Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


«Егемен Қазақстан» газеті журналистерінің тақырып қою шеберлігі



бет26/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

«Егемен Қазақстан» газеті журналистерінің тақырып қою шеберлігі.

Газетіміздің биылғы жылғы бірінші нөмірінде «210 932!» деген тақырыппен жарияланған кіріспе іспеттес мақаланың ізін интернет-сайт арқылы қуалап жеткен комменттер авторларының бірі ойын тап осылай: «Жақсы көрсеткіш. Бұл – елдіктің белгісі!» деп білдіріпті. Көрнекілеп көрсетілген осы айшықты көрсеткішке байланысты біздің де тұжырымымыз осындай. Сондықтан осы мәтінді тақырыпқа шығардық. Бұл жерде «көрсеткіш» деп отырғаны­мыздың нендей нәрсе екенін осы мақаладан хабары бар оқырман бірден біле қойған шығар деген ойдамыз. Әңгіме газетіміздің биылғы жылғы таралым саны жөнінде болып отыр. Иә, «Егемен Қазақстан» 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап 210 932 дана тиражбен тарала бастады. Бұл – біздің еліміздің газеттері тарихында бұрын-соңды болмаған жоғары көрсеткіш. Екі жүз мыңдық межеге 2011 жылы жеткен еліміз­дің бас басылымы содан бері таралым санын жыл сайын сатылап өсірумен келеді. Ал биыл ол, тіпті, күрт көтеріліп, 210 мыңның үстіне бір-ақ шықты. Әлбетте, мұнда газетімізді жаздырып алу дәстүрінен айнымаған, сонымен бірге, қатары ұдайы толығып отырған оқырман қауымның еңбегі орасан зор. Осының өзі, расында, біздің елдігіміздің бір көрінісі тәрізді. Мұндай рухани жетістікке береке-бірлігі жарасқан, тату-тәтті елде өмір сүріп жатқан халық қана жете алса керек. Аталған мақалаға пікір қосушылар мұны да лайықты бағалай біліпті. Оқырмандар талқысынан еліміздің әр аймағындағы баспаханаларда газеттің қаншалықты мөлшерде басылып шығатыны да тыс қалмапты. Керек десеңіз, осының өзі де шын жанашырлықты танытады. Сондықтан бұған да сүйсіне қарағанымызды жасыра алмаймыз. Ал біз өз тарапымыздан сіздердің сүйікті басылымдарыңызды бұрынғыдан да тартымды, танымды, тағылымды, оқылымды ете түсу жолында қалам қайратын аяп қалмайтынымызды жеткізгіміз келеді. Енді оқырмандарымыздың мақаламен таныса сала, жөпелдемеде жазып жөнелткен жедел пікірлеріне кезек берейік. Журналист Тамаша табыс. Құрмет «Егемен» қазақ газеттерінің ішінде өзгелермен терезесі тең биікке көтеріліп отыр. Қазақ елінің патриоттары үшін жаңа жылға сүйіншілі жаңалық. Батырхан Басылым бекерден-бекер «Ел газеті «Егемен» деген атаққа ие болып отырған жоқ. Қашаннан сабырлы да салиқалы пікірімен халықтың сенімінен шығып келеді. Рауан Қашанда халыққа жағымды жаңалығымен танылған газет. Елді жақсы күндерден үміт­­­тендіріп отырады. Сондықтан, халық та жақсы көреді. Гүлзира Елдегі жағымды жаңалық­тар­ды халыққа жедел жариялап отырады. Қара аспанды төндірмейді, сонысы бәрінен жақсы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет