Баспасөздегі мемлекеттік тіл мәселесін айқындаңыз.
Баспасөз— мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз — халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі.Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Конституциясы қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады. «ҚР-дағы тілдер туралы» заң қазақ тілінің статусын көтеріп, оның дамуына заңдық негіз жасады. Қазақ тілі бұдан былай ғылым мен білім, конференциялар мен форумдар, ресми шаралар, қызметтік жиналыстар, корреспонденциялар мен құжаттар, іс-әрекет пен қарым-қатынастар, шетелдердегі дипломатиялық өкілдер қызметі, халықаралық келісім-шарт, ресми қабылдау тілі болуы керек.Осыларды іске асыру барысында жүзделген, мыңдаған баспасөз терминдер пайдаланылатыны белгілі. Аталған шаралардың бәрін орындау үшін ғылымның, техниканың, мәдіниеттің, іс қағаздарының барлық салалары бойынша екі тілді түсіндірме сөздіктер болуы қажет.Бұрыннан белгілі, бірақ басқа саяси жүйеде қабылданған кейбір интернационалдық терминдердің қазақша баламалары қайта қаралып түзетілді. Жаңадан таңдап алынған халықаралық және орыс терминдеріне қазақ тілінің бай лексикасынан олардың мазмұнын дұрыс және дәл ашатын, мәні мен мазмұны бірдей баламалар берілді.
Қазақ баспасөзіндегі ұтымды айдарлар мен тұрақты беттерді атаңыз.
ХХ ғасырдың басында арнайы салалық басылымдар, оның ішінде білім, ғылым саласына арналған басылымдар көптеп шығып тұрды. Мәселен, «Қазақстан мектебі» - ҚазССР оқу министрлігінің ғылыми-педагогикалық журналы 1925 жылдың тамыз айынан бастап, ай сайын шығып тұрған. 1925-1933 жылдары «Жаңа мектеп», 1933-1938 жылдары «Ауыл мұғалімі», 1939-1941 жылдары. және 1946-1956 жылдары «Халық мұғалімі» деп аталған. 1960 жылдан бастап «Қазақстан мектебі» болып шыға бастайды. «Қазақстан мұғалімі» – апталық газет, ҚазССР оқу министрлігінің, ағарту, жоғары мектеп және ғылым мекемелер қызметкерлері кәсіп одағы республикалық комитеттің органы ретінде 1952 жылы қарашадан шығып тұрған. «Бастауыш мектеп» – ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал. Алғашқы кезде «Қазақстан мектебі» журналының қосымшасы ретінде шыққан, кейіннен 1994 жылдан дербес басылым ретінде жарық көреді. Ұлттық мәдениетті насихаттаудағы үрдіс 1950-1960 жылдардан бастап қайта белең ала бастады. Қазақ баспасөзінде де тың өзгерістер айқын аңғарылды. Оған дәлел – қазақ халқының ұлттық мәдениетін, дәстүрін насихаттауды мұрат еткен «Мәдениет және тұрмыс» қоғамдық-саяси және әдеби журналдың шығуы. 1958 жылы шілде айында шыққан журнал қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің ұраншысы болды. «Мәдениет және тұрмыстың» алғашқы бас редакторы – М.Дінішев болды. Алғашында «Қызық екен біліп ал», «Иглікті істердің бастамасы», «Ет тағамдары», «Өнер-ғылым жаңалығы», «Естімеген елде көп», «Пайдалы кеңес», «Өнер табысы - өмір ырысы», «Ата-аналарға хат», «Бөбектерге оқып бер» атты айдарлар бойынша танымдық, әдеби-мәдени мақалалар жариялады. Бұл басылым жарты ғасырға жуық осы атаумен шығып, тек 1990 жылдан бастап «Парасат» деген жаңа атпен шыға бастады. Журнал бетінде қазіргі уақытта тарих пен әдебиет, мәдениет пен өнер, руханият мәселелері көтеріледі. Айына бір рет жарық көретін басылымның «Ойтолғақ», «Жаңғырық», «Тарих-тағдыр», «Таным», «Дерек пен дәйек», «Ғұмырдария» «Салауат» т.б. тұрақты айдарлары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |