен әлпетінің сәйкестігіне айрықша назар аударуы тиіс.
Тағы бір айтайын дегенім: осы мақаланың алдыңғы тұстарында журналистика адам мен қоғам үшін адал қызмет ету керек дедік қой. Бұл біздің ұстанатын жолымыз, адастырмайтын темірқазығымыз болса ғана көздеген мақсатқа жетеміз.
Қорыта айтқанда, білікті журналист болу үшін біз көп оқып, көп біліп жалпы жаңалық атаулыны дәлме-дәл, боямасыз, шындықты ту етіп халыққа жеткізу арқылы ғана мәреге жете аламыз. Сол үшін біз әрқашан сергектік, қағылездік, дәлдік, тездік қағидаларынан көз жазып қалмасақ болғаны.
12 билеті ҰЛЖАН



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет